190
Патогенетикалық еміне дезинтоксикациялық және менингит кезінде дегидратациялық
терапия жатады, аурудың ауыр ағымында асқынуларды алдын алу және олармен күресу
шаралар
тағайындалады.
Менингоэнцефалиттік,
полиомиелиттік
және
полирадикулоневриттік түрлерінде кортикостероидтар белгіленетіні анық. Бульбарлы
бұзылыстар арқылы дамитын жұтқыншақ пен тыныс алудың зақымдануында,
тыныс
алудың жетіспеушілігі қалыптасқанда науқасты өкпенің жасанды вентиляция аппаратына
қосу керек.
Гипоксиямен күрескенде, дымқылданған оттегі мұрын түтігі арқылы жүргізіліп (әр
сағат сайын 20-30 минуттан), гипербарикалық оксигенация қолданылып (10 сеанс қысым
бойынша РО2-0,25 МПа), нейроплегин және антигипоксанттар (натрий оксибутират
немесе седуксен) пайдаланылып, психомоторлы қозуда литийлық қоспа пайдаланатыны
мәлім. Гиперкинетикалық синдромды емдеу үшін,
ноотропил немесе пирацетам
белгіленеді, миоклоникалық ұстама пайда болғанда - натрий оксибутират тамыр ішіне
енгізіледі.
Аурудың реконвалесценция кезеңінде витаминдер В тобындағы, прозерин, дибазол,
антигистаминдік препараттар белгіленеді.
Реконвалесценттер невропатологтардың диспансерлі бақылауында болуы тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: