245
туберкулезі жиі кездесетіні анық. Әрбір екінші науқаста орталық және шеткі жүйке
жүйелерінің зақымдалуына байланысты нервтік және психикалық ауытқулар байқалады.
Мұндай өзгерістерге әкелетін тек қана адамның иммунитет тапшылығын шақыратын
вирус қана емес, оның «одақтастары» - криптококтар, токсоплазмалар, герпес вирустары
және тағы басқаларының да үлесі бар.
Науқастардың әрбір үшіншісінде қатерлі ісіктер дамиды. Саркомалар - дәнекер
тканнің қатерлі ісігі, глиомалар - жүйке жүйесінің қатерлі ісігі,
лимфомалар - лимфа
жүйесінің қатерлі ісігі, меланомалар - пигмент клеткаларының қатерлі ісіктерінің даму
мүмкіндігі жоғары деңгейде. Осы атап өткендердің ішінде жиі кездесетіні Капоши
саркомасы. Балтыр мен табанның екі аяқта бірдей тері мен беткей орналасқан
тамырларының зақымдалуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: