56
Вегетативті түрі (үлкен):
1.
ұзындығы 30-80 мкм;
2.
қимылдайды;
3.
эритрофаг (10-20 жұтылған эритроциттер);
4.
тек қана ішектік амебиазда жаңа нәжісте анықталады (себебі 30 минуттан кейін
өледі).
Қуыстық түрі:
1.
ұзындығы 10-20 мкм;
2.
аз қимылдайды;
3.
тоқ ішек қуысында мекендейді және созылмалы ағымдағы реконвалесценттер мен
амеба тасымалдаушылардың нәжістерінде анықталады.
Цистаалды түрі:
1.
ұзындығы 12-20 мкм;
2.
аз қимылдайды;
3.
реконвалесценттер мен тасымалдаушылардың нәжістерінде анықталады.
Тыныштық кезеңі:
әртүрлі дәрежеде дамыған цисталар түрінде
1.
өлшемі 9-14 мкм;
2.
реконвалесценттерде созылмалы амебиазда және тасымалдаушыларда анықталады;
3.
өте төзімді болады;
4.
жоғары
температура, кептіру, эмитин ерітіндісі өлтіретін әсер етеді. Басқа
дез.ерітінділерге төзімді.
Эпидемиологиясы.
Антропоноз.
Ауру көзі ауру адам, одан да қауіпті амеба
тасымалдаушылар, созылмалы түрдегі аурулар, реконвалесценттер.
Берілу механизмі – фекальді –оральді.
Берілу жолы – тағамдық, сулы, тұрмыстық-қатынастық.
Берілу факторлары – тағамдық
азықтар -әсіресе көкөністер, жемістер,
сирек
жайма, ыдыс, ойыншықтар. Амебиазға спорадикалық аурушылдық тән.
Достарыңызбен бөлісу: