85
Аурудың 1-ші тәулігінің аяғы мен 2-ші тәуліктің басында розеолезді, көлемі 1-2 мм
бөртпелер шығады. Бөртпелер майда дақты, гиперемияланған тері фонында орналасып,
терінің табиғи қатпарларында айқын көрінеді. Пастиа симптомы тән: механикалық
жарақат болған жерлерде, шынтақ аймағындағы қатпарларда топтасқан эрозиялар
орналасады, олар бөртпеден ұзаққа сақталады, ретроспективті диагноз қоюға көмек
береді. Бөртпенің бетте орналасуы ерекше түрде болады, мұрын үшбұрышы бөртпеден
бос, терісі бозғылт болады. Бұл симптом жәншәулік үшбұрыш немесес Филатов
симптомы деп аталады. Науқастың беті қызыл түсті, ал мұрын үшбұрыш аймағында тері
бозғылт болады, сондықтан Н.Ф.Филатов жәншәу диагнозын науқастың бетіне қарап
қоюға болады деп жазған. Ауруға ақ дермографизм тән, ол тез пайда болып, ұзақ
сақталады. Бөртпенің ұзақтығы-2-4 күн. Аурудың жеңіл ағымында бөртпелер тез
жойылады, ал ауыр ағымда - 1 аптаға дейін сақталады.
Ауруға тілдің өзгерістері тән, таңқурай тәрізіді түсімен сипатталады.
Ауруға ақ дермографизм тән.
Аурудың іріңді және аллергиялық асқынулары болуы мүмкін. Біріншісі
нәрестелерде, ал екіншісі - 2 жастан жоғары балаларда жиі байқалады. Ерте кезеңдегі ең
қауіпті асқыну - инфекциялы-токсикалық шок, ол аурудың басталуынан 3-4-ші күні
дамиды. Тым кеш мерзімде гломерулонефрит, лимфаденит, отит, артрит, миокардит және
синовиттің пайда болуы мүмкін.
Шеткі қанда нейтрофильды лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: