84
көмей дифтериясы кезінде өлім қауіпі жоғары болуы мүмкін.
Әсіресе қосымша
аурулармен (жара ауруы, гипертония ауруы, қант диабеті және т.б.)
азап шегушілердің
арасында бұл қауіп жиі тіркелген.
Алдын алу шаралары
.
Дифтерияның алдын алуының басты әдісі – дифтерияға
қарсы иммунизация шараларын жүзеге асыру. Еліміздегі егу күн
тізбесінің орындалу
мерзімі келесідегідей: біріншілік вакцинация АКДС вакцинасымен 2 айлық балаларға, 1
ай интервалымен жүргізіледі. Бірінші ревакцинация баланың 18 айлығында қайталанады.
Вакцинаның коклюштік
компонетіне аллергия болса, онда АДС анатоксинді қолдану
қажет, ол 3 рет енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста АДС препаратымен 16-17 жаста
АДС-М препаратымен жүргізіледі.
ЖӘНШӘУ (СКАРЛАТИНА, SCARLATINA)
Анықтамасы.
Скарлатина – А тобындағы бета гемолитикалық
стрептококкпен
қоздырылатын, ағзаның улануымен, жедел тонзиллитпен
және ерекше бөртпелермен
сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Аурудың берілу жолы - ауа-тамшылы.
Тарихи мәліметтер.
1847 ж. Т.Бильрот алғаш рет жаралы инфекциялы ұлпадан
патогенді стрептококкты тапқан.
Ауру барлық елдерде қең таралған. Қазақстан Республикасында
аурудың жеңіл
түрлері кездеседі.
Этиологиясы.
Аурудың қоздырғышы А тобындағы бета гемолитикалық
стрептококк. Стрептококктар грам оң, дөнгелек пішінді, моншақ тәрізді тізіліп, сыңарласа
орналасатын бактериялар. 80 серотиптері бар. Эритрогенді токсин түзеді. Сыртқы ортада
тұрақты, дезинфектанттарға төзімді, қайнатқанда 15 мин. жойылады.
Эпидемиологиясы.
Аурудың көзі - скарлатинамен немесе стрептококкты баспамен
ауыратын науқастар. Аурудың негізгі
берілу жолы - ауа-тамшылы, бірақ залалданған үй
заттары арқылы және 3-ші адам арқылы да берілуі мүмкін. Сондай-ақ сүт өнімдері де
берілу факторы болып табылуы ықтимал. Бұл аурумен көбінесе балалар ауырады. Ауру
күз-қыс айларында өршиді. Әрбір 4-6 жылда аурудың өрлеуі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: