210
Pl. falciparum
Қан
0 1
2
3
4
5
Бауыр
+ + + +
Pl. malaria
Қан
0 1
2
3
4
5
Бауыр
+ + + +
Pl. vivax
Pl. ovale
Қан
0 1
2
3
4 5 6 Бауыр
+ + + +
• • • •
•••••••• •••••••• •••••••• + + + +
+ + + + экзоэритроцитаплық шизогония
• • • •
гипнозоидттардың дамуы
паразитемия
Безгек сатылары (Е.П. Шувалова, 1990 ж.)
0 – спорозиоттардың инокуляциясы, 1 – преэритроцитарлық шизогония, 2 –
біріншілік
көріністер фазасы, 3 – қысқа ұстамааралық кезең, 4 – эритроцитарлық
қайталану, 5 – ұстамааралық кезең, 6 – экзоэритроцитарлық қайталану.
211
Тропикалық безгектің жоғары берілу деңгейіне әсер ететін факторлар:
• жоғары температурадағы жеделденген спорогония;
• қысқартылған гонотрофиялық цикл (масаның қан
соруынан жұмыртқа салуға
дейінгі кезеңі t - 30°С-да 2 күн, t - 15°С-да 7 күн);
• қысқартылған маса генерациясы (жұмыртқа салғаннан қанаттануға дейінгі – имаго
кезеңі t - 16°С-да 30 күн, t - 22°С-да 18 күн, t - 24°С-да 15 күн);
• тропикалық климат жағдайда таралуы жыл бойы жүреді, орташа климатта 3 – 5 ай.
Табиғи климатты жағдайға байланысты безгектің берілу жолының әр түрлі деңгейлік
жиілігіндегі ошақтары түзіледі, олар көкбауырлық және паразитарлық индексі арқылы
анықталады (жалпы тексерілгендердің санының пайызына қатынасы).
Эндемиялық ошақтың 4 түрін ажыратады (БДҰ, 1964).
1.
Гипоэндемиялық – көкбауырлық индекс 2 – 9 жасқа дейінгі балаларда 10%-ке
жетеді.
2.
Мезоэндемиялық – көкбауырлық индекс 10-50%.
3.
Гиперэндемиялық – көкбауырлық индекс 50%-тен жоғары болады.
4.
Голоэндемиялық – көкбауырлық индекс 70%-тен жоғары.
Соңғы 2 ошақта жұғу қауіпі өте жоғары, әсіресе тропикалық елдердеі: Африка,
оңтүстік-шығыс Азияда.
Аурудың басқа берілу жолдары:
- парентеральды (шизонтты инфекция) - қанында ұзақ паразиттасымалдаушылығы
субмикроскопиялық деңгейдегі безгек реконвалесцентінен қан құйғанда жұғады. 4 күндік
безгектің реконвалесцентінің паразит тасымалдаушылығы 10 жылға дейін жетеді.
Консервіленген қандағы паразиттің бірнеше күнге дейін тіршілігін
сақтайтынын ескеру
керек. Нашақорлардың піспектері және инелерімен де берілуі мүмкін.
- эпидошақта зақымдалған плацента арқылы немесе босану кезіндегі жұғу қаупі де
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: