Күйдіргі жағдайының жіктемесі Күйдіргінің тері нысанының (А22.0) болжамды жағдайы қызба мен уыттану және жергілікті немесе таралған ісікпен қоршалған, мына даму кезеңдерінің бірінде бастапқы ауырсыну тері аффектісі болғанда жіті ауру кезінде қойылады:
1) папула;
2) пустула (геморрагиялық);
3) ойық жара (тегіс, түбінде тығыз қара шірік қабыршағы бар, инфильтратты негіздегі, гиперемия шашағымен қоршалған);
4) қара тығыз шірік қабыршақ.
Күйдіргінің өкпе (қабыну/ медиастиналды) нысанының (А22.1) болжамды жағдайы мына белгілердің кемінде екеуі болатын ринореясыз және тамақ ауруымен жіті асқынған ауру кезінде қойылады:
1) өткір қызба;
2) бұлшық еттің ауыруы;
3) уытты-инфекциялық шок белгілері;
4) қан тамырішілік диссеминацияланған ұю белгілері және мына белгілердің кемінде үшеуімен сипатталатын, айқын білінген тыныс жетіспеушілігі болатын, тез дамитын асқынған геморрагиялық өкпе қабынуы болғанда:
өкпе ісігі;
кеуденің ауыруы («плевритті»);
өкпе инфильтраттары (рентгенограммадағы клинкалық белгілер және/немесе өзгерістер);
плевральды сарысу;
қанды қақырық;
медиастинальды лимфатүфіндердің ұлғаюы (рентгенограммадағы көкірек орталығының кеңеюі).
Күйдірігінің ішек (абдоминальды) нысанының (А22.2) болжамды жағдайыөткір қызба, уытты-инфекциялық шок пен диссеминацияланған қан тамырыішілік ұю және мына белгілердің кемінде үшеуі болғанда жіті асқынған ауру кезінде қойылады:
1) іштің қатты ауыруы;
2) қанды диарея;
3) қанды қақырық;
4) асцит.
Ауыз-жұтқыншақ (орофарингеальды, ангиозды) нысанының (А22,8 – күйдіргінің басқа нысандары) болжамды жағдайы ауыз-жұтқыншақта өткір қызба мен уытты-инфекциялық шок және ауыр ойық-жара-некротиялық процесс (бастапқы аффект) бір жақты және мына белгілердің кемінде біреуі болғанда жіті асқынған ауру кезінде қойылады:
1) мойынның айқын білінген бір жақты немесе екі жақты ісігі;
2) мойын лимфадениті.
Күйдіргінің барлық клиникалық нысандары үшін ықтимал жағдай болжамды жағдайдың анықтауға сәйкес келгенінде және мыналардың бірі болғанда қойылады:
1) науқастың ауырғанға дейін екі апта ішінде күйдіргі бойынша қолайсыз аумақта (адамдардың немесе жануарлардың күйдіргімен науқастану жағдайлары тіркелген жерлерде) болуы немесе тұруы;
жануарлармен контактіде болуы немесе ауыратын жануарларды бөлшектегенде қатысуы;
жеткілікті деңгейде термиялық өңделмеген етпен тамақ дайындау және пайдалану;
мал шаруашылығы өнімдерін сатуға, тасымалдауға және қайта өңдеуге қатысу;
ауыл шаруашылығы жануарлары болатын (болған) үй-жайды немесе аумақты тазалауға қатысу;
ірі қан сорғыш жәндіктердің (сона сияқты) шағуы;
жер жұмыстарына немесе басқа да топырақпен байланысты жұмыстарға қатысу;
2) күйдіргі бойынша қолайсыз аумақтарға әкелінген жануарлардың етімен немесе терісімен контактіде болу;
3) расталған күйдіргі жағдайымен эпидемиологиялық байланыс;
4) вакциналанбаған адамдардағы тері аллергиялық сынаманың нәтижесі оң болғанда;
5) жағындыны микроскопиялық зерттеу кезінде ірі грам «оң» (спора- және/немесе капсула тәрізді) таяқшалардың табылуы.
Күйдіргінің барлық клиникалық нысандары үшін расталған жағдай кем дегенде мына нәтижелердің бірін алумен тиесілі клиникалық материалды (пустулаларды, шірік қабыршақтың тінді материалы, тері немесе эндоскопиялық биоптат, цереброжұлынды сұйық, плевралды сұйық, қақырық, қан, құсық немесе нәжістер) зерттеу кезінде қойылады:
1) Bacillus anthracis бөлу,
2) ПТР нәтижесі оң болғанда;
3) серологиялық зерттеулердің (ИФА, Вестерн Блот, уыты айқындау, хроматографиялық зерттеу, флюоресценттік антиденелер әдісі) нәтижесі оң болғанда.