Қазақстан республикасында Н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз.
Бруцеллездің жіктелуі (Н.Д.Беклемишев, 1957)
Латенттік бруцеллез: біріншілік-латенттік және екіншілік-латенттік
Жедел бруцеллез: жеңіл, орташа ауыр, ауыр ағымы
Баяу немесе жеделдеу бруцеллез: жеңіл, орташа ауыр, ауыр ағымы
Созылмалы бруцеллез: біріншілік–созылмалы және екіншілік
созылмалы (декомпенсация, субкомпенсация және компенсация сатысы).
Бруцеллездің қалдықтары.
Е.С.Белозеров (1985), К.Б.Құрманова, А.Қ.Дүйсенова (2002) ұсынысы бойынша бұл жіктелуге тағы да бір түрін енгізу қажет, себебі эндемиялық аймақтарда бруцеллезге қарсы иммунитеттің әлсіздігіне байланысы ауруды қайтадан жұқтыру жағдайлары жиі кездеседі.
Қайталанған бруцеллез (суперинфекция және реинфекция).
Достарыңызбен бөлісу: |