Дәріс 12. Сөйлеу тілінің темпо-ритмикалық бүзылысы: Брадилалия. Сөйлеудің жылдамдығының бұзылуына брадилалия мен тахилалия жатады. Сөйлеудің мұндай бұзылыстары әр түрлі деңгейде байқалады: жеңіл, орташа, ауыр. Ауыр түрінде қатынас процесі бұзылады. Себептері: психогендік, соматикалық, зияндыәдеттер.
Брадилалия – сөйлеу жылдамдығының патологиялық баяулауы. Термин bradus- баяу, lalia - сөйлеудеген грек сөздерінен шыққан. Брадилалия өзіндік жеке бұзылыс ретінде сонымен қатар психикалық аурулардың кейбір түрінде байқалуы мүмкін.
Брадилалияның белгілері (симптомдары) әртүрлі: ішкі және сыртқы (экспрессивтік) сөйлеудің баяулауы, оқу мен жазудың процестерінің баяулауы, дауысы бір қалыпты, сөздердің арасындағы үзілістердің (паузаның) баяулауы немесе ұзаруы, дыбыстарды созып айтуы. Балаларфразаныбөліп, буындағы дыбыстарды созып айтады. Мұнда сөйлеу айналасымен қатынасты қиындатады. Аталған белгілерсөйлеудің әр түрінде байқалады: диалогтік сурет бойынша әңгіме құрауда, мәтінді оқығанда, мазмұнын айтуда. Оқу кезіндегі мәтінді көріп қабылдауы сөйлеудің жылдамдығына әсерін тигізбейді. Балалар сөздерді дұрыс айтады, бірақ баяу, сөзді, фразаны да баяужазады.
Брадилалияның сөзсіз белгілеріне тән: жалпы саусақтардың ұсақ моторикасының, беттің бұлшықеттерінің бұзылуы байқалады, қимылдары баяу, солғын, көлемі толық емес. Психикалық процестерінің ерекшеліктері байқалады: қабылдаудың, зейіннің ойлаудың баяулығы. Нұсқауды бірнеше рет қайталағаннан кейін орындайды. Персеверацияға бейімділігі бағдарлаудың жеткіліксіздігі байқалады.