-
сынып. Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: Ө ө әрпі мен дыбысы.
Сабақтың мақсаты: Ө ө дыбысының дауысты екені анықталып, жазба түрін меңгеру;
Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрауда сөздерді тақырыпқа сай таңдауға, сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасауға үйрену.
Күтілетін нәтиже:
А. Ө ө дыбысының жазбаша жазылу түрін үйренеді, таспа түрімен салыстыра алады;
В. Берілген сөздерді оқып, оған буындық, дыбыстық талдау жасап, оны еркін түрде мәлімдей алады;
С. Берілген сурет пен тапсырмаға қарап, істелетін жұмысты ойлап табады және қорытынды жасай алады.
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
2 мин
|
І.Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру. Сыныппен сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
|
Оқушылар орындарынан тұрып сәлемдеседі.
|
|
5мин
|
Тренинг. Топқа бөлу. «Молекулалар» тренингі.
«Атом» дегенде оқушылар араласып, қозғалады, ал «Молекула- 3» дегенде 3-еуден топтасады. (Айтылған санға байланысты топтасады)
(Жаңа әдіс- тәсілдер, көшбасшылық)
|
Оқушылар тренингті орындау нәтижесінде 4 оқушыдан топқа бөлінеді.
|
|
5 мин
|
ІІ. Тұсаукесер бөлімі. «Постер» әдісі.
Суреттер арасынан ә дыбысы кездесетін сөздерді қоршап сыз.
(Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, көшбасшылық, АКТ)
|
Тақтаға шығып, жұмыстарын қорғайды.
|
Флипчарт, маркер
|
18мин
|
ІІІ. Негізгі бөлім.
-
Оқулықпен жұмыс.
1.«Ой қозғау» стр.
«Өрікте»- сөздің басында,
«Бөрікте»- «б- ның» қасында.
Бұл қай әріп, көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
2.«Өрмекші» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3.Сөздерді оқу.
4.Мәтінді оқу, түсіндіру. Дәмді, тәтті сөзін түсіндіру.
5.Тапқышбектің тапсырмасы: о- ө әріптерінің өзара жуан, жіңішке дыбыстар екенін түсіндіру.
6.Суретке қарап және тірек сөздерді пайдаланып, «Жемістер» тақырыбында әңгіме құрау.
-
7.Тапқышбектің тапсырмасы. Логикалық тапсырма. (Қандай тапсырма берілгенін өздері табады және шешуін айтады, яғни ғ, ң, ж әріптерін қалдырылған жерге қойып айтады)
-
2.Сергіту сәті.
Музыка арқылы сергіту.
3. Дәптермен жұмыс.
( дарынды және талантты балаларды оқыту).
|
Ө әрпі және дыбысымен танысады.
Сөзге дыбыстық талдау жасайды.
Сөйлем құрап айтады.
Тапқышбектің тапсырмасын нұсқауға сай орындайды.
Дәптердегі сабаққа байланысты берілген жазбаларды жазады.
|
Әліппе оқулығы.
Ө ө әрпінің таспа түрі және үлкен, кіші жазба таңбасы
Түсті бояулар
|
3 мин
|
ІҮ. Қорытынды бөлім.
-
«Маған көрсет» әдісі.
Сөздер тізбектелген сөйлем берілген, олардың ішінен дұрысын таңдап алу керек. Мен 3-ке дейін санап болғанда, әрбір сөйлем үшін дұрыс сөз жазылған сөйлемнің нөмірін саусақтарыңмен көрсетесіңдер. Бір сөйлемді бір рет талқылаймыз.
2.Бағалау. (Оқушылардан топтағы оқушыларды бағалауын сұраймын. Әр әрекеттен соң оқушыларға мадақтау айтылады.(ОүБ )
|
Дұрыс сөйлемді тауып, көрсетеді.
Бірін- бірі бағалайды.
|
|
2 мин
|
Кері байланыс. Смайликтер арқылы кері байланыс.
|
Смайликтер арқылы сабақты түсіну деңгейлерін көрсетеді.
|
Смайликтер
|
Достарыңызбен бөлісу: |