V ТАРАУ. ТРАНСМИССИВТІ ЖӘНЕ ГЕМОКОНТАКТЫ ИНФЕКЦИЯЛАР
Эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы
Синонимдері: битті бөртпе сүзегі, әскер сүзегі, аштық сүзегі, европалық сүзегі, түрме қызбасы.
Анықтамасы. Эпидемиялық бөртпе сүзегі – Rickettsia prowazekii қоздырғышымен шақыралатын, жайылмалы пантромбоваскулитпен, циклдік ағымымен, қызбамен, розеолезді-петехиальды бөртпемен, жүйке және жүрек-қан тамыр жүйелерінің зақымдануымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Тақырыптың маңыздылығы. Бұрын бұл ауру әлемнің барлық елдерінде тіркелген. Бөртпе сүзегі әсіресе соғыс кездерінде қатты өршіген. Қазіргі кезде эпидемиялық бөртпе сүзек тұрақты түрде Африка және Латын Америкада кездеседі. Еуропада, Солтүстік Америкада, бұрынғы Совет Одағының құрамында болған республикаларда Брилль ауруы кездеседі. Қазіргі жағдайда 40 жасқа дейін адамдарда ауруға қарсы иммунитет жоқ, себебі бұл адамдар ауру қоздырғышымен кездескен жоқ. Сондықтан, аурудың қоздырғышын бактериологиялық қару ретінде қолданса ауру эпидемия түрінде таралады.
Достарыңызбен бөлісу: |