Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет33/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Тарихи мәліметтер. «Дизентерия» термині Гиппократ дәурінен бері белгілі, ол барлық ішек ауруларының 2 топқа бөлген: іш өтуімен сипатталатын диареяға және негізінен іш ауруымен ерекшелінетін дизентерия деп (грекше «des» - бұзылу, зақымдалу, «еnteron» -ішек). Ертеде дизентерия кең таралған және эпидемиялық сипатта болған. XVIII ғасырда дизентерияның пандемиясы болғанын жазып кеткен. Дизентерияның алғашқы қоздырғыштары ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында белгілі болған. (Раевскии А.С., 1875 ж., Шентемесс Д., Видаль Ф., 1888 ж.) Кубасов П.И., 1889 ж., 1891 ж. әскери дәрігер А.В.Григорьев дизентериядан өлген адамның организімінен грам-теріс микроорганизмдердіy бөліп алып, қояндарға тәжірибе жасау арқылы олардың морфологиясын және патогенділігін зерттеді. 1889 ж. жапон ғалымы К.Шига осы қоздырғыш туралы кейбір жаңа мәлеметтер ашты.
Этиологиясы. Бактериальды дизентерияның қоздырғышы - шигелла туыстығына жататын қозғалмайтын грам-теріс микроорганизмдер. Қазіргі жіктелуі бойынша шигеллалар 4 түрге бөлінеді: 1) Sh.disеnteгіае - бұған Григорьев-Шига, Штуцер-Шмитц және Лардж-Сакс бактериялары кіреді. 2) Sh. fIexneri - бұл түрдің ішіне Sһ.newcastle кіреді, 3) Sh.boydii, 4) Sh. Sonnei. 3онне шигелласынан басқа әрбір түрі бірнеше серовардан тұрады. Шигеллалардың қабырғасының құрамына эндотоксиндер-белокті-липосахаридті комплекс кіреді. Шигеллалардың құрамында эндотоксин бар, ол интоксикация белгілерін тудырады. Шигеллалардың экзотоксин түзу қабілеттігі бар, олардың ішінде энтеротоксин және цитотоксин бар. Энтеротоксин ішек құысына су мен электролиттің түзілуіне себеп болады, ал цитотоксин ішектің эпителиальды жасушаларының мембраналарын зақымдайды. Григорьев-Шига шигелласы ең күшті токсин - нейротоксин түзеді. Шигеллалардың О- және К-антигені бар. О-антиген шигеллалардың серологиялық арнайылығын көрсетеді, К-антиген қабықшаның структурасы болып табылады. Соңғы уақытқа дейін шигеллалардың физикі-химиялық фактордың әсеріне тұрақтылығы төмен және олар сыртқы ортаға түскенде тез өледі деп есептелген. Соңғы жылдары сыртқы орта факторлары әсерінен олардың эволюциялық өзгергіштігі нәтижесінде шигелла тұрақтылығы ана-ғұрлым жоғары болғаны туралы мәлеметтер пайда болды. Кейбір жұмыстарда дизентерия бактериялардың құбыр суларда 25-30 тәулік, топырақта жыл мезгіліне орай бірнеше айлар өмірін сақтай алатындығы көрсетілген. Қоздырғыш тұрмыстық заттарда: жиһаздарда, төсек орнында, ойыншықтарда, ыдыстарда, есік тұтқасында т.б. заттарда ұзақ сақталуы мүмкін. Сондықтан, шигеллездің негізгі берілу жолы контактілі-тұрмыстық («лас қолдың ауруы» деп аталады). Шигеллалар дезинфекциялық заттар әсерінен тез тіршілігін жояды, тікелей күн сәулесінде 30 мин. дейін, ультракүлгін сәуледе 10 минутқа дейін тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет