Патанатомиясы. Сальмонеллездің ең жиі кездесетін гастроинтестинальды түрінде ісіну, гиперемия, асқазан ішек жолының шырышты қабатында ұсақ қан құюлулар анықталады. Гистологиялық тексеру кезінде шырыштың көп мөлшерде бөлінуі және эпителийдің десквамациясы, шырышты қабаттың беткей некрозы, қантамырлық бұзылыстар, арнайы емес жасушалық инфилътрация табылады.
Аурудың ауыр ағымында және септикалық түрінде көрсетілген өзгсрістерден басқа, бауырда, бүйректерде және т.б. мүшелерде дистрофия белгілері мен некроз ошақтары байқалады. Көптеген науқастарда морфологиялық өзгерістердің кері дамуы аурудың 3-ші аптасында басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |