Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет48/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Диагностикасы. Сальмонеллездің салыстырмалы диагностикасы жұқпалы аурулардың үлкен тобымен (этиологиясы басқа токсикоинфекциялар, жедел дизентерия, вирусты гастроэнтерит, іш сүзегі, грипп және т.б.), терапевтік (миокард инфаркты, (холецистит, панкреатит) және хирургиялық аурулармен ( жедел аппендицит, жедел холецистит), сонымен қатар, ауыр металлдардың тұздарымен уланумен жүргізіледі.
Сальмонеллез диагнозы ауруға тән клиникалық белгілерінің және лабораториялық зерттеу мәліметтерінің негізінде қойылады. Тиянақты және дұрыс жиналған эпидемиологиялық анамнезді назарға алу керек. Эпидемиологиялық деректерінен сапасыз азық - түлікті қолдануға байланысты, ауруының топтық сипатта болуы маңызды.
Сальмонеллез қалтыраудан, лоқсу, құсудан басталады; эпигастральды және умбиликальды аймақтарда ауру сезімі пайда болады, кешірек көп мөлшерде сулы қара - қоңыр немесе жағымсыз иісті жасыл түсті нәжіс қосылады.
Науқаста сальмонеллезге тән клиникалық, эпидемиологиялық мағлұматтары кешені болғанда және лабораториялық дәлелденсе сальмонеллез диагнозы расталады. Лабораториялық әдістер ішінде бактерологиялық және серологиялық әдістер ең маңызды. Науқастардың нәжісі, құсық, асқазанның шайынды суы, зәр, қан, өт, қабыну ошағыннан бөлінділер, күмәнді азық - түліктер бактерологиялық зерттеледі. Серологиялық әдістер ішінде агглютинация реакциясы және ТГАР қолданылады. Соңғы жылдары науқастың қанында және басқа да биосубстраттардан арнайы антигендерді анықтайтын жоғары сезімтал серологиялық әдістер латекстік агглютинация және коагглютинация ретінде қолданылады.
Емдеуі. Диареялық инфекцияларда тәртіп, және күтім «базисті терапияны» құрастырады, оларсыз ішектік науқасты емдеу қиынға түседі. Ішектік науқасты күтім кезінде санитарлы дезинфекцияға назар аударылады, әсіресе әжетханаларда. Палаттық медициналық мейірбике ішек науқасты жағдайының барлық өзгерістері туралы емдеуші (кезекші) дәрігерге хабарлауға, дәрігердің тағайындауы бойынша барлық емдік және диагностикалық процедураларын орындауға тиіс. Сальмонеллез кезінде госпитализация қатаң міндетті емес. Аурудың жеңіл ағымымен ауыратын науқастар және реконвалесценттер үй жағдайында емделе алады. Стационарлық емдеу аурудың орташа ауырлықтағы және ауыр ағымындағы науқастар, ерте жастағы балалар, кәрі адамдарға, ауыр, қосалқы аурулары бар науқастарға көрсетілген. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша госпитализацияға тағамдық өндіріс, балалар мекемесінің қызметкерлері, жатақханада тұратындар, әскери қызметкерлер және с.с. міндетті түрде жатқызылады.
Емдеу әдісін таңдау аурудың түрі мен ауырлығына байланысты.
Сальмонеллездің субклиникалық түрімен ауыратын науқастар және қалыптасқан жедел бактерия бөлушілерге емдік шаралар қажет емес. Бұл топтағы науқастардың бактерия бөлуі өз бетімен тоқтайды және қандай да бір дәрілік препараттарды тағайындау санация мерзімін ұзартады.
Аурудың гастроинтестинальды түрінде науқастарды емдеудің негізгі әдісі патогенетикалық терапия болып табылады, оған дезинтоксикация, су — электролиттік тепе-теңдікті және гемодинамиканы қалпына келтіру, асқазан — ішек жүйесінің жергілікті зақымдалуларын жоюға бағытталған шаралар жатады. Бір уақытта фонды және қосалқы ауруларды емдеуді жүргізу керек.
Сальмонеллездің бұл түрлеріне диета сақтау және этиотропты емді қолданудан бас тарту жалпы болып табылады. №4 диета тағайындалады. Лактазаның жиі жетіспеушілігіне байланысты және майлардың сіңірілуі мен қорытылуының бұзылысынан жедел кезеңде рационнан қаймағы алынбаған сүт және баяу еритін майларды алып тастау, көмірсуларды қолдануды шектеу керек. Суда пісірілген күріш пен сұлыдан ботқа, қайнатылған балық, буда пісірілген фарштан жасалынған тағамдар, жемістік кисельдер, сүзбе, ірімшік тағайындалады. Диетаны біртіндеп кеңейтеді және толық клиникалық жазылу кезінде, әдетте аурудың 28 – 30 күні сау адамның рационына өтеді.
Бұл түрлерде антибактериальды препараттарды қолдану абсолюттік түрде қарсы көрсетілгсн, себебі кеш клиникалық сауығуға алып келеді, асқазан ішек жүйесінің қалпына келуін кешеуілдетеді, организмнің сальмонеллалардан санация мерзімін ұзартады және дисбактериозды қалыптастырады.
Науқастарды емдеуді инфицирленген тағамды, қоздырғыштарды және оның токсиндерін шығару мақсатымен асқазанды жуу-шаюдан бастайды. Асқазанды жуу-шаю аурудың алғашқы сағаттарында пайдалы, бірақ лоқсу мен құсу болған жағдайда процедураны кеш мерзімде жасауға болады. 2 % натрий бикарбонат немесе 0,1 % калий перманганат ертіндісін қолданады. Бұл ерітінділер болмаған жағдайда су қолданылады. Жуу-шаюға қолданылатын ерітінді көлемі 2-3 л құрайды, температурасы 18-20◦С. Әдетте - асқазанды таза шайынды су шыққанға дейін жуады. Сусыздану белгісі жоқ сальмонеллезді инфекцияның жеңіл түрінде асқазанды жуумен барлық медициналық көмек көлемі аяқталады. Орташа және жеңіл ауырлықтағы ауру жағдайында, І-ІІ дәрежедегі сусызданумен күресу үшін оральды жолмен регидратациялық ерітінділер енгізіледі. БҰҰ ұсынған оральды регидратациялық тұздар (ОРС) ерітіндісі кеңінен қолданылады: глюкосалан немесе оралит ретінде белгілі және оның модификациялары — цитраглюкосолан, регидрон. Енгізілетін пероральды ерітінді көлемі сусыздану дәрежесімен, интоксикация айқындылығымен және науқастың дене салмағымен анықталады. Әдетте II- дәрежедегі сусыздану, орташа ауырлықтағы ағыммен өтетін сальмонеллезбен ауыратын науқастарға ОРС 40 — 70 мл/кг көлемінде, ал айқын интоксикациясы бар, бірақ сусыздану жоқ науқастарға 30 — 40 мл/кг көлемінде тағайындайды. Сұйықтықты енгізу жылдамдығы 1 — 1,5 л/сағ. құрайды. Енгізілетін ерітінділердің температурасы 40◦С болуы керек. Оральды регидратациялық терапия екі этапта іс жүзіне асырылады: I-ші этап — сусыздануды және тұздарды жоғалтуды, интоксикацияны жою мақсатына бағытталған біріншілік регидратация. Оның ұзақтығы 2 - 4 сағат. II -ші этап — жалғасып жатқан сұйықтық пен тұздардың жоғалуын, сонымен қатар сақталған интоксикациялық синдромды жоюға бағытталған терапия. Ол келесі 2-3 тәулік бойында жасалынады.
Қант диабетімен ауыратын науқастарға қайталамалы құсу кезінде, өршімелі сусыздануда, емдеуді 38-40◦С алдын ала жылытылған "Квартасоль", "Хлосоль", "Ацесоль", "Трисоль" және т.б. полиионды кристаллоидты ерітінділерді көк тамыр ішіне енгізуден бастайды. Бұл кездс 40—48 мл/сағ. жылдамдықпен сағатына 1,5-3 л енгізу жеткілікті.
Сальмонеллездің ауыр ағымында немесе асқынулар дамыған жағдайларда науқас қарқынды терапия және реанимация бөлімшесінде емделеді.
Сальмонеллез кезінде, тұзды ерітінділермен қатар дезинтоксикация және гемодинамиканы қалпына келтіру мақсатымен синтетикалық коллоидты ерітінділер: , инфезол, энтерол, реополиглюкин, полиглюкин, реоглюман, реомакродекс қолданылады. Оларды сусыздануды жойғаннан кейін немесе сусыздану болмаған жағдайда қолдануға болады.
III-IV дәрежелі сусыздану, ауыр ағымдағы ауру кезінде емдеуді көк тамыр ішіне сорғалап (80 - 120 мл/мин) аталған полиионды ерітінділерді енгізуден бастайды. Регидратация мақсатымен енгізілетін ерітінді көлемі, сусыздану дәрежесімен және дене салмағымен анықталады. Бұл топтағы науқастарға сұйықтықты қолдану режимін қатаң түрде сақтау керек. Құсу және іш өтуде, әрбір 2 сағат сайын тыныс алу кезінде және тері арқылы жоғалтылған су көлемі келесі 2 сағат ішінде орны толтырылуы керек. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақталғанда, құсу тоқталғанда және бүйрек қызметі қалпына келгеннен кейін сұйықтықты пероральды қабылдау көрсетілген.
Метоболикалық ацидоз дамығанда 4 % натрий бикарбонат ерітіндісін енгізуге тағайындалады.
Инфекциялық – токсикалық шок болғанда емдік шаралар полиионды ерітінділерді тамыр ішіне (100 - 120 мл/мин. жылдамдықпен) енгізуден басталады. Енгізілетін ерітінді көлемі гемодинамика жағдайы мен қанның биохимиялық көрсеткіштеріне байланысты. Біршама сусыздану кезінде дезинтоксикация мақсатында тұзды ерітінділермен қатар синтетикалық коллоидты ерітінділер (полиглюкин, реополиглюкин) 400 — 1000 мл көлемде қолданылуы мүмкін.
Бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінде глюкокортикоидтарды енгізу көрсетілген. Алғашқы дозасын (60 — 90 мг преднизолон, 125- 250 мг гидрокортизон) тамыр ішіне сорғалап, келесі дозасын — тамыр ішіне 4-6 сағаттан соң тамшылап енгізеді. Бір мезгілде әрбір 12 сағатта 5-10 мг дезоксикортикостерон ацетатты бұлшықетке енгізеді. Интенсивті терапия гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты түрде қалпына келгенше және несеп бөлу қалыптасқанға дейін жалғасады. Гастроинтестинальды түрімен ауыратын науқастарға мезатон, норадреналин, эфедрин сияқты препараттарды, олардың бүйректердің қантамырларының спазмын шақыру қасиетіне байланысты қолдану қарсы көрсетіледі. Жедел бүйрек жетіспеушілігі, өкпе немесе мидың ісінуі дамығанда, диуретиктермен (маннитол, фуросемид, мочевина) мақсатты түрде терапия жүргізу керек.
Асқазан ішек жүйесінің қызметінің тез қалпына келтіру үшін, ферменттік препараттарды (панзинорм, фестал, плестал, мезим, форте, абомин, энзистал және т.б.) қолдану керек. Көрестілген препарапарды науқастар тағам уақытысында немесе 10 – 15 мин. қалғанда қабылдау керек. Одан басқа, комплекстік емде поливаленттік сальмонеллездік бактериофаг қолданылады.
Сальмонеллездің жайылмалы түрінде патогенетикалық терапиямен
(дезинтоксикация, десенсибилизация, гемодинамиканы қалыпта ұстау) қатар,
антибактериальды препараттарды (гентамицин, левомицетин, ампицилин), фторхинолондарды (пефлоксацин, ципрофлоксацин, офлоксацин) және т.б. тағайындау керек.
Сальмонелланың созылмалы бактериотасымалдаушыларын санациялау кешенді болу керек. Әртүрлі аитибакериальды препараттарды қолдану тұрақты нәтиже бермейді, осыған байланысты бірінші кезекте организмнің жалпы реактивтілігін әсер ететін заттарды қолдану керек: пиримидин қатарындағы препараттар (пентоксил және метилурацил), аутогемотерапия, асқазан ішек жүйсінің қосалқы ауруларын емдеу.
Егер нәжісті бактериологиялық зерттеген кезде теріс нәтиже болған жағдайда және толық клиникалық жазылудан кейін стационардан шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет