ҚР-да Салмонеллезді алдын алу шаралары (№539 Бұйрықтан көшірме 28.12.1995.) 1.5. Инфекция ошағында жүргізілетін шаралар. Салмонеллезбен ауыратын науқастар және бактериятасымалдаушылар ауруханаға клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жатқызылады. Тағамдық өндіріс жұмысшылары және оларға теңестірілгендер міндетті түрде ауруханаға жатқызылу керек. Бұл адамдар ауруханадан толық клиникалық сауығудан кейін және 3 рет алынған нәжістің бактериологиялық зерттеулердің теріс нәтижесінен кейін шығарылады. Ауруханадан шыққан соң салмонелла бөлмейтін адамдар жұмысқа шығарылады. Егер тағамдық өндіріс жұмысшылары және оларға теңестірілгендер салмонелланы сыртқы ортаға бөлсе, негізгі жұмысына 15 күн жіберілмей, басқа жұмысқа орналастырылады. Осы кезеңде нәжіс 3 рет тексеріледі. Егер қайтадан оң нәтиже болса зерттеу тағы 15 күн ішінде қайталанады. Бактерия тасымалдаушылық 3 айдан асса негізгі жұмысына 1 жыл бойы жіберілмейді. Осы кезең өткен соң нәжіс 3 рет, өт 1 рет тексеріледі. Егер нәтижелер теріс болса адамдар негізгі жұмысына жіберіледі. Ал егер 1 рет теріс болса бұл адамдар созылмалы бактерия тасымалдаушы ретінде негізгі жұмысынан босатылады. Олар мекен –жайы бойынша санэпидстанцияда немесе ЖАК-де есепте тұрады. Бала-бақшаға баратын балалар ұжымға 15 күн бойы жіберілмейді. Созылмалы бактериятасымалдаушы балалар бала-бақшаға жіберілмейді.