Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет97/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

РИНОВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ
Анықтамасы. Риновирусты инфекция – мұрынның шырышты қабатының зақымдалуымен және әлсіз интоксикация белгілерімен көрінетін жедел респираторлық ауру.
Этиологиясы. Қоздырғышы Picornaviridae тұқымдастығына Rhinovirus тегіне жататын, құрамында РНҚ бар вирус.
Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезең 1-6 күн, орташа 2-3 күн.
Ауру күрт басталады: әлсіздік, мұрынның бітелуі, мұрын-жұтқыншақтың құрғауы пайда болады. Содан кейін мұрыннан көп мөлшерде серозды, одан соң шырышты бөлінулер, түшкіру, кейде құрғақ жөтел мазалайды. Дене қызуы субфебрилді немесе қалыпты. Қарап тексергенде: мұрын шырышты қабатының гиперемиясы және ісінуі, ринорея. Мұрын терісі мацерацияланған. Кейін herpes labialis et nasalis байқалады.
Гемограммада: нормоцитоз немесе аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ қалыпты.
Ауру ұзақтығы 6-7 күнге созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет