Патогенезі және патологиялық анатомиясы. Вирус организмге тері арқылы енеді, макрофагтар жүйесінде көбейіп, қанға түседі. Вирусемия кезінде жалпы токсикалық синдром, жайылмалы капиляротоксикоз, ТШҚҰ-синдромының дамуы нәтижесінде ішкі ағзалардың зақымдалуына, массивті геморрагияларға әкеледі. Вирустың вазотропты қасиеті болғандықтан, тамыр жасушаларын зақымдап, өткізгіштігін жоғарлатады. Бұған вирустың гипоталамус аймағына таңдамалы зақымдалуы әсер көрсетуі де жағдай жасайды. Геморрагиялық синдромының дамуына сүйек кемігі жасушаларының вируспен тежелуі де жағдай жасайды.
Вегетативті жүйке жүйесі, әсіресе тамырлық жүйкелер зақымдалады. Қан тамырлы бұзылыстар нәтижесінде тіндер мен ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі анықталады. Организмде метаболиттер жиналып, интоксикацияны күшейтіп, паренхиматозды және жүйке жасушаларының дегенерациясын тудырады. Бүйректерде, миокардта, бүйрекүсті бездерде, бауырда дистрофиялық өзгерістер дамиды, қан ұю жүйесі бұзылады. ҚГҚ-дан өлген адамдарда асқазан мен ішектің шырышты қабаттарында көпшілік қан құйылулар, тері, өкпеге қан құйылу, ағзалар мен тіндерде серозды-геморрагиялық қабыну байқалады. Өкпеде пневмония ошақтары байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |