Алдын алу шаралары. Арнайы профилактикасы табылмаған. Кененің шағуынан сақ болу қажет. Арнайы емес профилактика кенелік энцефалиттікіндей.
ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАЛАР
Анықтамасы. Геморрагиялық қызбалар (ГҚ) – қызбамен, интоксикация белгілерімен, капилляротоксикоздың, геморрагиялық синдромның дамуымен сипатталатын вирусты табиғи-ошақты жұқпалы аурулар.
Геморрагиялық синдромды әр түрлі патогендер қоздыру мүмкін:
Бактериальды сепсис (Neisseria meningiditis)
Риккетсиоздар (Жарлы таулардың қызбасы)
Спирохетоздар (Лептоспироз)
Вирустар (Filoviridae, Arenaviridae, Bunyaviridae, и Flaviviridae)
Вирустар 4 таксономиялық түыстыққа жатады:
Филовирустар (Filoviridae)
Аренавирустар (Arenaviridae)
Буньявирустар (Bunyaviridae)
Флавивирустар (Flaviviridae
Олардың құрамында бір жіпшелі РНҚ бар.
Вирусты геморрагиялық қызбалардың патогенезінің толық зерттелмеген, негізгі дамитын патогенетикалық механизм вирустың түрімен байланысты болады:
вирустың тікелей цитопатогендік әсері;
тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауы, олардың бүтіндігінің бұзылуы және қандағы вазобелсенді заттардың (тромбоциттер, кининдер, адреналин және басқа биологиялық белсенді заттардың) алмасуы;
микроциркуляцияның бұзылыстары;
иммунологиялық механизмдер, арнайы антиденеледің түзілуі, гиперэргиялық жауаптың дамуы;
қан ұю факторларының азаюы;
ТШҚҰ-нышанының әртүрлі дәрежедегі көрінісінің құрылуы;
Вирусты геморрагиялық қызбалардың клиникалық синдромдарына жатады:
қызба
интоксикация синдромы: әлсіздік, бастың ауруы, бастың айналуы, жүректің айнуы, құсу
айқын миалгиялар, артралгиялар, іштің ауруы
геморрагиялық синдром: геморагиялық бөртпелер, қан құйулар, қан кетулер
Қазақстанда Қырымдық геморрагиялық және бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызбалар тіркелген. Олардың қоздырғыштары буньявирустар тобына жатады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде адамдар арасында 20 геморрагиялық қызба ауруы кездеседі. Геморрагиялық қызбалардың кең тараған жерлері - Өзбекістан, Тәжікстан, Үндістан, Пакистан, Араб Эмираттары. Инфекцияның негізгі резервуары –жануарлар: приматтар, кеміргіштер, ірі қара мал, кенелер және т.б. болып табылады. Жануарларда әдетте вирустың ұзақ персистенциясымен латентті инфекция дамиды. Геморрагиялық қызбаларға қабылдаушылық жоғары. Қауіп-қатер топтарына жануарлар және жабайы табиғат объектілерімен тығыз кәсіби байланыста болған адамдар жатады (аңшылар, орманшылар, геологтар, ағаш кесушілер, ауыл шаруашылық жұмысшылары, жануарлар мен аңдар фермаларының жұмысшылары). Аурудың ең ауыр түрі алғашқы табиғи ошақтарға кірген адамдарда байқалады, жергілікті тұрғындарда геморрагиялық қызбаның жеңіл және субклиникалық түрі жиі дамиды.
Ресейде бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба (БСГҚ), Қырымдық геморрагиялық қызба (ҚГҚ) және Омбылық геморрагиялық қызба (ОГҚ) тіркелген. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Қырымдық геморрагиялық қызба Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында тіркелген. 2001-2002 жж. бастап Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба тіркелген.
Геморрагиялық қызбалардың қоздырғыштарын биологиялық қару ретінде қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |