Дизентерия (ШИГЕЛЛЕЗ)
Анықтамасы. Бактериальді дизентерия (синонимі-шигеллез) - шигеллалармен шақырылатын, фекальді-оральді жұқтыру механизммен, интоксикация белгілерімен және тоқ ішектің дистальді бөлігінің зақымдалуымен, іште толғақ тәрізді ауру сезімінің пайда болуымен, шырыш және қан аралас жиі іш өтуімен, тенезмалармен сипатталатын ішек инфекцияларының аурулар тобына жататын антропонозды ауру.
Тақырыптың өзектілігі. Дизентерия дүние жүзінде кең таралған ауру, диареялық аурулардың ішінде Азия, Африка, Латын Амеркасы елдерінде елеулі орын алады. Ал экономикасы дамыған елдерде жедел ішек инфекциялар арасында дизентерия кең тараған. Бактериальді дизентерия Қазақстанда әлі де маңызды проблема болып қалып жатыр. Ішек инфекциялар тобының 50-60% дизентерияға түседі. Дизентерияның маңыздылығы оның кең таралғандығында, сырқаттанушылықтың эпидемиялық түрінде болуында, клиникасының ауыр түрінде өтуінің мүмкіншілігіне байланысты, асқынулар ретінде инфекциялық-токсикалық және гиповолемиялық шоктардың даму мүмкіншілігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |