Спорогонияклиматтық географиялық ортаға байланысты. Сыртқы орта жоғары температурасы спорогония ұзақтығын қысқартады, ал оптимальдыі температурада (t°25) спорогония 2 аптаға дейін созылады, температура 16°С төмен болғанда ол тоқтайды.
Anopheles масасының ұрғашысы ауру адамның немесе паразиттасымалдаушының қанымен қоректенгенде плазмодийлердің жынысты формаларын жұтады. Маса асқазанында аналық гаметоцит макрогаметаға айналады, ал аталық гаметоцит 4-8 талшық микрогаметаны шығарады, олар үзіліп макрогаметаға енеді, ол ұрықтану нәтижесінде зиготаға айналады. Асқазанның бетінде оокинета бірнеше ооцистаға айналады, олардың әрқайсысы 10000-ға дейін ұршық тәрізді спорозоидтардан тұрады. Ооциста жетілгеннен кейін жарылады да босанған спорозоидтар гемолимфаға түсіп, масаның бүткіл организміне тарайды. Олар әсіресе сілекей бездеріне көп жиналады. Осындай маса жұқпалығын 1 – 2 ай бойы сақтайды.
Ооцисталардың саны 500-600 жетуі мүмкін, олардың саны науқастың шеткі қанындағы гаметоциттердің қарқындылығына байланысты (1мм3 қанда 1-2 гаметоцит болғанда масалар жұқтырылмайды).
Әрбір ооцистада спорозоиттардың саны – жүздеген, ал сілекей безінде мыңдаған болады. Масалардың сілекей бездерінде спорозоидтар жұқтыру қауіпін 40-50 күн сақтайды, бірақта 30 күннен кейін масаның шағуы ауруды тудырмайды.