Тақырыптың өзектілігі.Қазақстанда, басқа елдерде сияқты, ауру жылдан жылға өсуде. Жедел ішек инфекцияларының ішінде сальмонеллез дизентериядан кейін кең тараған ауру. Әр жерде сальмонеллездің эпидемиологиялық және құрылымдық ерекшеліктері бар.
Тарихи мәліметтер. Ежелгі уақыттан бері тағамдық азық -түлікті қолданудан пайда болатын аурулар белгілі. Бұл ауруларды белоктар шірігенде пайда болатын улы заттармен байланыстырды. 1885 ж. Д. Сальмон және Т. Смит В. Suipestifer микроорганизмін бөліп алды — олар шошқа обасының қоздырғышы деп есептеді. Аурудың негізгі ссбебін 1888 ж. неміс ғалымы А. Гертнер дәлелдеді, ол өлген адамның организмінен және ол тағам ретінде қолданылған сиыр етінен В. Suipestifer ұқсас микроорганизмді тапты, осы арқылы адамдар және жануарлар арасында сальмонеллездің бактериалды этиологиясын негіздеді. 1934 жылы Халықаралық номенклатуралық комиссия морфологиялық және биохимиялық құрамы ұқсас қоздырғыштар тобын сальмонелла, олар шақырған ауруды - сальмонеллез деп аталады.