Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет44/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Эпидемиологиясы. Сальмонеллез жеке спорадикалық жағдай ретінде, сонымен қатар эндемиялық өршітпе түрінде кездеседі. Сальмонеллездің эпидемиологиялық ерекшеліктерінің бірі - әлемнің көптеген, әсіресе экономикалық дамыған елдерінде сырқаттанушылықтың өсуіне айқын бейімділігі.
Сальмонеллездің негізгі инфекция көзі ауылшаруашылық жануарлары мен құстары, сальмонеллезбен ауыратын науқастар, немесе бактериотасымалдаушылар, берілу механизмі- фекальды-оральды, жұғу жолдары - алиментарлы, су арқылы, тұрмыстық-контактілі. Сальмонеллездің негізгі жұғу жолы — алиментарлы, ал инфекцияның берілу факторлары болып әртүрлі тағамдық азық - түліктер (мал, балық, шаян, устрица моллюск, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері және т.б.). Су инфекцияның тікелей немесе жанама берілу факторы ретінде саналады.
Соңғы жылдары "госпиталдық" сальмонеллез жағдайлары
біршама жоғарылады. Жұқпа көзі болып тек адам табылады (жиі науқас балалар, сирек қызметкерлер, аналар, босанатын әйелдер). Бұл ошақ біртіндеп дамып, ұзақ сақталуы мүмкін. Үрдіске бір жастағы балалар көп араласады, және ол жоғары өлім дәрежесімен, аурудың ауыр клиникалық ағымда өтуімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет