Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


-сурет. Балтыр сынықтарын иммобилизациялау  Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


 
 
 
16-сурет. Балтыр сынықтарын иммобилизациялау 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
ГИПСТІК ТАҢҒЫШТАР 
Қозғалыс-тірек  аппараттарының  іштен  туа  пайда  болған  ауруларын 
және  жарақаттарын  емдеудің  негізгі  екі  түрі  бар:  консервативтік  және 
оперативтік.  Оперативтік  әдіс  қаншама  өзінің  өрісін  алғанмен, 
жарақаттанған сүйекті не іштен туа пайда болған ет-сүйек аруларын емдеуде 
консервативтік  әдіс  негізгі  болып  есептеледі.  Консервативтік  әдістің  негізгі 
екі түрі бар: бекіту және тарту. Консервативтік ем қолданғанда ең маңызды 
әдісі  бекіту  әдісі  болады,  оған  жататындар:  1.  гипстік  таңғыштар;  2. 
Әртүрліпрепараттар  мен  таңғыш  қалақтар;  3.  жұмсақ  бекіткіштер  (бинттер, 
лейкопластырьлық таңғыштар) 
Гипстеу техникасы. Әртүрлі қатайғыш таңғыштар ішінде көп өріс алып, 
қолдану тапқаны гипстік таңғыш. 
Әрбір  травматологиялық  не  хирургиялық  мекемелерде  арнайы 
ұйымдастырылған гипстік бөлме керек. 
Гипстік  бөлме  дұрыс  жұмыс  істеу  үшін  өзіндік  сайман,  құралдары 
болуы керек(17-сурет). 
 
17-сурет. Гипспен жұмыс жасағанда қолданылатын құралдар:  
1,2,3 — гипстік таңғышты кесуге арналған қайшылар; 4 — гипстің 
жиегін керіп ашуға қолданылатын құралдар; 5 — гипстің жиегін қайыруға 
арналған құрал; 6,7,8 — керекті әртүрлі қайшылар (тіке, имек, түймелі);  
9,10,11 —гипсті кесетін пышақтар; 12,13,14 — аралар  
(жартылай дөңгелек, тіке, дөңгелек). 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 

34 
 
1. Гипстік бинтпен таңғыш дайындайтын стол; 
2. Арнайы гипс салатын стол (Хоул столы). 
3. Корсет салуға керекті заттар. 
4. Гипс кесетін қайшы. 
5. Гипс ашатын қүстүмсық. 
6. Гипс ажыратқыш. 
7. Гипс кесетін пышақ. 
Гипстік  таңғыштың  төмендегідей  жағымды  қасиеттері  бар:  денеге 
біркелкі  тығыз  тиіп  тұрады,  тез  қатаяды,  жеңіл  алынады.  Дұрыс  салынған 
гипс орнына түсірілген сүйек сынықтарын қозғалтпай ұстап тұрады. 
Гипстік  таңғыштың  екі  түрі  бар:  мақта-сүзгі  төсеммен  және  төсемсіз 
салынатын таңғыш. 
Мақта-сүзгі  төсеммен  салынған  гипстің  мынадайкемістіктері  болады: 
салынған  мақта  гипс  таңғыштың  астын  да  жиырылып  қалып  денеге  батады 
және  денені  толығымен  қысып  ұстамағандықтан  сүйектің  бөліктері  гипс 
астында айқасып кетуі мүмкін. 
Төсенішсіз  салынған  гипсті  тура  денеге  салады.  Бұл  әдіспен  салынған 
гипс  денеде  сүйектердің  шығыңқы  жерлеріне  батуы  мүмкін,  сондықтан 
ондай тұстарға аздап мақта салу керек (18сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
18 сурет. Гипс салғанда "корғайтын"  
сүйектердіңшығыңкы жерлері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Гипстік  таңғыштарға  тән  кемістіктер:  гипстік  таңғыш  салған  аяқта 
неқолда ісік пайда болса оны не айырбастап, не алып тастауға тура келеді, ал 
ісік қайтқан жағдайда таңғыш пен дененің арасында бос орын пайда болады 
да  сүйек  сынықтары  айқасып  кетеді.  Сондықтан  да  төсенішсіз  салынған 
циркулярлық  гипстік  таңғышты  салысымен  оны  ұзын  бойымен  пышақпен 
кесіп, ісік қайтқаннан кейін (3-5 күннен кейін) қысып гипсті бинтпен қатайту 
қажет.  Аяқта,  не  қолда  ісік  аз  болу  үшін  гипсті  циркулярлық  таңғыш 
салынғаннан кейін аяқты не қолды жоғары үстау қажет. 
Гипсті таңғышпен салғанда төмендегідей ережені сақтау керек: 
1. Алдын-ала керекті заттарды дайындап алу қажет. 

35 
 
2.  Сынған  сүйек  қозғалып  кетпеу  үшін  және  тыныштық  болу    үшін  
сынған  сүйекпен  бірге  2-3 буынды да  бекіту. 
3.  Гипстік  таңғыштың  үстіңгі  және  төменгі  шеттеріне  жалпақ  гипсті 
бинт  байлап  олардың  жиегін  кері  қайырып  қою  керек,  сонда  денеге 
батпайды. 
4.  Гипстік  таңғыш  салып  жатқанда  аяқты  не  қолды  қозғалтпай  ұстап 
тұру керек. 
5.  Гипстік  таңғыш    салғанда  алғашқы  таңу  екінші  таңудың  үштен  екі 
бөлігін басып өту керек. 
6.  Гипстік  таңғыштың  әрбір  қабаты  бір-бірімен  жақсы  жабысу  үшін 
әрбір тур салынған соң оны алақанмен жақсылап сылап отыру керек. 
7.  Аяққа  не  қолға  гипстік  таңғыш  салғанда  саусақтардың  ұшы  көрініп 
тұру керек. 
8. Гипстік таңғыш не бос, не олқы салынбау керек. 
9.  Гипстік  таңғыш  салынып  біткеннен  кейін  оған  сия  қарындашпен 
сынықтың  түрін,  гипс  салынған  күнін,  айын  және  дәрігердің  фамилиясын 
жазып қою керек. 
10. Гипстік таңғышты пышақпен не арамен кесіп алыптастайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
19-сурет. Гипстік таңғыштардың түрлері: а) гипстік лон-гета;  
б) циркулярлык гипстік таңғыш; в) кокситтік гипсті таңғыш;  
г) гипстік көрсету; д) буынның қатаюын түзетуге арналған  
гипстік таңғыш; е)моста түрлі таңғыш. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Ол үшін  кесетін  жерді  ыстық сумен, тұзды сумен жібітеді. 
Гипстік  лонгета  таңғышын  салғанда  алдында  айтылған  жалпы 
жағдайлар орындалу қажет. 
Лонгетаны  құрғақ  гипстік  бинтпен  жасайды,  оның  ұзындығы  мен 
көлденеңін  бекітетін  сүйектің,  аяқ-қолдың  көлемі  мен  ұзындығына 
байланысты болады. Лонгетаны құрғақ дайындап алғаннан кейін жылы суға 
салып жібітіп, екі алақанмен қысып, сылайды. Лонгета аяқ-қолдың екіден бір 
немесе үштен екі көлемін қамтуы керек. 
Гипсті таңғыштың түрлері төменгі 19-суретте келтірілген. 

36 
 
III ТАРАУ. СҮЙЕК ТІНДЕРІНІҢ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛУІ 
Сынған  сүйектің  бітуі  үшін  адам  организмінде  әртүрлі  жергілікті  және 
жалпы  биологиялық  өзгерістер  болады,  сондықтан  да  травматолог  сүйек 
мүйізгегінің пайда болу механизмін білуі қажет. Сүйектің қай жері сынса да 
сынықтың  ортасына  қан  қүйылады  да  қанды  ісік  пайда  болады.  Қорыта 
айтқанда, сүйек мүйізгегінің пайда болуы қанды ісіктен басталады. Кейіннен 
қанды  ісік  біртіндеп  сүйек  мүйізгегіне  айналады.  Сүйек  мүйізгегінің  пайда 
болуы үш сатыдан тұрады. 
Бірінші  сатысында  10  күн  ішінде  қанды  ісіктен  мезенхимальды  тін 
қалыптасады.  Сынған  сүйектің  ұштарынан  біртіндеп  қанды  ісікке 
грануляциялық  тінөседі.  Қанды  ісіктен,  фибриннен,  ісік  сұйықтан  сынған 
сүйектің  ұштарын  ұстап  тұратын  қоймалжың  кесек  пайда  болады.  Осы 
мезгілде қанды ісікке сынған сүйектің ұштарынан және барлық организмнен 
кальций мен фосфор элементтерінің жиналуы көбейеді.Сынған сүйектің біту 
сатысында  фосфотаза  ферменті  өте  көбейіп  фосфорлы  кальцийдің 
экстровазаттарының  көп  жиналуына  әсер  етеді.  Жиналған  экстровазат 
сүйектің  сынған  ұштарын  жуып  тұрады.  Сүйектің  бір-бірімен  өсіп 
қалыптасуына  тән  нәрсе  көбейіп  жиналған  фосфотаза  сынған  сүйек 
толығымен біткенше сынықтардың арасында болады. Сүйек сынғаннан кейін 
алғашқы  уақытта  қышқыл  реакция  болады  да,  біртіндеп  сілтілі  реакцияға 
айналады. 
Сүйек мүйізгегінің дұрыс және уақытында пайда болуының негізгі мәні 
сүйектің  сынған  жерінде  қан  тамырларының  толық  қалыптасуына 
байланысты,  себебі  сүйек  мүйізгегінің  сүйектенуіне  капиллярлық  ұсақ  қан 
тамырларының көбейіп және жетілуіне байланысты болады да, осы ұсақ қан 
тамырлары арқылы остеобластар жиналып, олардың қызметі күшейеді. 
Екінші  сатысы-  сүйектің  біту  кезеңі.  10  күннен  50  күнге  созылып 
сынған жерде коллагендік талшық пайда болып, оған белок шоғырланады да 
кейінде остеоидтық балкалардың пайда болуына негіз болады. Сынған сүйек 
арасындағы  болып  жатқан  морфологаялық  процеске  гипертрофияланған 
шеміршек  материал  болады  да,  кейіннен  бұл  шеміршек  грануляциялық 
тіндердің  орнын  басып,  сынған  сүйектің  екі  ұшын  жалғастырады.   
Шеміршек жасушалар сынғаннан кейін  6 жұма өткен соң пайда болады. Бұл 
саты шеміршек тіндердің кальцинациялануымен бітеді. 
Шеміршек  жасушалары  мен  остеобластардың  өршіп  өсуі  басылғаннан 
кейін фосфотазаның мөлшері орнына келеді. 
Сүйек  сынықтарының  бітуінің  үшінші  сатысында  ешқандай  шек 
болмайды. 
Сүйек  мүйізгегінің  известенуі  (әктенуі)  остеоидтық  тін  пайда 
болысымен басталады. 
Клиникалық  тексергенде  сынған  жерде  қозғалыс  болмайды  да  рентген 
суретінде  сынған  сүйектің  мүйізгегі  анықталмайды.  Үшінші  сатының 
аяғында  (шамамен  90-шы  күндері)  рентгеннің  суретінде  тығыздалған  сүйек 
мүйізгегі  анықталады.  Бір  жыл  өткен  соң,  одан  кейінгі  уақыттарда  сүйектің 

37 
 
сынған  жері  бітіп  функционалдық  өзгерістер  болады.  Морфологиялық 
тұрғыдан  қарағанда  осы  уақыт  ішінде  сынықтың  ортасында  пайда  болған 
формасыз  сүйек  қатпарлы  трабекула  алмасады  және  сүйекте  өзек  пайда  бо-
лады. 
Кейінгі  кезде  сүйектің  бітуі  екі  түрлі  болады  -  бірінші  біту  және 
қосымша  біту.  Сүйек  қай  түрімен  бітетін  болса  да,  ол  үшін  маңызды 
болатыны: периостальдық тін, сүйек қан тамырларының амандығы, сүйектің 
жан-жағындағы  жұмсақ  тіндердің  жағдайына  және  сынық  арасындағы 
эндостальдық тіннің тіршілікке икемділігіне байланысты болады. 
Сүйектің өсіп бітуі алғашқыда периостальдық және эндостальдық сүйек 
мүйізгегімен  бітеді.  Сынған  сүйек  бір-бірімен  периостальдық  және 
эндостальдық  мүйізгекпен  қосылғанда  оның  ортасында  интермедиарлық 
мүйізгек  пайда  болады.  Интермедиарлық  мүйізгек  сүйектің  өсіп  бітуі  үшін 
маңызды орын алады да сынған жердің толық бітуіне бірден-бір негіз болады 
(20-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
20сурет. Сүйек мүйізгегінің бөлік құрамдары: 1-периостальдық;  
2-эндостальдық; 3-интермидиарлық; 4-гетеротопикалық. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Сүйек  сынықтарының  жағдайына  байланысты  (сынықтар  ауысқанына, 
бірімен бірі толық тиісіп тұруына, сынықтардың қатайып бекітілуіне) сынған 
жердің қалпына келуі әр түрлі болады. 
Егерде  сүйек  сынықтары  орнына  дұрыс  салынып,  бір-бірімен  толық 
түйісіп  тұрса  және  жақсылап  бекітілсе,  сүйектің  бітуі  аздаған  ғана 
периостальдық  мүйізгектің  пайда  болуымен  және  негізгі  сынған  сүйектің 
бітуі  эндостальдық  мүйізгек  арқылы  болады.  Сүйектің  бұл  түрмен  бітуі 
"бірінші жазылуы" деп аталады да, сүйек біту мерзімі аз уақытқа созылады. 
Сүйектің  сынған  жері  жақсы  бітіп  жазылуы  үшін  сүйек  пен  сүйектің 
түйіскен  жсрінің  саңылауы  50-ден  200  мм  дейін  болуы  қажет.  Егерде 
сүйектердің ортасындағы саңылау көрсетілген белгіден көпболса осы жердің 
қан айналысы бүлінеді де сынықтың бітуі нашарлайды. 
 
 

38 
 
Сүйек  сынғанда  мүйізгектің  пайда  болуына  мынадай  жағдайлар 
әсер етеді: 

 
Жасы. Клиникалық бақылау бойынша орта жастағы адамның сынған 
сүйегі  орташа  уақытпен  4-5  айдың  ішінде  бітеді.  Бірақ  та  әр  жасқа  сүйек 
бітуінің  өзіне  тән  уақыты  болады.  Мысалы:  1  жастағы  баланың 
ортанжілігінің сынығы 1 айдың ішінде бітеді, 15 жастағынікі - 2 ай ішінде, ал 
50 жастағы адамда - 4 айда бітеді. 

Эндокриндік  органдардың  өзгеруі  және  басқа  да  ішкі  факторлар. 
Сүйектің  өсіп  бітуі  мынадай  ауруларда  күрт  төмендейді:  анемияда, 
протеиннің азаюында, кахексияда, сүйектің остеопорозында (кәрі адамдарда). 
Авитаминозда,  сәуле  ауруында,  әйелдің  жүктілік  уақытында,  бала  емізіп 
жүрген  уақытта  сүйек  мүйізгектерінің  өсуі  тоқтап  қалуы  мүмкін.  Сүйек 
мүйізгектері  өсуінің  нашарлауы  эндокриндік  органдардың  жұмысы 
бұзылғанда  болады,  әсіресе  заттар  алмасуы  бұзылса,  кортизонды, 
гидрокортизонды,  преднизолонды  тағы  да  басқа  гормональдық  препараттар 
көп  қолданса  да  сүйек  мүйізгектерінің  өсуі  тоқтапқалады.  Ем  үшін  ауру 
дикумаринді,  гепаринді  пайдаланса  сүйек  мүйізгегінің  пайда  болып,  өсу 
уақыты ұзарады. 

 Жергілікті факторлар: 
а).  Сынықтың  анатомиялық  түріне  байланысты.  Сүйек  сынғанда 
сынықтың көлемі үлкен болса: винт сияқты сынық,  қиғаш сынықтарда сүйек 
тез  өседі.  Ал  көлденең  сынық  кеш  бітеді.  Біріне-бірі  кіріп  сынса  сүйек  тез 
бітеді. Орнынан жылжып сынған сынық кеш бітеді. 
б). Сынықтың ортасында жұмсақ тіндер қысылып қалуына  байланысты. 
Сынықтың ортасында көбіне бұлшықет, сіңір, шандыржаншылып қалады да 
сүйекті  бір-бірімен  бітірмейді.  Бұндай  жағдай  сынған  сүйектің  ортасына 
сүйек  жаңқасы  түскенде  де  болады.  Сондықтан  мұндай  жағдайда  сынықты 
операция жасап емдеу керек. 
в).  Сүйек  өсуіне  қан  айналысының  әсері.  Сүйек  сынғанда  әрқашанда 
сынықтың  айналасындағы  бұлшықеттің,  байлам-дардың,  сіңірлердің,  сүйек 
қабығының  және  сүйектің  өз  ішіндегі  қан  тамырлары  зақымдалады.  Мұның 
өзі  сынған  жерде  сүйек  мүйізгегінің  пайда  болуын  төмендетеді  немесе 
сынған жерде мүйізгек пайда болмайды. 
г). Сүйек мүйізгегінің пайда болуына механикалық факторлардың әсері. 
Травматологияда  белгілі  жағдай  –  егерде  күш  сынған  жерге 
перпендикуляр  бойымен  әсер  етсе  сүйектің  өсуі  жеделдетіледі.  Ал  қалған 
жағдайларда - бұрау, қозғау, тарту күштері сыныққа әсер етсе сүйектің бітуін 
нашарлатады.  Жағымсыз  күштер  сыныққа  әсер  етпеу  үшін  сынған  жерді 
гипспен  жақсылап  бекіту  қажет.  Егерде  сынған  жерде  қозғалыс  сақталатын 
болса  жас  өсіп  келе  жатқан  сүйек  мүйізгектері  зақымдалып  өсуін  тоқтады 
сонда шеміршек және фиброзды тінбітпей, жалған буынға айналады. 
Қорыта  келгенде,  сынған  сүйекті  дұрыс  орнына  салып,  ұзақ  уақыт 
бекітіп  қою  керек.  Сүйектің  толық  біткенін  клиникалық  және  рентгендік 
әдіспен анықтайды. 

39 
 
IV ТАРАУ. БІТПЕГЕН СЫНЫҚ, ЖАЛҒАН БУЫН, ҚИСЫҚ 
БІТКЕН СЫНЫҚ 
Бітпеген  сынық  деп,  егер  сынықтың  бітетін  уақытында  ешқандай 
мүйізгек болмаған жағдайды айтады. 
Оның  белгілері  -  ауру  аяғын  басып  жүре  алмайды,  басқанда  ауырады 
және  сынған  жерде  қозғалыс  білінеді.  Рентгенограммада  мүйізгек  жоқ, 
жіліктің  каналы  сүйекпен  жабылмаған.  Сүйектің  уақытында  бітпеу 
себептері: сынған жерге ет қыстырылып қалса, емдеу әдістерін сүйектің өсу 
уақытынан  бұрын  өзгерте  берсе,  сынған  жердің  қан  айналысы  жеткіліксіз 
болса,  авитаминоз,  әртүрлі  аурулар.  Бірақ,  негізгі  себебі  -  таңғышты  ерте 
алып тастау. 
Емдеу  тәсілі  сүйекті  уақытында  бітіртпейтін  себептерге  байланысты 
болу керек. Егер сүйек көлденең сынса және орнында тұрса гипс таңғышын 
салып,  балдақсыз  жүру  керек.  Сүйектің  бітуі  үшін  қан  құю,  витаминдер, 
хлорлы  кальций,  фосфор  беру  қажет.  Сынған  сүйек  орнына  салынбаған 
жағдайда  операция  жасау  керек.  Операцияның  қандай  түрін  қолдануды 
сынған  күннен  бері  қанша  уақыт  өткенін,  сүйектің  және  маңайындағы 
тіндердің жағдайын еске ала отырып шешеді. 
 
ЖАЛҒАН БУЫН 
Жалған  буынның  болу  себептері  жалпы  және  жергілікті  болып  екіге 
бөлінеді. Жалпы себептері, сынықтың бітпегенсебептері сияқты, авитаминоз, 
әртүрлі жүқпалы аурулар, мешел. Бұл себептер тек қана 4% болса, жергілікті 
себептер 96% болады. Жергілікті себептердің ішінде негізгісі сынған сүйекті 
емдеу  уақытында  жіберген  қателіктер  болып  есептеледі.  Олар  сынықты 
орнына  салмау,  гипс  таңғышын  жеткіліксіз  салу,  қайта-қайта  айырбастау, 
ерте  алу.  Сүйекті  үздіксіз  тартқанда  уақытында  рентгенограмма  жасалмау, 
бақыламай  үлкен  жүк  ілу.  Операция  жасағанда  дәл  келмейтін  темір 
бекіткіштерді  қолдану,  операция  кезінде  бос  сүйектерді  алып  тастау, 
операциядан  кейін  жараның  іріңдеп  асқынуы.  Сүйектің  тағы  бір  бітпеу 
себебі,  сынған  сүйектің  анатомиялық  ерекшеліктері,  оның  қан  айналысы, 
маңайындағы еттердің және сүйек қабығының бар-жоғы. 
Ашық,  әсіресе  атылған  сынықтан  кейін  болған  жалған  буын  ерекше 
орын алады. Өйткені, айналасындағы  тіндер, сүйек пен сүйек қабығы үлкен 
көлемде  зақымданып,  жара  біткесін,  орны  астындағы  тіндермен  жабысқан 
тыртық болып қалады. 
Жалған  буынды  әр  автор  әр  түрге  бөледі.  Соның  ішінде  В.  В. 
Корховтың  (1966)  бөлу  түрі  кең  қолданылады.  Бұл  бөліну  бойынша  жалған 
буынның үш түрі болады: 
1. Талшықты дәнекер. 
2. Сылқылдақ. 
3. Жаңа буын. 
Көбінесе талшықты дәнекер түрі көп кездеседі. 
да, сынық айнала-пайда болып, сүйек 
өсіп жетілуі үшін оны   гипспен   үзақ 

40 
 
 
А)                               Б)                         В)                            Г) 
21-сурет. Жалған буын. А) талшықты дәнекер Б)сылқылдақ  
В, Г) жаңа буындар түрлері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Жаңқауықтардың арасы бірімен-бірі жақын тұрады да, кейіннен ұштары 
тегістеліп,  сүйектің  түтігі  жаңадан  пайда  болған  сүйекпен  жабылады. 
Сылқылдақ түрі көбінесе операция кезінде бос сүйектерді алып тастағанның 
салдарынан  болады.  Жаңа  буын  түрінің  кәдімгі  буыннан  көп 
айырмашылығы  болмайды.  Жалған  буын  болған  кезде  еті  арылып, 
зақымдалған  сүйек  майысады,  сынған  жер  ауырмайды,  бірақ  қозғалғанын 
байқауға  болады.  Атқаратын  қызметі  бұзылып,  аурудың  жұмыс  қабілеті 
төмендейді. Рентгенограммада жаңқауықтардың арасы ашық, мүйізгегі жоқ, 
сүйектің  ұштары  тегістелген,  жіліктің   каналы    жаңа  пайда  болғансүйекпен 
жабылған. 
Емдеу.  Жалған  буынның  емі  -  тек  қана  операция.  Неғұрлым  операция 
ертерек жасалса, соғұрлым ол нәтижелі болмақ. Жалған буынды емдеу үшін 
қолданылатын операцияларды екі топқа бөлуге болады: 
1. Жалған буынның аймағында. 
2. Жалған буынның аймағында емес. 
 
 
 
 
22сурет. Гананың әдісі. 23сурет. Ф.Р. Богданов әдісі. 
24сурет.Ш.Д. Хахутов әдісі.25 сурет. Чаклин әдісі. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 

41 
 
Екінші  топтағы  операциялар  жалған  буынның  асқынған  түрін 
(остеомиелит) емдеуге ғана қолданылады. 
Бұл  топқа  Гананың  (22  сурет)  және  оның  өзгертілген  түрлері  жатады 
(Пуарье, Гентингтон, Стон). 
Негізгі  мақсат  -  кіші  жіліншікті  үлкен  жіліншікке  апарып  жалғау. 
Операциялар  екі  этаппен  жасалады  және  сүйекке  бекітілген  еттерден  бөліп 
алынбайды. 
Кейбір  авторлар  кіші  жіліншікті  орнынан  қозғамай,  жіліншік 
сүйектерінің  бір-бірімен  бітуі  үшін  жоғарғы  және  төменгі  эпиметафизден 
сүйек қағады (23-сурет). 
Көбінесе жалған буынның өзіне сүйек пластикасы әдістерімен операция 
жасалады.  Ол  үшін  сүйекті  жалған  буын  тұсынан  ашып,  шеттерін  тазалап 
каналын  ашады да  сүйек  пластикаларының  бір  әдісін  қолданады.  Солардың 
ішінде жақсы нәтиже беретіндері Ш. Д. Хахутов, В. Д. Чаклин әдістері. 
Хахутов әдісі бойынша (24сурет) ұзын жаңқауықтан қалыңдығы каналға 
шейін, көлемі 12x2 см сүйек алады, ал қысқа жаңқауықтан ұзындығы екі есе 
қысқа  сүйек  алып,  дайындалған  екі  сүйекті  орындарын  ауыстырып  қайта 
салады. 
В.Д. 
Чаклинның 
интра-экстрамедулярлық 
әдісінде 
(25-сурет) 
ұзыншалап  дайындалған  бір  сүйекті  сүйектің  каналына  кіргізеді  де, 
екіншісін  сүйектің  сыртынан  орын  дайындап  соған  бекітеді.  Қазіргі 
қолданып жүрген нәтижелі операциялардың  қатарына X. Ж. Мақажановтың 
әдістері де жатады. 
Х.Ж.  Мақажановтың  бірінші  операциясында  бітпеген  сүйектің  ұзын 
бөлігінің  алдыңғы  қырынан  бір  жақ  ұшын  қиғаштап,  екінші  ұшын  жалпақ 
етіп  кесіп  алады  да  сол  трансплантатты  180˚  айналдырып,  үшкір  ұшын 
төменгі  бөліктің  каналына  кіргіземіз,  жалпақ  жағын  алынған  жердің 
ойығына отырғызамыз. 
Х.Ж.  Мақажановтың  екінші  операциясында  сүйектің  ұзын  бөлігінен, 
егер сынық қиғаш болса онда сүйекті толықтай көлденең кесіп, алады да оны 
180˚-қа айналдырып  қиғаш ұшын төменгі бөлікке кигізеді де, жалпақ жеріне 
жоғарғы  қиғаш  бөлігінің  ұшына  кигізеді  де  жараға  толықтай  тігіс  салып 
жабады да гониттік гипсті 4-6 айға салады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
26-сурет. Макажановтың әдістері 
28 сурет. Ш.Д. Хахутон әдісі. 

42 
 
Сүйек пластикасынан басқа жалған буынды емдеугекомпрессия беретін 
аппараттар  қолданылады  (Г.А.  Илизаров,  О.Н.  Гудушаури,  Г.И.  Фельдман, 
И.Р. Воронович, Г.Цхай және басқалары). Аппарат арқылы жаңқауықтардың 
қозғалмай бір-біріне жабысып тұруы сүйектің бітуіне мүмкіншілік береді. 
 
 
 
27-сурет. Илизаров аппараты. 28-сурет. Гудушаури аппараты 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
ҚИСЫҚ БІТКЕН СЫНЫҚ 
Егер сүйек өз орнына түспей бітсе, ондай жағдайды қисық біткен сынық 
деп  атайды.  Қисық  біткен  сынықтың  бәрі  бірдей  аурудың  еңбек  етуіне 
қырсығын тигізе бермейді. Аурудың еңбек етуі қай сүйектің сынғаны, сүйек 
қаншама  қысқарды  және  қисайды,  оның  таяудағы  буынға  тигізетін  әсері 
және  тағы  да  басқа  жағдайларға  байланысты.  Сүйектің қисық бітуіне  себеп 
болатын  жағдайлар:уақытында  сүйекті  орнына  салмау,  емдеу  әдісін  дұрыс 
қолданбағандықтан  сүйектің  орнынан  қайта  қозғалуы,  сынықтың  түріне 
қарамай ерте аяққа күш салу, гипстік таңғышты ерте алып тастау. Айта кету 
керек,  баланың  қисық  біткен  сынығы  өсе  келе  түзеліп  кетеді  деген  ұғым 
дұрыс келе бермейді. Бала сүйегінің тек қана диафизі сынғанда ғана өсе келе 
түзелуі  мүмкін.  Ал  буынның  ішіндегі  сынық  немесе  буынға  таяу  жердегі 
сынық қисық бітсе өсе келе түзелудің орнына қайта қисайғаны ұлғая береді. 
Егер  қисық  біткен  сүйек  еңбек  етуге  мүмкіншілік  бермесе  операция  жасау 
керек.  Қисық  біткен  жерін  ажыратып,  сүйекті  орнына  салу  немесе  басқа 
жерден  остеотомия  жасап  қисайған  сүйекті  түзетіп,    ұзындығын    қалпына   
келтіру қажет.   
Бұл  мақсатқа  жету  үшін  көбінесе  компрессиялы-дистракциялы  аппарат 
қолданылады. 

43 
 
V ТАРАУ. АМПУТАЦИЯ 
Ампутация  дегеніміз  аяқты  не  қолды  сүйектің  не  сүйектердің  ұзын 
бойымен кесіп тастау. Егерде аяқты не қолды буын бойымен сүйекке тимей 
кесетін  болса  оны  экзоартикуляция  дейді.  Аяқ  пен  қолдың  сүйегін  қай 
деңгейінен  және  қандай  әдіспен  кесу  зақымдық  ерекшелігіне,  аурудың 
түріне және аурудың жалпы хал-жағдайына байланысты болады. Ампутация 
жасауға абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет