Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет21/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


 
ықшамдалған  жағдайда, шокқа  қарсы  терапия  "байқап  көру  емі"  сәтсіздікке 
ұшырағаннан кейін аяқталады. 
2.  Көмек  көрсету  көлемі  толық  болған  жағдайда  егде  және  қарт 
адамдардың  спецификалық терапиясы  ешбір  нәтиже  бермеген  "байқап  көру 
емінен"  және  бір  сағат  қан  алмастырғышты  артерияға  күшпен  жібергеннен 
кейін, ал, көмектің көлемі ықшамдалған болса, "байқап көру емі" сәтсіздікке 
ұшыраған  соң  және500  мл  қан  алмастырғышты  артерияға  күшпен  айдап 
еңгізгеннен кейін тоқтатылуы мүмкін,  
балалардағы  шокқа  қарсы  терапия  агонияға  (өлім  алдындағы  жанталасқа) 
дейін  тоқталмауға  тиіс.  Қан  алмастырғыштарға  қоса  консервіленген  қан 
пайдаланады.  Шок  және  елеулі  түрде  қансырау  қосарланған  жағдайда, 
мұның  зардап  шегушілерді  емдеуде  (кесте),  сондай-ақ  балалар  мен  қарт 
адамдардың терапиясы үшін ерекше маңызы бар. 
 
Жоғалтқан қан 
мөлшері, мл 
Меншікті 
салмағы 
Гемоглобин 
бірліктері 
Гематокрит 
500-ге дейін 
1057-1054 
65-62 
44-40 
1000 
1053-1050 
61-50 
38-32 
1500 
1049-1044 
53-38 
30-23 
1500-ден астам 
1044 
43 
23 
 
Уақытпен  санаспай  шокты  аяғына  дейін  емдеу  мүмкіндігі  қан  құюдың 
неғұрлым  тиімді  тәсілдерін  жасауға  (артерияға  күшпен  үздік-үздік  және 
фракциялық  әдіспен  ұзақ  уақыт  тамшылата  венаға  жіберуге)  жағдай 
туғызады; қанды бірден, тіқелей құюды үйымдастыруға да болады. 
Зардап шеккен егде және қарт адамдар шокқа ұшыраған жағдайда келіп 
түсісімен  оларға  гормонотерапияны  (вена  ішіне  50-80  өлшемді  АКТГ  мен 
100-125  мг  гидрокортизонды  тамшылата  жіберуге)  қолдануға  және  одан  әрі 
кестеге сәйксс емдеуге болады. Артериялық қысымды қолдан тұрақтандыру 
үшін  новокаинның  0,5%  ерітіндісінен  басқа  азоттың  шала  тотығымен  /1:1/ 
жалпы  наркозды,  бұлшық  ет  релоксанттарын  /дитилин  80-100  мг  немесе 
диплацин  100-200  мг/  және  АКТГ  пайдалануға  болады.  Қан  тамырының 
тонусына  әр  түрлі  әсер  ететін  бұл  заттар  дәл  осы  жағдайда функционалдық 
жалпы бағытта бірлесе қызмет еткен синергистер болып табылады. 
 
АРАЛАС ЗАҚЫМДАНҒАНДАҒЫ ШОК ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН 
ЕМДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Бас  сүйек-ми  жарақаты  мен  аяқ-қолдың  көптеген  ауыр  зақымдануы   
қат-қабат келген кезде шокқа байланысты нағыз қиын жағдайлар байқалады. 
Бас  сүйек-ми  жарақатының  өзі  шокпен  өте  сирек  қабаттаса  жүреді,  сөйтіп, 
әдетте  мидың  шайқалу,  жаншылу  синдромында  және  бас  сүйек-ми 
комасында /есін жоғалтқан жағдайда/ ғана көрініс табады. Көп ретте  шокпен 
асқынатын  аяқ-қолдың  жарақатымен  қабаттаса  келген  кезде  шок  пен  бас 
сүйек  жарақатының  белгілері  бір-бірімен  қабаттасып  ішінара  білінбей 
кетеді. Соның ішінде шоктың ең басты белгілері - тахикардиялы артериялық 

201 
 
гипотония  ми  шайқалғанда  және  жаншылғанда  үнемі  анықтала    бермейді. 
Әсіресе бас сүйек-ми комасы мен шоктың диагнозын қою қиын. Тек байқап 
көру үшін артерияға қанды қысыммен жіберу ғана дүрыс шешім қабылдауға 
көмектеседі.  Егер  осы  кезде  артериялық  қысым  артып,  адамның  есі 
кірмейтін  болса,  кома  депнемесе  оның  шокпен    қабаттасқаны  деп  ойлау 
керек.  Егер  қысым  бірте-бірте  көтеріліп,  ауру  адам  есін  жинайтын  болса, 
онда жарақаттық  шок деген  диагноз  қате болмайды. Егер бас сүйек пен ми 
зақымданса,  онда  қосымша  жарақаттық  шоктың  диагнозы  да,  шокқа  қарсы 
ем  толық  көлемінде  жүргізіледі.  Дененің  және  аяқ-қолдың  кең  көлемде 
зақымдануы  мен  кеуде  қуысының  ауыр  жарақаты  қат-кабат  келген  кезде, 
кейде  гипотонияның  басты  себебін  табу  киынға  түссді.  Басты  себеп  шокта, 
тыныс алу жеткіліксіздігі негізіндегі желдеткіш гипоксияда /қабырғалар көп 
жерінен  сынғанда  тыныс  алған  кезде  кеуденің  парадоксальды  қозғалысы, 
өкпенің соққы алуы және жыртылуы, кеуде қуысы орнынан қозғалғанда күш 
түскен  гемопневмоторакс/  жүректің  соққы  алуы  да,  кеуде  қуысының 
эмфиземасы және осы зақымданулардың  кез келген қабаттас түрлері болуы 
да мүмкін. 
Зақымданған кеуде қақпақтары маңайының парадоксальді қозғалыстары 
болған  жағдайда  төс  сүйегі  мен  қабырғалардың  ішке  қарай  ауа  тартуға 
қатысуы  өкпе  вентиляциясының  көлемін  арттыруға,  тіндердің  гипоксиясын 
төмендетуге, артериялық қысымды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Егер 
бұлай  болмаса,  онда  жарақаттық  шок  деген  диагноз  қойылады  да,  тиісті  ем 
колданылады.  Жүректің  соққы  алуының  негізгі  симптомы  минутына  140-
160°-қа  дейін  жететін  компенсатор  типті  тахикардия  болып  табылады.  Ол 
төмен  артериялық  қысыммен  және  өте  маңыздысы  сынап  бағанасының  20 
мм-не  жететін  тамыр  соғысының  аз  қысымымен  жиі  қабаттаса  жүреді. 
Жүректің  соққы  алуынан  болатын  тахикардияның  ерекшелігі  тұрақтылығы: 
оны әдеттегі тәсілдермен басу мүмкін емес. 
Кейде  алғашқы  күні,  ал  кей  жағдайда  2  және3  тәуліктерде  көрінетін 
артериялық  қысымның  қолданылған  емге  карамастан  төмендеуге  бейім 
келетін  тұрақсыздығы  маңызды  белгіге  жатады.  Жүрек  соққы  алған 
жағдайлардың  жартысында  шоктың  немесе  кеуде  қуысы  жаншылуы 
белгілерінің артық болуына байланысты енгізу, цианоз немесе беттің қуқыл 
тартуы  байқалады.  Соққы  кокетке  тимесе,  көбінесе  жүректің  соғу  ырғағы 
дұрыс қалпында калады. Ол зақымданса аритмия пайда болады. 
ЭКГ-да  соққы  алған  аймағынан  миокард  гипоксиясының  белгілі  бір 
дәрежеде  кейбір  жағдайларда  өткізгіштігінің  өзгергендігі  байқалады;  бұл 
белгілер  елеулі  синустық  тахикардиямен  қабаттаса  жүреді.  Жүрек  соққы 
алды-ау  деп  күдіктенгеннің  өзінде  жарақаттық  шокты  емдеу  әдеттегіден 
басқаша  жүргізілуге  тиіс.  Әрбір  жағдайда  шокты  емдеу  кестесіне  түзету 
енгізу өз алдына жүзегс асырылады. 
Ауру  адам  өзінше  тыныс  алуға  көшірілуі  тиіс.  Катты  қансырағанның 
өзінде  артерияға  бір  топтағы  қанды  құюды  сақтықпен,  жоғалған  қанның 
орны  толғанша  бөлшек-бөлшек  мөлшермен  құю  керек,  бірақ  артық  құюға 
болмайды.  Бұл  жағдайда  терапияның  көздеген  мақсаты  артериялық 
қысымды  қалыпты  дәрежеге  жеткізу  болып  табылмайды.  Егер  систолалық 

202 
 
кысым  сынап  бағанасының  80-90  мм-нен  төмен  түспейтін  болса, 
гемотрансфузияны жасамағанның өзі артық. 
Сұйық  жіберу  катаңтүрдешектелуге  тиіс  және  оларды  жылдамдығы 
минутына 40 тамшыдан келетіндей етіп тамшылата жіберу керек. Ең дұрысы 
-  желатинольдің  немесе  полиглюкиннің  төмен  молекулалы  косылыстарын 
пайдалану.  Сұйыққа  инсулин,  В1және  В6витаминдерін,  аскорбин 
кышқылын,  калий  хлоридініц  10%  ерітіндісін  /20  мл/,  ал  өршіген  ацидоз 
кезінде  -  натрий  бикарбонатының  4%  ерітіндісін  араластырған  глюкозаны 
қосқан  пайдалы.  Тәулік  ішінде  енгізілген  сұйыктың  жалпы  мөлшері  1,5 
литрден аспауы тиіс. 
Тахикардия  кезінде,  жыбырлағыш  түрдегі  аритмия  пароксизмальды 
тахикардия  экстрасистолия  пайда болғанда ганглиоблокаторлар  /20 мг-нан 
тілдің  астына  салу  үшін  тәулігіне  3-4  рет  индерал  беру  немесе  1  мл-ден  
бұлшықетке  және  жайлап  венаға/  жіберген  жөн.  Симптоматикалық 
аминдерді-мезатонды  немесе  норадреналинді  венаға  тамшылата  жіберу 
арқылы  пентеминнің  де  /50-80мг/  қолданылуы  мүмкін.  Жүрек-қан 
тамырлары  дәрілерін,  камфора  майын,  кофеинді,  кардиаминді  міндетті 
түрдеқолдану керек. 
Егер  жүректің  күрт  әлсіреуі  /жүрек  демікпесі,  өкпе  ісігі/  сияқты 
құбылыстар  байқалмаса,  онда  алғашқы  сағаттарда  жүрек  глюкозидтерін 
пайдаланбай  тұра  тұрған  жөн.  Жүрек  глюкозидтері  одан  кейінгі  көрсетулер 
бойынша  пайдаланылады.  Жүректің  соққы  алуы  ауыр  шокпен  кабаттаса 
келген  жағдайда  анаболды  ыкпал  ететін  препараттар  /неробол, 
метиландростендиол/ 
косып, 
глюкокортикоидтар 
тобынанстероидты 
гормондар /преднизолон, дезоксикортикостерон/ қолдану ұсынылады. 
Алғашқы 2-3 күн бойына ауру аузымен тамақ жеп, сұйық ішпеуге тиіс. 
Бүкіл  емдеу  кезеңінде  ауа-оттегі  қоспасын  жұтқызу  түрінде  интенсивті 
оксигенотерапия жүргізіледі. 
Жүрек  соққы  алған  кезде  жарақаттың  сипатына  байланысты  қажетті 
операция  тиісті  анестезиологиялық  дайындықтан  соң  және  еңаз  мөлшерде 
тек өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана жасалуы мүмкін. 
Іш қуыстары жарақаттанғанда және жамбас сынғанда ішке кан кетуден 
немесе  көк  ет  сыртындағы  клетчаткаларға  қан  күйылудан  шок  ауырлайды, 
соның  салдарынан  емдеуге  қарамастан  тамырдың    соғысы  мен  артериялық 
қысым тұрақсыз болады және тұрақтандыруда қиын.  Қансыраумен шок бір-
бірін өзара ауырлатады. 
 
ЕГДЕ ЖӘНЕ ҚАРТ АДАМДАР ШОГЫН ЕМДЕУ БАРЫСЫMЕН 
ЕРЕКШЕЛIКТЕРІ 
Шок  өте-мөте  ауыр  өтеді,  емдеу  қиын  соғады,  өлім-жітім  көп  болады. 
Мұнда  көбінесе  бас  сүйектің,  кеуде  және  ішкуысы  органдарының  
қосарланған  зақымдарына  деркезінде диагноз қойыла бермейді. 
Артериялық  қысымның  деңгейіне  карап  шоктың  ауырлығынтек 
шамалап  қана  анықтауға  болады.  Гипертониялық  аурумен  сырқат-
танатындардың  артериялық  қысымы  сынап  бағанасының  120-130  мм-не 
жеткеннің  өзінде  ауыр  шок  болуы  мүмкін,  бірақ  бұл  жағдайда  тамыр 

203 
 
соғысының  жиілігі  қысымның  деңгейіне  сай  келмейді:  ол  жиі  әрі  бір 
қалыпты болмайды, айналыстағы қанның мөлшері күрт азаяды, дем алыстың 
бұзылуы жиі байқалады. Әдетте шокқа қарсы шараларға реакция төмендейді, 
ал кейде болмайды. 
Емдеу  ерекшеліктері:  үздік-үздік  тәсілмен  артерияға  және  венаға 
тамшылата веналық қысым деңгейін үнемі бақылай отырып, С,  В1, В6, В12 
витаминдері  қосылған  жаңа  цитратты  оксигендірілген  қан,  50-80  өлшемді 
АКТГ, 100-125 мл гидрокартизон құйған жөн. 
Егер артериялық қысым  көтерілмейтін болса, онда 80-100 мг пентамин 
немесе  50-60  мг  гексоний  жәнс  норадреналиннің  1%  ерітіндісін  тамшылата 
жіберу  арқылы  қысымды  сынап  бағанасының  120-130  мл  деңгейіне 
тұрақтандыру  керек.  Ауру  өкпесін  кәмекші    немесе  қолдан  дем  алдыруға 
ауыстырып, вснасына көмір қышқылды соданың 4-5%  ерітіндісінің 200 мл-
ін  және1-1,5  г/кг-  мантинолды  жіберу  қажет.  Артериялық    қысым  қалпына 
келген  соң  венаға  0,6  мл/кг  новокаинның  0,5%  ерітіндісін  тамшылата 
жібереді. Шок жағдайынан шығармай тұрып жасалған операция 100% өлімге 
әкеліп  соқтырады.  Сондықтан  тамырды  іздеп  табу  жарақатты  кең  көлемде 
тексеріп көруге байланысты болмаса,  онда сыртқа қарай аққан қанды қысып 
тоқтатқан  жөн.  Зақымданудың    сипатына  байланысты  қажетті  хирургиялық 
араласу шоктан шыққаннан кейін 8-10 сағаттан соң рұқсат етіледі. 
Егер  зақымданудың  сипатына  сай  зардап  шегушіге  шоктан  шыққанша 
операция  жасау  керектігі  анықталса,  сондай-ақ  шокты  бір  сағат  бойы 
қарқынды емдеуді ауыртпайтын дәрілерді жіберумен шектеген жөн. 
 
БАЛАЛАР ШОГЫН ЕМДЕУДІҢ БАРЫСЫ  
МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Шок  балаларда  тез  дамып,  аз  уақыт  ішінде  асқынып  кетеді  /II  және  III 
дәрежелі/.  Сонымен  бірге  органдар  мен  жүйелердегі  терең,  тым  тұрақты 
функционалдық өзгерістердің өзі көп жағдайларда қайтымды келеді. 
Терапевтік  шаралар  комплексі  негізінен  ересектерге  арналғанмен 
бірдей, бірақ өз ерекшеліктері болады. Венаға және тіпті артерияға қанды бір 
сәт ағыза күшпен құю үнемі дұрыс нәтиже бере бермейді. Таңдап алынатын 
тәсіл  артерияға  үздік-үздік  күшпен  ағыза  жіберу  болып  табылады  әрі 
ампуладағы қысым баланың қалыпты артериялық қысымынан 60-80% артық 
болуға  тиіс; артериялық  қысым  сынап бағанасының  5  мм-нен  артқан  сайын 
осы  жеткен  деңгей  әбден  тұрақтағанша  үзіліс  жасап  отыру  қажет;  веналык 
қысым тез артқан жағдайда күшпен ағызып енгізу  тоқтатылады. Венаға қан 
мен сүйық құюды артериялық қысым қалыпты деңгейге дейін көтерілгенше 
веналық  қысымды  бақылай  отырып,  тек  тамшылату  тәсілімен  жүзегеасыру 
керек. 
Медикаменттік дәрі-дәрмектер, вазопрессорлар, гормондар, витаминдер 
және т.б. баланың жасына қарай мөлшерленеді. 
Артериялық  қысымды  қолдан  тұрақтандыру  новокаинның  0,5%-тік 
ерітіндісін 0,5 мл/кг мөлшерінде венаға жіберу жолымен жүзеге асырылады. 

204 
 
ТРОМБЭМБОЛИЯ 
Жарақат  алынған  күннің  алғашқы  күндерінде  жиі,  қатал,  өлімге  дейін 
әкеп  соғатын  сүйектің  сынғанынан  пайда  болатын  асқыну  өкпе 
артериясының  тромбэмболиясы.  Өкпе  артериясының  тромбэмболиясы 
көпшілігінде  жамбас  және  аяқ  сүйектері  сынғанда  пайда  болады.  Бұл 
асқынуданауру өлімі 10-20% жетеді. 
Қанұюының  пайда  болу  көзі  жамбастың,  санның,  балтырдың  веналық 
қан  тамырында  қанның  ұюы  болып  есептеледі.  Жарақат  алғаннан  кейін 
бірінші  6-10  күн  ішінде  жарақаттанғандардың  60%  -  ында  флеботромбоз 
болатыны флебографикалық әдіспен толық анықталады. 
Сүйек сынғанда флеботромбоз болудың бірде-бір себебі төсекте жатқан 
аурудың аяғының веналарында қан айналысының баяулауы және ұзақ уақыт 
гипстік  таңғышта  болуы,  бүлшық  ет  арасына  құйылған  қанның  қысуынан 
және  жарақаттың  әсерінен  пайда  болған  ісіктің  қысуынан  веналық  қанның 
кейін  қайтуы  нашарлайды,  оған  қосымша  зақымдалған  тіндерден  тіндік 
тромбопластиннің қан тамырына түсуіне байланысты болады. Аяқ сүйектері 
сынған  көпшілік  аурулардың  гемокоагулограммасы  гиперкоагуляцияға 
қарай  өзгеруі  флеботромбоздың  болуына  әкеп  соғады  да,    кейіннен    өкпе  
артериясының  тромбоэмболия  болуына душар етеді. 
Уақытында  аяқтың  терең  веналарындағы  тромбозын  анықтау  өте  
қиынға соғады және онша белгісі болмайды. 
Ал  аяқтағы  пайда  болған  ісікті  және  ауырғанын  сүйектің 
сынғандығынан деп ойлайды. 
Өкпе  артериясының  тромбоэмболиясының  дамуы  мен  клиникалық 
ағымында екі вариант болады. 
1. Үлкен тромбпен дереу өлімге әкеп соғатын кенеттіэмболия. 
2. Біртіндеп дамитын өкпе артериясының тромбоэмболиясы 
Бірінші  нұсқаұзақ  қозғалмай  төсекте  жатқан  адам,  кенеттен  дөрекі 
қозғалыс жасағанда пайда болады. 
Клиникасы.  Аурудың  жағдайы  кенеттен  шұғыл  нашарлайды,  коллапс 
болуы  мүмкін,  есінен  танады,  көгереді,  әсіресе  дененің  жоғарғы  жағы  жылдам 
дем  алып  алқынады.  Кей  уақытта  алдымен  төс  сүйегінің  артында  ауру  пайда 
болып тұншығады, коллапс тереңдеп осы қалыпта жүрек соғысы тоқтауы мүмкін. 
Ең көп кездесетін симптомдардың бірі дем алудың нашарлауы, диспноэ 
дамиды немесе тахипноэ болып ауруға ауа жетіспейді. 
Тромбоэмболия  көбінесе  қартайған  адамдарда  және  жарақаттан  басқа 
қосымша  ауруы  /атеросклероз,  қанқысымы  ауруы  тағы  басқасы/  бар 
адамдарда  кездеседі.  Өкпе  артериясының  тромбоэмболиясы  жарақаттан 
кейін,  не  операциядан  кейінбіріншіекі  жұма  ішінде  болады.  Бірінші  белгісі: 
кенеттен  бір  жақ  өкпесінде  қатты  шанышқан  ауру  пайда  болады,  дем  алуға 
ауа  жетпейді,  қорқыныш  пайда  болып,  басы  айналады,  құсқысы  келеді. 
Бірнеше сағаттан кейін денесінің қызуы басталады, артериялық қан қысымы 
төмендейді,  жүрек  соғысы  көбейеді,  алқыныс  пайда  болады,  еріндері 
көгереді, екі беті алабұртып кенеттен түсі бұзылады. 

205 
 
Кеудені  тыңдағанда  өкпенің  ауырған  жағында  дем  алысы  әлсірегені 
байқалады,  ал  бірнеше  сағаттан  кейін  плевраның  үйкеліс  шуылы  естіледі. 
Бірнеше  күннен  кейін  өкпеде  дымқыл  сырыл  пайда  болады,  плевраның 
қуысына  қанды  сұйық  жиналады.  Ауырғанның  3-7  күні  қан  түкіру  пайда 
болады.  Тыңдағанда  өкпенің  артериясының  үстіңгі  жағынан  екінші  тонның 
акценті  пайда  болады,  ЭКГ-да  жүрекке  күш  түскендік  байқалады,  жүректің 
бұлшықетінде  гипоксия  болады.  Өкпе  артериясының  тромбоэмболиясын 
рентгенмен  тексергенде  пневмонияға  ұқсаған  көлеңке  көрінеді,  өкпе 
көлемінде  қан  тамырлы  суреті  азаяды,  өкпе  түбі  /тамыры/  "кесінді"  сияқты 
болады.  Қанның  ұюы  жылдамдап,  ұю  уақыты    қысқарады.  Протромбиннің 
көрсеткіші  100%  және  одан  да  жоғары  болады.  Өкпе  артериясының 
тромбоэмболиясына профилактика жасау үшін ауруға бірінші күннен бастап 
дегидратациялық  дәрілер  және  кері  әсер  ететін    антикоагулянттар 
береді,ертерек емдік гимнастика жасайды. 
Өкпе  артериясының  тромбоэмболиясының  емі  комплексті  болу  қажет. 
Сондықтан  да  ауруға  тура  және  керіәсер  ететін  антикоагулянттар, 
дезагрегациялық  дәрі,  қан  тамырларын  кеңейтетін  және  антигистаминді 
жүрек-қан тамырлыдәрілер беру керек. 
Өкпе  артериясының  тромбоэмболиясына  толық  диагноз  қойылғаннан 
кейін  венага  10000  ЕД  гепарин  және  100000  ЕД  фибринозилин  дәрілерін 
тамшылатып  6  сағат  ішінде  құю  керек.  Қанның  ұю  уақытын  20  минутқа 
дейін  қадағалап  отыру  керек.  Кейіннен  5000  ЕД  гепаринді  әрбір  4 
сағатсайын құю қажет. 
Екі  күн  өткеннен  кейін  гепариннің  дозасын  20000  ЕД  (5000  ЕД  4  рет) 
дейін азайтады, кейіннен 10000 ЕД-ға дейін (2500 ЕД-ны 4 рет) төмендетеді. 
Қанның  ұюын  тұрақтандырғаннан  кейін,  6  күннен  соң  ауруға  бұрыс  (кері) 
әсер ететін антикоагулянт-фенименді 0,03 грамнан 3 рет береді. 
Қанның  жабысқақтығын  азайту  үшін  және  микроциркуляцияны 
жақсарту үшін бір күннің ішінде 800 мл реополиглюкинге 5% С витаминінің 
ерітіндісін венаға тамшылата құю қажет. Қосымша венаға 0,5%-тік новокаин 
ерітіндісінен  200  мл  және  5%-тік  глюкозаның  ерітіндісін  қүяды. 
Спазмолитиктік  дәрілерден  2%-тік  2  мл  но-шпа  ерітіндісін  және  1  мл 
компламин ерітіндісін вена тамырынажібереді. 
 
МАЙЛЫ ЭМБОЛИЯ 
Сынықтың  ертерек  кездесетін  күрделі  асқынуларының  бірі  -  майлы 
эмболия.  Жекелегең  сынықтарда  майлы  эмболия  3-6%-ке  дейін  болса,  
көптеген  сынықтарда  -  27,8%  кездеседі.  Майлы  эмболия  20  мен  30  жаста 
(балтыр  сүйектері  сынғанда)  және  60  пен  70  жас  арасында  сан 
сүйегініңмойыны сынғанда болады. 
Майлы  эмболияның  өкпелі  және  милы  түрі  болады,  ал  кейде  екеуі 
қосылып кездессе жалпы денеге тараған түрі деп атайды. 
Клиникасы. Май эмболиясында өзіне тән белгілері болмайды. Ең өзіне  
жақын  белгілерінің  бірі  кеудеде,  іште,ішкі  мүшелерде,  қолда  петехиялық 
бөртпелер  мен  ұзақ  қан  құйылулар  2-3-ші  күні  пайда  болады.  Көпшілігінде 

206 
 
майлы эмболияның белгілерінің бірі гемоглобиннің төмендеуі, себебі өкпеге 
қан құйылады. 
Майлы  эмболияның  өкпелі  түрінде  ауруға  ентікпе,  көгергендік, 
тахикардия  пайда  болып,  артериялық  қысымы  төмендейді.  Өкпе 
артерияларының үлкен тармағы маймен бітелсе ауруды өлімге душар етеді. 
Майлы  эмболияның  милы  түрінде  бас  айналады,  бас  ауырады,  есінен 
танады, жалпы әлсіздік болады, құсады. 
Емдеу.  Майлы  эмболияны  емдеу  шоктың  алдын  алу  емінен  басталып, 
антикоагулянттар  береді,  қатаң  төсектік  тәртіп  болу  керек,  трасилолдық 
протеаздың 
контрикалдық, 
эпсилонаминокапронды 
қышқылының, 
реополиглюкиннің,  гемодездің,  гидрокартизонның,  эуфиллиннің,  кокар-
боксилазаның, кордиаминнің, строфантиннің, ингибиторларын бір жұманың 
ішінде 
береді. 
Венасы 
арқылы 
тұзды 
глюкозалық 
ерітіндісін,  
декстрандардың  ерітіндісін, антигистаминдік дәрілер жібереді. 
Майлы  эмболияның  өкпелі  демалу  түрінде  оттегімен  деп  алдырып, 
аурудан  300-400  мл-дей  қан  ағызу  қажет.  Венасы  арқылы  көп  етіп  қан 
орнына  қолданатын  дәрілер  мен  қанды  құюға  болмайды.  Себебі,  аурудың 
артериялды қысымы көбейіп эмболдарды өкпе бассейндерінен әрі қозғап қан 
айналымды үлкен шеңберге шығарып майлы эмболияға айналдыруы мүмкін. 
 
БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ 
Ауыр жарақаттан кейін бүйрек қызметінің тапшылығы екіншілеп пайда 
болады.  Бүйрек  қызметі  тапшылығының  даму  негізі  бүйрек  ішіндегі  қан 
айналысының  бұзылуынан  (макро  және  микроциркуляциялар)  болады. 
Мұндай жағдай көбінесе жарақаттық шок болғанда, жедел көп қан кеткенде 
және  токсикоаллергия  факторлары  әсер  еткенде  болады.  Жарақаттық, 
аурулық факторлары, токсемия бүйректің сыртқы қабатының қан айналысын 
төмендетеді,  бүйрек  қан  тамырлары  қысылады.  Микроциркуляция  бүлінеді: 
алдымен  қан  тамырлары  қысылып,  кейіннен  паралич  болады  да,  тамыр 
ішінде тромб пайда болады. 
Клиникасы.  Бүйрек  қызметінің  тапшылығының  білінуі  диурездің 
өзгеруіне байланысты. Ауру күрделі жарақат алып жарақаттық шокта болса, 
не көп қан  кетіп жарақаттанған адамда олигурия немесе анурия пайда болса, 
ауруда  бүйрек  қызметі  тапшылығының  басталғаны  деп  білуге  болады. 
Сондықтан  да  диагноз  уақытында  анықталу  үшін  төмендегідей  шаралар 
қолдану керек: 
1. Аурудың  қуығына тұрақты катетер қойып, дәретін әрбір сағат сайын 
есептеп отыру қажет. 
2.  Егер  қан  араласқан  дәрет  шықса,  контрастысыз  және  контрасты 
заттармен рентгендік тексеру қажет. 
3. Алғашқы  және  кейінгі  алынған  дәреттің  қүрамынтексеру  қажет. 
Натрийдің  азайып,  дәреттің  меншікті  салмағы  көбейсе  олиго-анурияның 
басталғанын  көрсетіп,бүйрек  қызметі  тапшылығының  алғашқы  сатысы 
екенінбілдіреді. 
Бүйрек  қызметі  тапшылығының  клиникалық  ағымы  4  сатыдан  түрады. 
Алғашқы  сатысы,  олиго-анурия  сатысы,  диурездің  қалпына  келу  сатысы, 
жазылу сатысы. 

207 
 
1. Алғашқы сатысы. Жарақат күрделі болып, оның шокпен және көп қан 
кетумен  асқынған  жағдайында  басталады.  Бұл  сатысы  бірнеше  сағаттан  2-3 
күнге созылады және бүйректің қызметі онша бүлінбейді. 
2.  Олигоанурия  сатысы  3  жұмаға  созылып,  ертерек  гиперкалиемия 
болып  емдеу  өте  қиынға  түседі.  Бірінші  күннен  ацидоз  болып, 
декомпенсацияға әкеп соғуы мүмкін. 
Мұндай  олигурияның  себептерін  жоюдың  бірден-бір  жолы  жарақаттық 
шокқа  қарсы  күресу,  азайған  қанның  орнын  толтыру  және  интоксикацияға 
қарсы  күресу  болып  табылады.  Мұндай  ем  жүргізгенде  диурез  қалпына 
келіп, бүйректің қызметі әрі қарай дамиды.  
Егерде  аурудың  дәретін  тексергенде  дәреттің  меншікті  салмағы  тым 
төмен  түсіп  кетсе,  натрий,  азоттық  шлак  аз  болса,  ал  микроскоппен 
қарағанда  дәрет  түнбасында  протейнурия,  барлық  формалық  элементтер, 
цилиндрлер, белоктар, бос жүрген гемо және миоглобиндер болған жағдайда 
ауруда  олигурия  сатысы  басталғанын  көреміз.  Бұл  жағдайда  гиперазотемия 
болып,  қанда  әр  күн  сайын  азоттық  шлактардың    өскенін  көреміз.  Ауру 
есінен  танады,  дем  алу  жылдамдайды,  тамыр  соғысы  да  жылдамдап,  қан 
қысымы тұрақты болмай көбеюге мүмкіндік туады. 
3. Диурездің қалпына келу сатысы аурудың диурезінің көлемі 1500-2000 
мл жеткенде болады. Бірақ, диурездің келемі көбейгенімен бірінші 7-10 күн 
ішінде аурудың жағдайы әлі де болса қиын жағдайда  болады. 
Аурудың әлі де болса қиын жағдайда болуы дәрет пен қанда азоттың көп 
болуы,  электролиттік  баланстың  көлемді  өзгеруінен  және  иммунологиялық 
реактивтік  жағдайының  төмендеуінен  туындайды.  Аурудың  барысы 
жағымды  өтіп,  дұрыс  уақытында  емделсе  бүйрек  қызметінің  тапшылығы 
басталғаннан  кейін  2-4  жұма  өткен  соң  жазылу  сатысы  басталып  6-12  айға 
созылады.  Бұл  уақытта  ауруда  негізгі  жарақаттан  алғанқалдықтар  қалып, 
ауруда анемия сақталады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет