Емдеу. Бүйрек қызметінің тапшылығын реанимациялық бөлімде
емдейді. Басқы сатысында ауруды азайту шараларын
жасайды:
иммобилизация жасау, наркотиктік аналгетиктер, блокада жасау, қан және
басқа да ерітінділер құю.
Токсемиямен күресу жараға бірінші хирургиялық тазалау жасау, ұйыған
қанды шығару және жиналған іріндерді уақытында ашып сыртқа шығарып
жіберу болады.
Олиго-анурия сатысында мынадай емдер қолданылады: тұзды, сулы,
септикалық асқынуларды емдеу және оның алдын алу, өкпе және жүрек
кемістіктерін емдеу, дезинтоксикациялық ем жасау.
Калориясы жетімсіз тамақ. организмнің өзінің белоктарының
ыдырауына,
әсіресе
ет
белоктары
гиперазотемияға,
ацидозға,
гиперкалиемияға әкеп соғады. Сондықтан ауруға 1 литрге дейін 40-50%-дық
глюкозаны инсулинмен араластырып тамшылатып құяды, қосымша 500 мл
интралипидті немесе липофундинді және барлық витаминдерді құяды. Керек
уақытта гемодиализ жасайды.
208
ЖАРАҚАТТАН КЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯДАН
КЕЙІНГІ ОСТЕОМИЕЛИТ
"Остеомиелит" - тек сүйек миының қабынып шіруі сол сүйектің өзінің,
қабығының және сыртындағы жұмсақтіндердің қабынуы.
Остеомиелиттің дамуы микробтардың сүйек миынатүсуіне (әсіресе
алтынды стафилакоктердің) байланысты болады. Микробтар ашық
жарақаттанғанда немесе сүйекке операция жасалғанда түседі де, кейіннен
жарақаттан кейінгі немесе операциядан кейінгі остеомиелит дамиды.
Остеомиелиттер: 1. Гематогендік; 2. Оқпен атылғаннаи кейінгі; 3.
Жарақаттан кейінгі; 4. Операциядан кейін болып бөлінеді.
Ашық жарақаттан кейінгі болатын остеомиелит 15-49%-ға дейін, ал
операциядан кейінгі болатын остеомиелит небәрі 3% болады. Жарақаттан
кейін дамитын остеомиелитке мынандай факторлар ықпал етеді:
Жарақаттың түрі, ауыртпалығы, сынған жері, микробтардың түрі,
қосымша бірінші хирургиялық тазартудың сапасы. Көпшілік уақытта
жарақаттан кейін пайда болатын остеомиелит сүйектің сынған ұштарын ғана
қамтып қояды, ал сүйек көп жаңқаланып сынса, осы жаңқаланған сүйектерде
тегіс остеомиелит болады да кейіннен сүйектің сынған жерінде жетімсіздік
пайда болады.
Операциядан кейін пайда болатын остеомиелитке бейімді ететін
мынандай факторлар бар: толығымен тығыздалып бекітілмеген остеосинтез,
операция жасау уақытында сүйектің жан-жағындағы жүмсақ тіндердің
көлемінен ерекше, артық жарақаттануы, металдық конструкциялардың
коррозиясы, денеде астыртын немесе ашық микробтардың болуы.
Жарақаттан кейінгі остеомиелит көбінесе балтыр сүйектің төменгі
жағында кездеседі. Себебі, үлкен жіліншік сүйегінің алдында жұмсақ ет жоқ,
соған байланысты бұл сүйекте қан тамыры нашар дамыған.
Жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі остеомиелит созылмалы
болады. Денесінің қызуы көтеріледі, лейкоцитоз көтеріледі. Кейін жараны
тіліп іріңді шығарғаннан кейін дененің қызуы басылады, ірің ағуы азаяды,
жыланкөз пайда болады. Бұл жыланкөздер өз бетімен жабыла қоймайды.
Жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі остеомиелиттің ауыр
түрінде ауыру синдромы ерекше білінеді, жұмсақ тіндер ісінеді, дене қызуы
көбейеді, көлемді лейкоцитоз болады, СОЭ жылдамдайды, біртіндеп анемия
дамиды. Кейіннен рентгенде остеопороз болып, секвестрлік қорапшамен
секвестрдің өзі көрінеді. Ашық жарақаттан кейін дамитын остеомиелитке
профилактика жасау үшін ашық жара мен сүйекті бірінші хирургиялық
тазартуды ерте, толығымен жасап жараны жабу керек, ауруға үлкен көлемді
спектрлі антибиотик жіберу керек.Сынықты жалғау үшін сүйектіңмай
қуысына темір жіберуге болмайды. Оларды жалғау үшін Илизаровтікі
сияқтыстерженьді аппараттар қолдану керек.
Емдеу. Остеомиелитті емдеудегі басты міндет сүйектің шіріп іріңдеген
ошағын жою болып есептеледі.
Негізгі ем-оперативтік ем, аяқты қосымша таңғышпен бекіту,
антибиотиктермен емдеу, аурудың хал-жағдайын жақсартып, оның
микробпен күресу қабілетін жоғарылату: қан құю, қан алмастырғыштарды
құю.
209
Екінші бөлім бойынша тест сұрақтары
1. Бұғана сынғанда операция жасауға нақты көрсеткіш
А. Қиғаш сыну
В. Орнынан ығыспай сыну
С. Жаңқаланып сынып, жаңқа бұғана өстік бойына көлденең тұрса
D. Жабық сынық болса
Е. Жас шыбық тәрізді сынса
2. Үшбұрышты жастықша белгісі қай сүйек сынғанда тән
А. Тоқпан жілік сынса
В. Қабырға сынса
С. Жауырын денесі сынса
D. Жамбастың қалақша басы сынса
Е. Өкше сүйегі сынса
3. Ривулуа – Грегуаратәсілі, өкпе қуысында қандай асқыныс болғанда
қолданылады
А. Сарысу жиналса
В. Плевра қуысында іріңді сұйық болса
С. Қан жиналса
D. Ауа жиналса
Е. Ешқандай сұйықтық табылмаса
4. Білек сүйектерінің ортаңғы 1/3 бөлігі сынуына тән белгі қандай?
А. Ісіну
В. Қанталау
С. Терісі сыдырылса
D. Сүйек сықыры болса
Е. Өсі түзу болса
5. Хирургиялық мойын абдукциялық қалыпта сынғанда шынтақ буыны
қандай қалыпта болады
А. Шынтақ буыны денесіне жабысып тұрады
В. Шынтақ буыны бүгулі қалыпта болады
С. Шынтақ буыны денеден алшақ тұрады
D. шынтақ буыны сәл денеден алшақтау тұрады
Е. Шынтақ буыны жазулы қалыпта болады
6. Қандай қабырғалар жиі сынады?
А. Бірінші, екінші қабырғалар жиі сынады
В. Төртінші – алтыншы қабырға жиі сынады
С. Жетінші – сегізінші – тоғызыншы қабырғалар жиі сынады
D. Он екінші қабырға жиі сынады
Е. Үшінші қабырға жиі сынады
210
7. Білек сүйектері негізінен алақанға тіреп құлағанда авторы бойынша қалай
аталады?
А. Беннетта
В. Роланд
С. Смит
D. Колес
Е. Дюпюитрен
8. Беннетта сынығы қалай құлағанда болады?
А. Алақанға құлағанда
В. Шынтақ буынына тіреп құлағанда
С. Табанды қайырып алғанда
D. Бас бармаққа тірей құлағанда
Е. Қолды бұрағанда
9. 48 жастағы ауру алақанына құлаған білезік буыны ісінген, ұстағанда
сықыр бар, сырт жағында ойық байқалады. Диагнозы қандай?
А. Кәрі жілік негізінен сынған
В. Шынтақ өсіндісі сынған
С. Біз трізді өсінді сынған
D. Беннетта сынығы
E. Тоқпан жілік сынған
10. Ортан жілік мойыны сынғаны қандай сыныққа жатады?
А. Буын сыртылық
В. Буын ішілік
С. Диафиз сынығы
D. Өстік сынық
E. Дюпютриен сынығы
11. Менискілер қай мамандықта жиі жыртылады?
А. Машина жүргізушілерде
В. Шахтерлерде
С. Хоккейстерде
D. Құрылысшыларда
E. Ағаш өңдеушілерде
12. Шат сүйегі сынғанда қандай белгі болады?
А. Аяқталған Дюпютриен сынығы
В. Габбай белгісі
С. Сытырлау белгісі
D. Жабысқақ өкше белгісі
E. Сүйек сықыры болады
13. Омыртқаның қандай сынығы тұрақсыз сынық деп аталады?
А. Омыртқа денесі сынса
В. Көлденең өсінді сынса
211
С. Қылқан өсінді сынса
D. Артқы бекіткіш байламдар жыртылса
E. Алдыңғы үстіңгі жиегі опырылып сынса
14. Дюпютриеннің аяқталған сынығы деп қандай сынықты айтамыз?
А. Ішкі тобық сынса
В. Сыртқы тобық сынса
С. Екі тобық бірдей сынып, жілік аралық синдесмоз жыртылып, табан сыртқа
қарай шықса
D. Екі тобық бірдей сынып, табан сыртқа не ішке қарай шықпаса
E. Өкше сүйегі сынғанда
15. Майтабан болып асқыныс қай сүйек сынғаннан кейін дамиды?
А. Бірінші табан сүйегі сынса
В. Төртінші бақайшақ сынса
С. Қызыл асық сынса
D. Өкше сүйегі сынса
E. Тобық сынса
16. Табан сүйектерінің қайсысы сынғанда асептикалық некрозбен асқынады?
А. Өкше сүйегі сынса
В. Төртінші бақайшақ сынса
С. Қызыл асық сынса
D. Тобық сынса
E. Тәж сүйегі сынса
17. Жамбастың алдыңғы үстіңгі өсіндісі сынғанда қандай нақты белгі
болады?
А. Габбай белгісі
В. Ларрея белгісі
С. Лозинский белгісі
D. Алақан белгісі
E. Мак-Маррея белгісі
18. Асықты жілік қай бөлігінен сынғандажиі асқыныс кездеседі?
А. Айдаршығы сынғанда
В. Жоғарғы 1/3 бөлігі сынғанда
С. Ортаңғы 1/3 бөлігі сынғанда
D. Тобық сынғанда
E. Төменгі 1/3 бөлігі сынғанда
19. Бұғана сынғанда қандай емдеуге шина қолданады?
А. ЦИТО шинасын
В. Дитерихс шинасын
С. Кузьминский шинасын
D. Волков шинасын
Е. Шнейдеров шинасын
212
20. Буынды фронталдық қалыпта қозғауға қайсысы жатады?
А. Пронация
В. Супинация
С. Аддукция
D. Бұрау
Е. Абдукция
Екінші бөлім тест сұрақтарының жауаптары
1, не 2 және одан да көп жауаптары болуы мүмкін
Тестілік сұрақтардың эталондық дұрыс жауаптары
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
C C
C
D
C
C
D
D
А
В
C В,
D
D
C
D
C
C
Е C D
213
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ОРТОПЕДИЯ
I ТАРАУ. АЯҚ-ҚОЛДЫҢ ТУА БІТКЕН КЕМІСТІКТЕРІ
ТУА БОЛҒАН ОРТОПЕДИЯЛЫҚ АУРУЛАР
Антенатальды патология өте маңызды мәселе болып есептеледі. Құрсақ
ішіндегі болатын патологиялық өзгерістер нәресте туылмай тұрып не
туылғаннан кейін адамның 1/5 бөлігінің өліміне себеп болады. Ал тірі
қалғандарында анатомиялық немесе функционалдық кемістіктер өмір
бойына қалады.Туа болған кемістіктердің салдарынан болатын жас
нәрестелердің өлімі нәресте туып жатқанда болатын зақымданудан және
әртүрлі аурулардан кейін 3-ші орын алады.
Туғанға дейін адамның дене құрылысы өте маңызды және шешуші
кезеңдерден өтеді. Еркек пен әйелдің жыныс жасушалары қосылғанда
жалғыз жасуша – зигота пайда болып оның салмағы 0,5 миллион мг болады.
Кейінгі 9 ай ішінде бұл зигота өте күрделі организмге айналып,15 триллион
клеткадан тұрады да, оның салмағы 3000 грамға немесе 3 килограмға жетеді.
Организмнің дамып-өсу жылдамдығы алғашқы 8-12 жұмада болады
да,ұрық біртіндеп эмбрионға жас нәрестеге айналады.Организмнің
қалыптасу жолында жасушалардың өсіп-өнуі өте күрделі физико-химиялық
және биологиялық жағдайда өтеді.Осы жағдайларда аздаған ауытқу болса
әртүрлі мүшелер мен тіндерде дұрыс қалыпқа келтіруші процесстер бүлінеді.
Өніп-өсіп жатқан ұрық бүліндіргіш агенттерге, әсіресе имплантация
кезеңінде өте сезімтал болады. Бұл кезеңде көбінесе ұрық өліп қалады
немесе органдарда әртүрлі туа болатын кемістіктер пайда болады. Бұл
кезеңді бірінші және екінші қиын-қыстау кезең деп атайды.
Өніп-өсіп келе жатқан организмнің өліміне себепкер болатын әртүрлі
факторлар болады.Олар үш топқа бөлінеді: Экзогенді, эндогенді және
генетикалық факторлар.
1. Экзогендік факторларға жататындар:
Механикалық факторлардың әсер етуі;
Физикалық факторлардың әсер етуі;
Химиялық факторлардың әсер етуі;
Инфекциялық-уландырғыш фактордың әсер етуі;
2. Эндогендік факторлар:
Жергілікті аурулар;
Жалпы аурулар;
Ішкі секреция бездерінің аурулары;
Организмнің ескіруі факторы;
3. Генетикалық факторлар:
Хромосомдық комплекстің бұзылуы;
Зат алмасуының бұзылуы;
Мутация;
214
Механикалық әсер ету факторын өз уақытында Гиппократ
ұсынған.Оған жататындар жатыр ішінде судың көбеюі немесе азаюы,
ұрықтың жатыр ішінде амалсыз жатуы.
Физикалық әсер ету факторы.Төменгі температура тотықтыру және
ферментативтік процесстерінің баяулауының арқасында ұрықтың эмбрионы-
ның дамуы төмендейді. Сондықтан жасушалардың өсуі, олардың бөлінуі мен
дифференциясы бүлінеді. Ыстық температурада осындай залал келтіреді.
Химиялық әсер ету факторы. Көптеген химиялық заттар ұрыққа
тератогенді әсер етіп, ана организіміне ешқандай әсер етпейді. Оған
контрацептикалық заттар және аборт жасайтын дәрілер жатады. Мысалыға
талидомид деген дәріні ішкенде өте ауыр кемістіктерге душар еткізеді. Осы
сиякты оттегінің жетіспеуі де үлкен әсер етеді.
Инфекциялы-уландырғыш факторы. Бүгінгі заманда микроорганизм-
дер және олардың улы заттары кей жағдайда баланың жолдасы арқылы ұрық
пен эмбрионның денесіне өтіп әртүрлі кемістіктерге әкеп соғады.
Эндогендік факторлар. Жергілікті аурулар. Ұрықтың (эмбрионның)
өсіп-өнуіне және оның кейін жас нәресте болуына шешуші роль атқаратын
жатырдың әртүрлі патологиялық аурулары болып есептеледі. Мұндай
патологиялық ауруларға жататындар: жатырдың екі мүйізді түрі, жатырдың
инфантильдік түрі, жатыр ішінде баланың дұрыс орналаспауы қан
айналымын бұзады, эндо және миометрияның қабыну аурулары, жатырдағы
жаңа пайда болған миома, фибромиома және полиптер. Бұндай өзгерістер
ұрықтың жатыр ішіне жабысуын бүлдіріп зат алмасуының және эмбрионның
қоректенуін нашарлатып, оның өсіп-өнуіне және органдардың қалыптасуына
әсер етеді.
Жалпы аурулар.Бұған жататындар: қан қысымы ауруы, жүректің кемістік
ауруы салдарынан организмнің оттегімен қамтамасыз етілмеуі. Осыған
байланысты тотығу және ферметтік процесстің нашарлауы салдарынан әртүрлі
органдарда аномалия немесе жетіліп өспеуіне, дистрофияға шалдығуға, жатыр
ішінде асфиксия болуға және өлімге әкеп соғады. Қан қысымының жоғарылауы
ауруынан балалардың өлі тууы 30%-ға жетеді.
Эндокринді
аурулар.Эндокринді бездердің ауруы салдарынан
гормондардың дұрыс өндіріліп шықпағандықтан балалардың тірек-буын
аппараттарында әртүрлі аномалиялар болады.
Организмнің ескіру факторы. Егерде әйелдер жасы ұлғайғанда жүкті
болып босанса, туған балада әртүрлі кемістіктер болады. Соның ішінде
көбірек кездесетіні Даун ауруы-ақылсыз бала туады.
Генетикалық факторлар. Генетикалық факторларға ата-анасынан
балаға берілетін тұқым қуалайтын аурулар (ортан жілік ұршық басының
дұрыс дамымауы т.б.) Бұған тағы жататыны зат алмасуының бүлінуі. Бұған
себепкер болатыны кейбір ферменттердің жетіспеуі, белоктың, көмірсудың,
липидтың, минералдың зат алмасуларының бұзылуы.
Мутация немесе биологиялық жаңа белгілердің пайда болу себептері
радиацияның, дәрі-дәрмектердің, аш-жалаңаш болудың әсері болып
есептеледі.
215
Туа болған ампутация
Туа болған ампутацияның екі түрі болады: эктромелия және гемимелия.
Эктромелия түрінде аяқ не қолдың төменгі бөліктері болмай туады
(саусақтар немесе табан мен сирақ бөліктері), ал жоғарғы бөліктері
әдеттегідей болады.
Гемимелия түрінде аяқ немесе қол толығымен түбірінен жоқ
болады.Диагноз қою қиын болмайды, себебі бәрі көрініп тұрады.
Емдеудің ұтымды түрі уақытын кешіктірмей протез жасап, оны қолдануды
үйрету болып есептеледі. Қолға биоэлектрмен жабдықталған протез кигізіп,
саусақ орнына жұмыс істейтіндей арнайы аспап қолданылады.
Туа болған аяқ-қолдың ампутациясында фантомдық сезім аяқ не қолдың
жоқ бөлігін сезіну ешқашанда болмайды,ал жарақаттанғаннан кейін
ампутация жасағанда аяқ не қолдың төменгі бөлігі жоқ болсада оны бар деп
сезінеді.
Егерде білек сүйектері және балтыр сүйектерінің орта тұсында туа
болған ампутацияда сүйектер мен оны қоршаған еттер біркелкі өспейді
де,конус формалы болып кейіннен протез кигізуге келмей қалады.
Сондықтан да балаға жас кезінде қос сүйектерін (білек және балтыр сүйектің)
бір-бірімен біріктіріп синостоз жасап, аяқтың ампутация жасалған қалдық
ұшын бұлшықеттермен қалың етіп жабу керек.
ҚАҒАНАҚТЫҚ (АМНИОТИКАЛЫҚ ) БУЫНШАҚ
Қағанақтық буыну дегеніміз – туа болған аяқтағы, қолдағы,
саусақтардағы жұмсақ тіндердің (тері, еттердің) ішке қарай жіңішке жіп
сиякты жаншылып қысылуы. Бұндай қысылу кейде, тіпті сүйекке дейін
барып, нерв пен қан тамырларына қысым жасайды. Диагноз қою оңай, себебі
көргенде көзге аяқ не қолда,саусақтарда терең із көрінеді. Бұндай терең іздер
трофикалық бұзылуларға әсер етеді:шор аяқ немесе ірі аяқ, саусаққа әкеп
соғады, трофикалық жара (язва), терінің жаны кетеді.
156 сурет. Қағанактық буыншақтың үйлесу турлері:
а)екі саусақтың синдактилиясымен; б)туа біткен маймақ аяқпен;
в) екі саусақтың жартылай үлкеюіменҚағанақтық буыншақты тек
операция жасап емдеуге болады
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
216
Операцияны мына жағдайларда жасайды: буыншақ терең болып қан
айналысын нашарлатса, косметикалық кемістік жасаса, трофикалық
жараларға әкеліп соқса.
Егерде қағанақтық буыншақ басқа аурулармен үйлесіп келсе, алдымен
буыншақты жою керек. Содан кейін аяқ-қолдың төменгі жақтарының қан
айналысы жақсарғаннан кейін ғана басқа ауруларға жасауға болады.
Емі-операция жасау.Қағанақтық буынуы бар балаларға операцияны бір
жасқа толар-толмас уақытта жасаған өте тиімді болады, себебі жас
уақытында трофикалық өзгерістер болмайды және тіңдердің пластикалық
мүмкіншіліктері көп болады.Жаншылып қысылған жердің терісін
айналдырып, кесіп алып, тастайды да жара жиегін тігеді. Тігер алдында
қысылған фасцияны тіледі, қан тамырлары мен нерв сабақтарын
қысымдықтан босатады.
СИНДАКТИЛИЯ
Синдактилия дегеніміз эмбрионалдық өсу уақытында саусақтардың
өсуінің тоқталып әр саусақтың арасының өзара ашылмай қалуы.
Синдактилия – бала жатыр ішінде жатқанда,ұрық пайда болғанына 7-8
жұма арасында саусақтардың өсуі өте тез болады. Осы мезгілде әртүрлі
себептермен саусақтардың арасы бөлінбей қалады. Көпшілік ғалымдардың
айтуы бойынша әрбір 2000-3000 туған балалардың біреуінде синдактилия
болады.
Саусақтар арасының ашылмай қалуының мынадай түрлері бар: терілік
түрі, жарғақтық, сүйекті және саусақтардың ұш жағының жабысу түрлері.
Терілік түрі- ең көп кездесетін түр. Бұндай түрінде саусақтардың арасы
басынан ақырына дейін толығымен бітеу болады (әсіресе III және IV
саусақтар). Екі саусақтың қозғалысы бірге болады.
Жарғақтық түрінде - саусақтар өте жұқа жарғақ сияқты терімен
қосылған. Жарғақтық түрінде саусақ қозғалысы нашарламайды.
Сүйекті түрі- саусақтың бір бөлігінде не барлық бөлігінің бір-бірімен
сүйек арқылы өсіп қосылуы. Емдеу біраз қиындыққа түседі.
Саусақтың ұш жағынан жабысуы тек тырнақ өсер бөлігінде
кездеседі. Бұл түрі сүйекті не терілік түрінде кездеседі. Оңай емделеді.
Саусақтардың туа біткен өзара ашылмай қалуының келешек болжамы
оның түріне байланысты болады, жалпы операциялық нәтижесі кейінде
жақсы болады.
Қол саусақтарында көпшілік жағдайда бөлінбей қалатын 3-4 саусақ
арасы, ең аз кездесетіні 1- 5-ші саусақтар басқаларымен жабыспайды.
ЖІКТЕЛУІ. Синдактилияны Г.Ф. Балабендуттың топтастыру жүйесін
қолданамыз.
Бұл бойынша:
1. Жеңіл формасы
2. Күрделі қиын формасы
Жеңіл формасы 3 топқа бөлінеді:
217
А) Терілік түрі
Б) Көп қабатты түрі
В) Сүйекті түрі
3. Саусақтардың бір-бірімен жабысу дәрежесі бойынша алдында
айтылған 3 топ төмендегідей болуы мүмкін:
А) толығымен жабысу
Б) толық жабыспауы
Толық жабыспаудың 2 түрі болады:
А) саусақтардың түп жақтары
Б) саусақтардың ұш жақтары
Күрделі қиын формасы 4 топтан тұрады:
А) терілік
Б) көп қабатты
В) сүйекті
Г) араласқан түрі
157 сурет. Синдактилияны оперативтік емдеу (торап түрінде):
а) Дидо әдісі; б) Джаналидзе әдісі
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Синдактилияны емдеуде көп өріс алған әдістердің бірі -Дидоның әдісі.
Бұл әдіс бойынша саусақтың іші мен сыртынан екі жарнамалы тік бұрышты
кесінді жасап, жараны алынған кесінділермен жабады. Бұл операцияның
кемшілігі кесінділерді тіккенде өзара қатты тартылғандықтан оның
шеттерінде некроз болады, саусақ араларының қаптары онша терең
болмайды.
Операция жасау арқылы емдеу синдактилияның түріне, формасына, бір
жақтылығы, екі жақтылығына, дәрежесіне байланысты болады. Операцияны
балаға 5 жасқа дейін жасаса өте ұтымды болады.
Егер де саусақтардың түп жақтары жабысқан болса, ол саусақтың өсуіне
және қызметіне кедергі болмайды. Сондықтанда операцияны кейінге
қалдыруға болады.
Егер де саусақтардың ұш жақтары жабысқан болса, саусақтардың
әдеттегідей өсіп жетілуіне кедергі болады. Сондықтанда операцияны
неғұрлым ертерек жасаса, соғұрлым саусақтардың қалыпты өсіп жетілуіне
мүмкіндік болады.
218
Операция жасағанда бір мезгілде барлық саусақтарды бір-бірінен
ажыратуға болмайды. Сондықтанда алдымен 1 және 5 саусақтарды, екінші
ретте 2 саусақты 3 саусақтан ажыратады. Егер де саусақтарды ажыратқанда
жергілікті терісі жетіспесе басқа жерден тері алып жапсырады.
Ю. Ю. Джаналидзенің әдісі бойынша санның сыртқы жағынан әдейілеп
теріден жұқа етіп трансплантат алады да оны саусақ кесілген араларына
сәйкес етіп пішіп тігеді (157-сурет). Бұл әдісті қолданғанда жараны тіккен
жиектерінде некроз болмайды және саусақтардың арасындағы қаптар терең
болады.
Операцияның нәтижесі жақсы болу үшін ыңғайлы уақытының
анықталғаны жөн болады. Кейінгі уақытқа дейін кейбір ғалымдардың айтуы
бойынша синдактилияға операцияны жас балаға жасауға болмайды деп
келді. Себебі: жас балаға операция жасалса, кейіннен ауру қайта қозып, қол
тыртық болып бітеді деген ұғым бар. Ю.Ю.Джанелидзе, Эрлахер, Мюллер
операцияны тек үлкен адамдарға ғана жасау керек деп есептейді.
Қазіргі уақытта бос тері пластикасының дамуына байланысты бұл
ұғыммен келісуге болмайды. Себебі, баланың жасы ұлғайған сайын
саусақтардың жетіліп өсуі және оныңқызмет ету қабілеті нашарлайды.
Сондықтан да Г.И. Турнер атындағы Санкт-Петербург балалар ортопедия
институтының тәжірибесі бойынша операцияны бала 1-2 жасқа толғанда
жасаса оның нәтижесі өте жақсы болады. Синдактилия саусақтың үш
жағында ғана болса операцияны тіпті бала бір-екі айға толғанда жасаған жөн
болады. Бұл жаста кесілген саусақ арасына тері пластикасын жасамаса да
болады, жара өз бетімен жазылады да оның өсуі мен қызметіне кедергі
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |