Омыртқа қисаюының негізгі себептері:
Омыртқаның қисаюына негізгі алты себепті ауру әсер етеді:
1. Туа пайда болған қисаю;
2. Дисплазиялық қисаю мынадай себептер арқылы:
А) омыртқа жотасының жетіспеуі;
Б) еттердің жетіспеуі (миодисплазия);
В) сирингомиелия;
Г) нейрофиброматоз;
Д) еттердің дамымауы (миелопатия).
3. Неврогендік қисаю:
А) полиомиетиттен кейін;
Б) менингоэнцефалиттен кейін;
В) нейрорефлекторлық аурулар
4. Зат алмасу-гормональдық және дистрофиялық өзгерістердің әсерінен
қисаю;
5. Толықтай анықталмаған (идиопатиялық қисаю);
6. Әртүрлі сырқат себептерінің әсерінен омыртқаның қисаюына әкелуі
мүмкін: жарақат, мешел (рахит), туберкулездік жота ауруы, (спондилез
туберкулезный), омыртқа ісігі және т.б.
Омыртқа жотасының қозғалысы деңгейінің көлемі бойынша –
бекітілген түрі, біртіндеп ұлғаю түрі деп бөлінеді. Омыртқаның қисаюының
бекімеген түрі тез арада дамып кетеді.
Омыртқаның туа болған қисаюы
Туа болған омыртқаның қисаюы 2-3% көлемінде балалар арасында
кездеседі. Омыртқа қисаюымен бірге өте жиі кездеседі Жартылай омыртқа
мен қосымша қабырға, омыртқа аралығының бір жағының туа бітіп тууы,
омыртқа арқауының көлденең қанаттарының туа бітігіп кетуі, қабырғаның
бірігіп тууы.
Омыртқаның туа қисаюы – бала іштен дамыған кезеңнен бастап болады
және басқа да туа болған өзгерістермен бірге кездеседі: маймақ аяқ, бітігі
саусақтар
(синдактилия),
қисық
мойын
(кривошея),
ойық
төс
(воронкообразная грудь).
Омыртқаның туа болған қисаюы бала туғаннан кейін бірінші жылы
(70%) шамасында анықталады.
Омыртқа қисаюы көптеген балаларда біртіндеп ұлғайып, көбінесе иілу
бұрышы мен бұрылуы біртіндеп дамиды.
236
161 сурет. Туа біткен сколиоз.
а) алдынан карағанда, б) артынан карағанда,
в) ауру рентгенограммасы
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж.
Омыртқаның диспластикалық қисаюы
Бұл науқас өзінің өту жолында өте ауыр ауру түріне жатады және
балалар арасында 65-70% кездеседі. Диспластикалық қисаюдың алғашқы
себептері жота бойының жетіспей дамуы омыртқа сүйегінің артқы
арқауының бітіспей дамуы (незаращение дужек позвонка) не бір жақтың
етінің қалыпты дамымауы (миелодисплазия, сарингомиелия).
Омыртқа
сүйегінің
артқы
арқауының
жетіспей
дамуы
(спондилодисплазия) көбінесе омыртқаның бірден-бір бірінші реттік
қисаюына әкеліп соғады, соның әсерінен кеуде омыртқаларының екінші
реттік қисаюына әкеліп соғады.
Көптеген ауруларда омыртқа жотасының жетілмей дамуы еттік
жетімсіздіктерімен қатар жүреді (миелодисплазия). Бұл әртүрлі неврология-
лық белгілермен білінеді: оның ішінде кіші дәрет ұстай алмау, т.б.
Жалпы барлық балаларда осы диспластикалық омыртқа қисайғанда
буындардың тұрақсыздықтарымен, еттерінің әлсіздігі жиі кездеседі.
Диспластикалық омыртқа қисаюының ерекшелігі – оның тез арада ұлғаюы,
омыртқа жотасының иілу бұрышының ұлғаюымен омыртқа денесінің жедел
бұралуы және қабырғалардың шектен тыс бұрала иіліп доғалануы өте жиі
байқалады.
Омыртқаның неврогендік қисаюы
Неврогендік қисаю көбінесе полимиелитпен ауырған балаларда жиі
кездеседі. Олар еттердің статикалық өзгерістері әсерінен болады.
Паралитикалық қисаюдың ерекшелігі, бір жақты тотальды қисаю болып,
компенсаторлық қисаю болмайды. Балалардың церебральдық салдануы
әсерінен болған қисаю сирек кездеседі.
Нейрорефлекторлық қисаю балалар арасында көбінесе тек омыртқа ісік
аурулары болған кезде және еттердің рефлекторлық жиырылуымен
237
омыртқаның қозғалыс деңгейінің шектелуімен сипатталады. Қисаюмен
ауырғандардың ішінде неврогендік қисаю тек 10-11% шамасын құрайды.
Дистрофиялық және гормоналдық зат алмасу әсерінен болған қисаю
Дистрофиялық қисаю көбінесе балаларда омыртқа сүйегінің денесінің
остеохондропатия болғаннан кейін кездеседі (Шойерман - Мау). Бұл
қисаюлар ұлғаймайды. Зат алмасу процесі бұзылған ауруларда Марфан
синдромы жиі кездеседі. Бұл өте сирек кездесетін туа болған жүйелік
аурудың негізінде жалғамды ұлпалардағы зат алмасудың бұзылуы себебінен
болып, оның мықтылығын азайтады. Марфан синдромымен ауырған
балалардың еттерінің дамуы өте нашар болып, солып және буындардың
тұрақсыздықтары, жалпақ – вальгустық табан, кеуде пішіні омыртқалары-
ның деформациясы болады. Марфон синдромының әсерінен болған қисаюда
жалғамды ұлпалардағы зат алмасу өзгерістері жүйке жүйесіндегі
патологиялық өзгерістермен қатар жүреді.
Омыртқаның идиопатиялық қисаюы
Бұл қисаю15-20% шамасын құрайды. Қисаю деңгейі өзіне тән
өзгерістерімен кеуде бел, бел-кеуде қисаюлары білінеді. Идиопатиялық
қисаюы бар ауруларды тексергенде оларда әртүрлі неврологиялық белгілерді
табуға болады (кейбір еттердің күштерінің азаюы)жүйкемен еттердің
аппараттарының жетілмегендігін көрсетеді.
Е.А. Абальмасова, В.А.Лященко, В.И.Скрыгиңдердің түсінігі бойынша
осы қисаюда негізгі орын жүйке-ет аппараттарының жағдайымен тікелей
байланысты деп есептейді.
Идиопатикалық және диспластикалық қисаюы бар адамдарды жота
еттерін электромиографиялық және морфологиялық тексерулер жүргізіп,
осы екі қисаюда да бір тектес өзгерістер анықталған, соған қарағанда осы
екеуінің шығып даму тегі бір тектес деген шешімге келуге болады.
162 сурет. Идиопатикалык сколиоз.
а) алдынан карағанда, б) артынан карағанда,
в) жанынан карағанда.
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
238
Омыртқа қисаюының негізгі себептері. Құрылымдық қисаю деп
бөледі, оның ерекшелігіне типтік жоба өзгеруімен омыртқаның өстік
бойында бұралуы және функционалдық немесе статикалық қисаюдың
болуына негізгі себептер: аяқтардың қысқаруы немесе патологиялық мүсін
өзгерістері және ол әрқашанда қайтымды түрде өтеді.
А. И. Мовшовичтың айтуына қарағанда құрылымдық қисаюдың түпкі
себебі, омыртқаның біркелкі өсіп жетілмеуіне себепші болатын жағдай
омыртқа денесінің өсіндік түбірлерінің дамуының тежелуі, әсіресе иілім
жағында бір немесе бірнеше омыртқалардың өсіндік түбірлерінің қалыпты
өсіп дамуымен байланысты деп атайды. Жалғамды тіндердің мықтылығын
(төзімділігін) азайтуға негізгі себепші болатын зат алмасу гормоналдық
өзгерістері мен статико-динамикалық бұзылыстар біріншілік туа болған
немесе жүре пайда болған факторлар деп саналады.
Сондықтан қисаюдың ұлғаюына негізгі үш себеп болады:
І. Омыртқа, омыртқа аралық шеміршектер, жұлындағы диспластикалық
өзгерістер,
негізінен
алғашқы
патологиялық
себептер
есебінде
омыртқалардың қалыпты дамып өсуін тежейді.
ІІ. Гормоналдық немесе зат алмасу өзгерістері омыртқа жотасының
тұтастай бір бөлігінде алғашқы әсер жасап, денеге жалпы патологиялық
құрылым ретінде әсер етеді.
ІІІ. Омыртқалардың құрылымдық дамып жетілу кезеңдерінде негізгі
әсер ететін себебі статико-динамикалық бұзылыстар.
Осы үш әсердің бірегей өту кезеңінде қисаю үдемелі дамып, ұлғаюына
себепші болады.
Егерде
ауруға
алғашқы
себепші
омыртқаның
сүйектерінің
хондропатиясы себепші болса, ал екінші себепші (фактор) болмаса, онда
қисаю деңгейі өршімей, біртіндеп қисаю түрі кездеседі. Ал егер тек қана
(статико-динамикалық бұзушылық) қана болса, онда функционалдық немесе
статикалық қисаю процессі дамиды.
Қисаю деңгейінің ұлғаюы немесе өршіп дамуы жасына және қаңқаның
қалыпты өсу жылдамдығына тікелей байланысты.
Омыртқа денесінің өсуі біркелкі жүрмеген жағдайда қисаюдың иіліс
жағындағы жалғамдары, еттерімен байламдары қысқарып, ал қарама қарсы
жағындағы еттер, жалғам мен байламдар созылып кетеді. Осындай біркелкі
жетілмеушіліктер әсерінен еттік контрактура, тұрақты қалыпқа айналады.
Осының әсерінен омыртқаның аздаған қисаюы, динамикалық теңдестіктің
бұзылуына әкеліп имек жаққа салмақтың көп мөлшерде түсуіне әсер етіп,
омыртқаның эпифизарлық өсінді шеміршегінің дұрыс өсуіне кедергі жасап,
омыртқа денесінің бір жағының сына тәрізденіп өсуіне әкеліп соғады.
Сонымен бірге статикалық салмақтың әрі қарай әсер етуіне байланысты,
еттердің біркелкі таралмауы және физиологиялық иілімдерді ескере отырып
байқағанда омыртқалардың көлдненең бұрылуы және барлық омыртқа
жотасының өстік бойында бұралуына әкеліп соғады. Осы өзгерістер кеуде
бойының қаңқасының бұзылуы мен қабырғалық кұныстыққа әкеледі.
239
Омыртқа қисаюына диагноз қою және оның белгілері
Кеуде немесе бел маңында пайда болған қисаю доғасы әрқашанда
компенсаторлық қарама-қарсы иілімнің пайда болуына әкеледі. Оң жақтық
қисаю доғасы әрқашан омыртқаның бұрылуын сағат тілі бойына әкеледі, ал
сол жақтық қисаю сағат тіліне қарама қарсы бұрылуына әкеледі. Аурудың
алғашқы сатысында, омыртқа иілімі онша білінбейді, оны анықтау тек
қосалқы белгілері арқылы ғана анықталады: иық бойы әртүрлі деңгейде
болуымен жауырынның кеуде бөлімінің қисаюында және мықын үш
бұрышының бір тектес болмауы бел маңының қисайғанында болады. Басып
көргенде омыртқаның ұзын қанаттарының орталық деңгейден ауытқуы. Осы
өсінділердің иілген доғасын анықтау үшін ҮІІ- мойын омыртқаның ұзын
қанатынан салмақпен жіп түсіріп, ал ұзын қанаттары қаламмен белгілеп
барып қарағанда нақты білінеді. Қисаюдың алғашқы сатысында доғаның
иілім жағындағы еттердің тартылып тұрғандығы (тығыздалып) білінеді, ол
омыртқаның өстік бойында бұралғандығын анықтайды. Аурудың дами
түскен кезінде нақты белгілері анықтала түседі де кеудеде қабырғалық
құныстық біліне бастайды.
Омыртқа бел маңынан қисайғанда омыртқалар өзінің өстік бойында
бұралып және жамбастың бір жағына еңкіштігі байқалады. Омыртқаның өте
ауыр өзгерістерінде (ІҮ- дәрежесінде) тыныс, жүрек-қан тамырларының
жетіспеушілігі, жота-жұлындықбелгілер байқалады.
Қисаюдың клиникалық белгілері оның түріне, деңгейі мен дәрежесіне
тікелей байланысты. Омыртқаның қисаю түріне қарай: С-тәрізді, S- тәрізді
және тотальды тұтасқан қисаю деп бөледі.
І. С-тәрізді қисаюда бір ғана қисаю доғасы болады. Ол көбінесе
омыртқа жарақатынан кейін, жотаның туберкулезбен ауырғанында немесе
қисаюдың алғашқы біліністері ретінде болуы мүмкін.
ІІ. S - тәрізді қисаюда – омыртқа жотасында екі қарама қарсы жаққа
қараған иiліc доғасы болады. Мұндайжағдайда көбінесе компенсаторлық S -
тәрізді қисаю болғанда, алғашкы доға иілімі екінші иілімге қарағанда
біршама үлкен болады. Бұған тез арада жедел дамып кетуге икемділік басым
болады. Компенсаторлық S - тәрізді қисаю сирек кездеседі. Ондай жағдайда
бел жене кеуде бөліміндегі иілістер бір мезгілде пайда болады және олардың
иiлiм дережелері бірдей болады және де екеуі де алғашқы біріншілік иілім
болып табылады. Бip уақытта дамып, өсіп бірін-бipi теңдес ұстайды,
сондыктан ондай қисаю біртіндеп дамиды.
ІІІ. Тотальды қисаюдың ерекшелігі сонда, мұндай қисайғанда барлық
кеуде және бел омыртқалары қатысып бір тұтас жартылай доға пайда
болады. Бұл қисаю көбінесе салдану салдарынан болып және көлбеу иілім
өзгерісі дененің компенсаторлық иілімге шамасынын жетіспеген әсеріне
байланысты, қарама қарсы иілім болмайды. Тотальды қисаю тез арада
дамып, оны бір қалыпта ұстап қалу өте үлкен ауырлыққа түседі, және адам
денесінің пішініүлкен келеңсіз өзгерістерге ұшырап, сонымен бipгe тыныс
жетіспеушілігіне әкеліп соғады.
240
1. Бел қисаюы. Бұл қисаю деңгейі XII-кеуде және IІІ-бел омыртқа
арасында сақталады. Осы қисаю аздаған ғана косметикалық өзгерістер
әкеледі және қан айналымы мен тыныс жетіспеушілікке әкеп соқпайды.
Сондықтан бел қисаюы омыртқаның дегенеративті-дистрофикалық ауруы
есебіне жатып,адамнын еңбекке жарамдылығын нашарлатады.
2. Кеуде қисаюы. Бұл қисаю V-Х кеудеомыртқаларының арасымен
шектеледі. Аурудың алғашқы сатыларының өзінде кеуде деңгейі өзгеріп,
қабырғалық құныстық пайда болады. Кеуделік қисаю тыныс және
канайналымының өзгерістерімен қабат өтеді. Бірақта корешоктық ауру және
милы белгiлер тек қан шектен тыс үлкен өзгерістер болса ғана байқалады да,
мұнда да бел қисаюдағыдай екінші реттік остеохондроз болады.
3. Кеуде-бел қисаюы. Х-ХІ-кеуде омыртқаларының арасымен
шектеледі. Бұл тәрізді қисаю кеуде және бел аралығында болып өзі кеуде
қисаюы мен бел қисаюының жағымсыз жақтарын біріктіреді.
4. Жоғары кеуде бөлімінің қисаюы. Ол өз деңгейінің V кеуде
омыртқасынан бастайды. Осындай қисаю болғанда тек кеуденің сыртқы
жобасы қисайып қоймай, сонымен қатар иық бойы және мойын омыртқа
бөлімінің жобасының өзгеруіне әкеледі, иық қисаюы осы маңда әрқашанда
компенсаторлық қисаю деңгейі болып, кейінде адамның сыртқы пішініне
танымсыздық жағдайға әкеледі. Осы тектес қисаюлар тыныс деңгейі мен
қанайналымын аса өзгертпейді.
5. Мойын қисаюы. Негізінде туа болған немесе емделмей қалған туа
болған қисық мойын әсерімен тікелей байланысты.
Міндетті түрде (косметикалық пішінді өзгертеді) – беттің және бастың,
иық бойының биік тұруымен косметикалық (пішінді, сымбатты бұзады).
Ішкі құрылыстардың қызметін бұзбайды. Сондықтан қисаюдың тегін, оның
өтіп, дамуы ерекшелігін біле отырып дәрігер осы аурудағы өту жолын
жобалайды және емдеу жолдарын қадағалайды.
Ауру неғұрлым жас болса немесе ерте қисаю басталса, соғұрылым
аурудың тез дамып омыртқа жотасының өзгеруі жылдам дамиды. Егер де
қисаю барысы сүйектердің өсу кезеңінде жылдам дамиды десек, онда
аурудың беталысын білу үшін осы аурудың омыртқаларының өсіп-даму
кезеңі тоқталды ма, жоқ па, соны білу қажет. Ол жамбас сүйегінің қалақша
басында болатын өсіндік апофизінің сүйектену деңгейі. Ол өсу деңгейі
жамбастың алдыңғы-үстіңгі төмпешігінен артқа қарай біртіндеп ығысып
барып сүйектенеді. Міне, осы көрсеткіш нақты омыртқаның өсу уақытын
даму кезеңінің аяқталғанын білдіреді. Сонымен қоса Мовшович белгісінде
қолдану керек. Ол омыртқаның төменгі-қисайған жақ жанының денесінің
сүйегінің жұмсаруы сүйек құрылысының қоңырқай тартуы-омыртқа иық
бүкірленген жағының денесінің тез және бірқалыпты өспеуімен байланысты.
Омыртқа қисаюының клиникалық көрінісі оның қисаю дәрежесіне
тікелей байланысты. Қисаю доғасын анықтауға әртүрлі тәсілдер
қолданылады. Кобба әдісі бойынша қисаю доғасының деңгейін рентген
241
бұрышы арқылы анықтайды. Ол үшін сау омыртқаларда түсірілген тік
сызықпен қиылысқан көлденең сызық арасындағы бұрыш.
Орталық сау омыртқаны табу үшін қатар келген буын аралығы мен
ортада орналасқан ұзын қанат арқылы табады.
Фергюссон әдісі бойынша доға иілім бұрышын анықтау үшін – иілім
доғасынан нақты ортасында орналасқан омыртқаның ұзын қанатына иілім
деңгейімен түсірілген сызықтардың қиылысқан жерінде пайда болған доға
деңгейін атайды.
Е. А. Абальмасова қисаю бұрышын анықтау үшін өте бір зиялы да
пайдалы тәсіл ұсынған. Қисаю бұрышын анықтау үшін омыртқа аралық
қашықтық деңгейімен дененің сыналық қисаю бұрышы.
Омыртқа аралық қашықтық былай анықталады: жоғары жатқан (тұрған)
омыртқаның төменгі жиегінен жүргізілген сызықпен және төменгі жатқан
(тұрған) омыртқаның жоғарғы жиегінен сызықтар ара қашықтығы.
(Сызықтар А - А_І, және С - А_І). Омыртқа денесінің қисаю бұрышы С - В_І
сызықтарының қиылысқан жері болып табылады және иілген жақтары
омыртқа биіктігімен бірдей болады. Осы екі бұрыштың қосындысы қисаю
доғасының деңгейін анықтайды.
Клиникалық көрсеткіштеріне және рентгенологиялық өзгерістерге
қисаю доға деңгейіне байланыстыра отырып П.Д.Чаклин қисаюдың
клиникалық жіктеу топтар дәрежесіне бөлген:
1-дәреже. Тік тұрған кезде омыртқа жотасының көлденең деңгейінде
сәл қисаюы,тегістік беткейге жатқанда жоғалады.
Еттердің алғашқы доға тұсында біркелкі болмауы,бел бөлімінде
омыртқа еттерінің бір жағында жастықша тәрізді тұлтиып тұруы. Егер қисаю
кеуде бөлімінде болса иық бойының әртүрлі деңгейде тұруы,мықын
үшбұрышының бір жағынан тереңдей түсуі, бел бөлімінде қисаю болса
ұлғаяды. Иілім доғасы 170-175 °.
2-дәреже. Омыртқаның қисаюы көлденең деңгейде анық білінеді және
қабырғалардың доғаланып құныстықтануы байқалады. Жоба өзгеру деңгейі
бейімділеу болып, омыртқаға салмақ түсірмегенде азаймайды. Қосымша
компенсаторлық иілім доғасы біліне бастайды. Қисаю бұышы- 150-170 °.
3- дәреже. Омыртқа қисаюы нақты білініп кеуде жобасының өзгеруіне
әкеліп және үлкен құныстық байқалады. Дене қисайған жаққа қарай иіліп
тұрады. Омыртқаға салмақты азайтып тартқанның өзінде қисаю деңгейі
азаймайды.
Осы 3-дәрежелі қисаю болған адамдарда жүрек-қантамырларының
жұмысы жеткіліксіз болады, оларда жүрек соғу, тыныстары жиілейді, әсіресе
аздаған ауырлық түсіргенде (мәселен жүгіргенде, сатымен тез жоғары
көтерілгенде, т.б.жағдайларда). Қисаю бұрышы -120-150° болады.
4-дәреже. Бұл дәрежеде құныстық қисаю өте анық көрініп, дененің бір
жағына ауытқуы нақты көрініп тұрады, қабырға етегі, кейде жамбас қалақша
бастарына тиіп тұрады. Кейде аурулар әлсіздікке және омыртқа жотасының
қатты ауырғандығына шағым жасайды. Өкпе, жүрек жұмыстарының
242
жеткіліксіздіктері айқындала түседі. Кейбір ауруларда жұлын қысылған
белгілері болады: аяқ-қолдардың еттерінің әлсізденуі, рефлекстерінің
жоғарылауы және еттерінің қатаюы болады. Өте ауыр жағдайда спастикалық
салданулар болуы мүмкін. Қисаю бұрышы 120°-тан төмен болады.
Қисаюға диагноз қоюда рентгенография бірінші орын алады.
Сондықтан қисаюдың себебін (туа болған ба, оның түрін, ауырлығын,
жетілмеген белгілерін, жарақаттан болған ба, не ауру әсерінен бе) табуға
болады. Қисаю бұрышының деңгейін және өстік бұралу шамасын
анықтайды. Рентген көмегімен қисаю деңгейінің тұрақтылығын анықтап,
оның әрі қарай даму деңгейін анықтайды.
Майысу бұрышын анықтау үшін көптеген ұсыныстардың ішінен Кобба
және Фергюссон тәсілі кең таралды. Кобба тәсілі бойынша фасты
рентгенограммада нейтральді омыртқа түбінен сол жазықтыққа параллель
екі сызықтық жүргізіледі де оған перпендикуляр түсіріледі. Сол
перпендикуляр мен сызықтың арасындағы бұрыш майысу бұрышы болып
есептеледі. Фергюссон тәсілінде үш омыртқа қолданылады. Біріншісі-
майысу ұшындағы омыртқа және астыңғы, үстіңгі екі нейтральды
омыртқалар, солар бойынша геометриялық қисаю бұрышы шығады.
Деформацияның өзгеруіне қарай Кобба сколиозды
4 сатыға бөледі
1-ші сатылы сколиоз омыртқаның бір жағына аздап ауытқуымен және
рентгенограммада торсияның бастапқы сатысының көрінісімен сипатталады.
Рентгенограммада өс өсіндісінің орталық сызықтан біраз ауытқып,
түбірлерінің біркелкілігінің жоғалғанын анықтауға болады. Қисаю бұрышы
бұл жағдайда 10°-қа дейін барады.
2-ші сатылы сколиоз омыртқаның фронтальді жазықтықтағы белгілі
ауытқуымен қоса, айқын көрінетін торсиямен, орын толтырғыш доғалардың
пайда болуымен сипатталады. Рентгенограммада қисаю ұшының деңгейінде
омыртқа денесінің өзгергенін көруге болады. Бастапқы қисаю доғасының
бұрышы бұл жағдайда 21-30°. Клиникалык тексеруде омыртқа торсия
салдарынан болған бұлшықеттің төмпектенуін және қабырға бүкірлігін
анықтауга болады (163 сурет).
163сурет. 2-3 дәрежелі сколиоз. а) артынан қарағанда
б) ауру рентгенограммасы
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
243
3-ші сатылы сколиоз деформацияның тұрақтылығымен, анықтала
түсуімен, қабырғабүкірлігінің үлкеюімен, кеуде пішіні өзгерісінің
анықталуымен сипатталады.
Бастапқы қисаю доғасының бүрышы 40-60°. Рентгенограммада қисаю
ұшында және оған жанасып жатқан бөліктерде омыртқа 2 тәрізді болып
келеді, омыртқа аралық табақша ойық жағынан дұрыс көрінбейді.
4-ші сатылы сколиозда дене өз пішінін өзгертіп, ұсқынсызданады. Бұл
жағдайда омыртқаның кеуде бөлігінде кифосколиозын жамбас сүйектерінің
деформациясын, дененің орнынан ауытқуын, омыртқа қозғалысының
шектелуін, кеуде деформациясының тұрақтылығын, артқы және алдыңгы
бүкірлігін айқын көруге болады. Рентгенограммада кеуде омыртқа денесінің
сына тәрізді өзгеруі айқындалады. Омыртқаның кеуде және бел бөліктерінде
деформация мен спондилартроз, спондилез, байланыстырғыш аппаратының
күлдіреуін көруге болады. Негізгі қисаю бұрышы 60-90° жетеді (164 сурет).
164 сурет. Омыртқа қисаюының клиникалық көріністері
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж.
165 сурет. А) артынан қарағанда б) жанынан қарағанда
в) алдынан қарағанда г) рентгенограммасы
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж.
244
Доғаның ауытқуына, қисаюына қарай сколиоз жай жәнекүрделі болып
бөлінеді. Егер майысу доғасы біреу болса жай, екі-үшеу болса-күрделі деп
аталады.
Сколиоз тобына жататын деформациялардың ішінде мешелдісколиоз
жиі кездеседі. Фридланд мәліметтері бойынша ол 50%-ын құрайды. Мешелді
сколиоздың дамуы омыртқа денесіндегі /бөлшек, қосымшалардың/
апофиздің толық әктенбеуі себебінен болады. Бұл жағдайда омыртқа
денесінің остеопорозына /сүйек тіндерінің сиреуі/ әкеліп соғады.
Ауыртпалық түскен сайын омыртқаның кеуде бөлігі мен бел лордозының
физиологиялық майысуы арта түседі. Мешел салдарынан болатын бұлшықет
әлсіздігі, баланы қолда дұрыс көтермегендік және қисық отыру омыртқа
денесінің бір жағының дамуына кедергі келтіреді, омыртқа торсықтанып
майысу ұшында оның денесі деформацияға ұшырайды. Омыртқаның сол
жаққа томпақ болып қисаюы көп кездеседі. Мешелдік сколиоз 2-3 жастағы
балалар арасында ұшырасады. Егер мешел белгілері бар болса диагнозды
дұрыс қоясыз. Инфекциялық аурулармен ауырғандықтан бұлшықет
байланыстырғыш аппараттары әлсізденген, бүкіл бұлшықеттері босаңсыған
үлкендеу жастағы балаларда, әрі қолайсыз жағдайда "дағдылы сколиоз"
дамиды. Оның мешелдік сколиоздан айырмасы қисықтың айқын емес және
бұл мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Өзі әлсізденген бұлшықетке
түсетін қолайсыз жағдайларға мысалы, омыртқаға түсетін ауыртпалықтың
біркелкі еместігінде: партада немесе пианино жанында ұзақ отыру жатады.
Бұлшықеті әлсіз балаға денесін түзу ұстау қиынға түседі, оған бір жағына
қарай қисайып отыру оңай келеді ал бұл өз ретінде кеуде және бел
омыртқаларына ауыртпалықтың біркелкі түспеуіне әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |