Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Омыртқасы қисайған ауруларды клиникалық тексеру әдісі



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


Омыртқасы қисайған ауруларды клиникалық тексеру әдісі 
1. Ауруды  шешіндіріп  қойып,  оны  алдыға  қарай  еңкейтіп  7-ші  мойын 
омыртқасының  қылқан  өсіндісінен  бастап  барлық  омыртқа  өсінділерін 
сегізкөзге  дейін  қаламмен  белгілеп  шығамыз  да  оны  тік  қалыпқа  тұрғызып 
қойып  қараймыз,  сөйтіп  омыртқаның  қай  бөліктері  қалай  қарай 
қисайғандығын  анықтаймыз.  Егерде  екі  қисаю  доғасы  болса  әрқайсысының 
доғасының  иілу  ортасындағы  омыртқаның  қылқан  өсіндісін  тауып  7-ші 
мойын  омыртқаның  қылқан  өсіндісінен  жіппен  салмақ  ілеміз  де,  доғаның 
ортасынан  сол  жіпке  дейінгі  аралықты  өлшейміз.  Осы  тәсіл  омыртқа 
доғасының тереңдігін анықтау үшін қолданылады.  
2. Тұрған  аурудың  табанынан  бастап  акромион  өсіндісіне  дейін  екі 
жағынан  өлшейміз.  Ол  омыртқа  жотасының  қай  жаққа  қарай  иіліп 
тұрғандығын көрсетеді. 
3. Шынтақ  буынынан  мықын  ойығына  дейін  дейін  екі  жағынан 
өлшейміз. Ол мықын ойығының тереңдігін көрсетеді. 
4. Төс үстілік ойықтан жамбастың алдыңғы жоғарғы өсіндісіне дейін екі 
жағынан  өлшейміз.  Бұл  тексеріс  дененің  жанына  қарай  қаншалықты  иіліп 
тұрғандығын анықтау үшін қолданылады. 

245 
 
5. Төс  үстілік  ойықтан  тік  жіпті  салмақпен  түсіріп  тұрып,  кіндік  қай 
жаққа  қарай  ауысып  тұрғанын  анықтап,  оны  жіпке  дейін  өлшейміз.  Бұл 
кіндіктің орталық өспен қаншалықты ауытқып тұрғандығын көрсетеді. 
6. Екі жағынан қабырғалар доғасының қай жағы ішіне қарай еңкіштеніп 
тұрғанын анықтаймыз. Ол құныстықтың қандай деңгейде екендігін көрсетеді.  
7. Төменгі  тұрған  жауырынның  төменгі  етегінен  көлденең  сызық 
жүргіземіз  де  сол  сызықтан  жоғары  тұрған  жауырынның  төменгі  өсіндісіне 
дейін өлшейміз.  
8. 7-ші  мойын  омыртқаның  қылқан  өсіндісінен  акромион  өсіндісінің 
ұшына  дейін  екі  жағынан  өлшейміз.  Иық  бойы  ұзындығы  қай  жағында 
ұзарғандығын көрсетеді. 
9. Жота  бойы  еттерінің  қай  жағынан  бел  маңында  тері  астында 
бұдырайып шығып, артылып тұрғанын айқындаймыз.  
10. Тік  тұрған  ауруды  омыртқаның  қисайған  жақ  бүйіріне  иіп,  иілу 
доғасының  ұлғайғанын  немесе  жойылдыма  анықтаймыз.  Бұл  тәсіл  омыртқа 
доғаларының  иілгендік  бұрышы  бекігенін  немесе  бекімегенін  көрсетеді. 
Айтылған өлшемдерді толығымен ауру тарихына жазамыз. 
11. Іштің  тік,  қиғаш  еттерін  қолмен  басып  көріп  олардың  қаншалықты 
қай жағынан солғандығын анықтаймыз. 
Осы өлшемдердің айырмашылықтарына және өзгерістеріне байланысты 
толық  клиникалық  диагнозды  жоғарыда  айтылған  жіктеу  түріне  сәйкес 
диагнозды  қорытып  шығарамыз.  Мысалы:  идиопатикалық  кеуде-бел 
омыртқаларының теңдескен немесе теңдеспеген, бекіген немесе бекімеген, S-
тәрізді құныстық омыртқа қисаюы деп қорытынды жасау үшін осы өлшемдер 
өте қажет. 
Ал,  рентгендік  өзгерістерге  қарап  туа  болған  және  қисаю  дәрежесін 
анықтаймыз. Сөйтіп толық клиникалық-рентгендік диагноз қоямыз. 
Тұрақтылық  индексі  дегеніміз-  жатқызып  жасаған  рентгендегі 
қисаюбұрышының  (а),  солбұрышты  тұрып  жасалғаннан  рентгендегі  бұрыш 
деңгейіне (а) бөлу арқылы анықтайды. 
Тұрақтылық  индексі=180-a/180-a=  қисаю  бұрышы  неғұрлым  тұрақты 
болса,  солғұрлым  тұрақтылық  индексі  1-ге  таяу  болады.  Неғұрлым  төмен 
индекс  болса    (0,3-0,4)  омыртқа  жотасының  қозғалымдылығының  ұлғаюы 
байқалады, сондықтан жоба өзгеруінің  үдей түсетінін  тосуға болады. Қисаю 
тұрақтылығы 0-ге таяу болса , онда қисаюды толық түзеуге болады. 
 
Омыртқа қисаюының алдын алу және емдеу 
Шаралар бірнеше топқа бөлінеді: 
1.  Қисық  мүсінді  балаларды  табу  үшін  мектептерде,  балабақшаларда 
алдын ала тексеріп отыру керек; 
2.  Балаларды  сауықтыру  санаторийлерінде,  жазғы  саяжайларда, 
лагерьлерде дем алдырып шынықтыру керек. 
3. Әртүрлі жаппай спорт түрлерімен шұғылдандыру (жүзу, шаңғы тебу, 
гимнастика жасау) керек. 

246 
 
Бала  қатты  төсекте  жату  керек,  таңертең  шынықтыру  гимнастикасын 
жасату,  таза  ауада  спортпен  шұғылдану,  сабаққа  дайындалғанда  жарық 
бөлмеде, үстелі баланың бойына сәйкес келуі керек.  
Консервативтік  емдеу.Қисаюдың  түріне  қарай  (дамымаған)  біртіндеп 
асқынатын  немесе  жедел  дамитын  консервативтік  емдеуді  мамандандырыл-
ған мектеп-интернаттарда, санаторийлерде немесе ортопедиялық ауруханада 
жүргізуге болады. 
Барлық емдеу тәсілін былай топтауға болады: жалпы емдеу, омыртқаны 
тез арада қалпына келтіру тәсілі, біртіндеп қалпына келтіріп түзеу. 
Жалпы  емдеуге  витаминдер  мен  белоктарға  бай  құнарлы  тамақтану, 
гимнастика  жасау,  дәрілермен  емдеу  (В1,  В6,  аскорбин  қышқылы,  Са 
глюконаты)  жатады.  Омыртқаға  салмақ  түсіруді  азайту.Үйде  етбетінен 
жатып,  шынтақты  тіреп  сабаққа  дайындалу.  Омыртқаны  жедел  түзеу  үшін 
емдеу  гимнастикасын,түзету  массажын  жасау,  жота  еттерін  токпен 
шынықтыру, суға жүзу, волейбол ойнау, шаңғымен жүру жатады. 
 
Емдеу  гимнастикасының  жалпы мақсаты мен міндеті: 
 
1. Аурудың жағдайын жақсарту; 
2.  Өкпенің  тыныс  алу  қызметін  жақсарту,  сонымен  бірге  газ  алмасу 
және зат алмасу процестерін жақсарту; 
3. Әлсізденген еттерді жетілдіру және еттерді бекіту; 
4. Түзу мүсінге баулып тәрбиелеу; 
5. Омыртқаға салмақты аздап түсіруге әсер етуді жетілдіру; 
6. Ауруларды еркіндікке, төзімділікке тәрбиелеу. 
Біртіндеп  түзету  тәсілін  емдеу  гимнастикасымен  қабат  жүргізу  керек. 
Оған жататындар: көлбеу беткейлікте керілу, ауық-ауық гипстік корсет салу, 
түзетуге арналған гипстік таңғыш қолдану. 
Алынған 
емнің 
әсерін 
толықтандыру 
түріне 
жататындар: 
ортопедиялық  корсет  (түзеткіш,  қозғалыстық  және  бекіткіштік  корсеттер). 
Консервативті  емдегенде,  қисаюдың  алғашқы  түрінде  10-15%  шамасында 
қисаюға  әкеледі.  Екінші  дәрежелі  6%  шамасындағы  ауруларда  қисаюдың 
ұлғаюы болады. 

247 
 
 
166 сурет. Емдеу гимнастикасы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
ОПЕРАТИВТІК ЕМДЕУ 
Омыртқа  қисайғанда  операция  жасауға  мынадай  көрсеткіштер 
болады: 

 Омыртқа қисаюының ұлғайған жағдайы және консервативтік ем көмек 
бермегенде. 

 Полиемелиттен кейін болған қисаю. 

 Омыртқаның жетілмей дамыған әсерінен болған қисаю. 

 Қисаюдың ауыр түрі жұлынның соғылуымен ұштасатын болса. 

 Қабырға доғаларының қисайып құныстық болса. 
Операция  алдында  жалпы  жағдайын  жақсартуға  арналған  ем  жүргізу 
керек. Көлденең  беткейде  керіп қою.  
Қисаюда операцияларды мынадай топтарға бөледі: 

 Дайындық. 

 Алдын ала емду. 

 Бекіткіш. 

 Түзету, қалпына келтіру. 

 Жедел жасау тобы. 

 Кослитикалық түрлері. 

 Дайындық операциялар 

248 
 
Бұл  операциялар  омыртқа  қисаюын  түзету  немесе  азайту  ретінде 
қолданылады.  Сол  үшін  Л.  И.  Щулутко  –  сіңірлер  мен  жалғамдарды, 
байламдарды, шандырларды және иілген жағынан буын қапшықтарын тілуді 
ұсынған. Сөйтіп омыртқаны босаңсыту үшін омыртқа аралық шеміршектерді 
(дискілерді)  қисаю  доғасын  иілген  жағынан  кесіп,  содан  соң  омыртқаларды 
ажырағаннан 
кейін 
бекітеді. 
Емдеу-профилактикалық 
операциялар 
қисаюдың  бүкірейген  жағындағы  жерінен  өсуін  тоқтату  үшін  жасалынады. 
Бұл  операциялар  10-15  жастағы  балаларға  омыртқаның  өсуі  жүріп  жатқан 
кезінде  жасалынады.  Кеуде  омыртқалары  қисайғанда  Рофа  және 
Л.К.Закревский  операциясы  қолданылады.  Кеуде  омыртқаларын  бірнеше 
сына  тәрізді  етіп  кесіп  оның  өсінділерін  алып  тастайды.  Доғаның  имек 
жерінен  4-қабырғаның  омыртқаға  бекіген  жерінен  6  см-ге  дейін  кесіп  алып 
тасталынады.  Ашылған  4-омыртқаның  да  дискілерінің  фиброздық 
шеңберлерін  кесіп  тастайды.  Эпифизарлық  пластиканың  өсінді  жерінің 
жартысын  алып  тастайды.  Омыртқаны  түзеп  қалпына  келтіріп  омыртқаның 
қисайған  жағына  кесіліп  алынған  қабырғалардың  ұнтақтарын  салып  қояды 
да жараны тігеді. Операциядан кейін ауру үш жұма бойы етбетінен жатады, 
содан  соң  гипстік  көрсетті  3-4  айға  дейін  ұстайды.  Бел  қисайғанда  Л.Л. 
Цивьян алдыңғы немесе алдыңғы-латералды жағынан эпифизеоспондилодез 
жасауды ұсынған. Ішті сол жақ омыртқаның алдыңғы жанын тазалап ашады. 
Қисаюдың  имек  жаққа  денесін  жауып  шұңқырша  ойық  жасап,  пульпозды 
ядросын алып тастайды және пластиканың жартысын алады да осы ойшыққа 
аурудың  өзінен  алынған  кеміктік  спонгиозды  трансплантант  салады. 
Омыртқа  шектен  тыс  қисайған  болса  алдын  ала  дистрактормен  керіп 
дайындап алып, соңынан эпифизодез жасайды. 
 
Тұрақты бекітетін операциялар 
Оның  мақсаты-қалыпты  түзеткенді  тұрақты  етіп  бекіту.  Мұнда 
операцияларға  артқы  спондилодез  (Ганли-Уитмен,  Гиббс,  В.Д.  Чаклин) 
жасайды. Ол үшін жұмсақ тіндерді  ұзын қанат үстіңгі еттермен бірге қисаю 
деңгейі  бойымен  тіледі.  Сүйектен  орын  дайындап:  ұзын  қанаттарды  
доғаларды  және  көлделең  қанаттарды  жарады  имек  жағынан  негізгі 
қисаюмен  компенсаторлық  иілім  жерінен  жарады.  Содан  кейін  балтырдың 
үлкен  жілігінен  сүйек  кесіп  алып  оны  осы  омыртқада  дайындаған  сүйектік 
шұңқыршаға  тікесінен  салады.  Салынған  сүйекпен  омыртқалардағы 
шұңқыршақ  арасындағы,  саңылауларға  сүйек  жаңқаларымен  бітейді.  3-4  ай 
ауру  қатты  беткейлікте  жатады,  содан  соң  бір  жылға  дейін  ортопедиялық 
көмек көрсетіледі. 
 
Қалпына келтіретін операциялар 
IІ-IV  дәрежелі  омыртқа  қисаюын  түзету  үшін  А.И.Казьмин  екі  кезеңді 
жасайтын  операцияны  енгізген.  Бірінші  кезеңде  бел  иілімін  дистрактор 
көмегімен  және  артқы  спондилодез  жасап  түзетіп,  екінші  кезеңде  II-IV 
дәрежелі  қисаюда  кеуде  бөлімінде  дискотамин  жасап  немесе  омыртқан 
денесін  сына  тәрізді  етіп  жонуды  IV  дәрежелі  қисаюда  жасайды.  Осыдан 

249 
 
алынған  түзетуді  артқы  спондилезін  жасап  бекітеді.  Харрнитон  омыртқа 
қисаюын  арнаулы  темір  құрастырмаларын  қолдану  арқылы  іске  асырады. 
Иілген жағының қисаюын дистрактормен түзеп, сонымен бірге қарама қарсы 
жағын  контрактормен  тартып  түзетеді  де,  операцияны  артқы  спондилодез 
жасап бекітеді. 
 
ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР 
Бұл  операциялар  омыртқа  жотасының  өзінің  өстік  бойында  бұралу 
себебінен  жұлынның  сығылу  әсерінен  кейін-парез,  салданумен  асқынған 
жағдайда  жасалынады.  Әрине  І  дәрежелі  қисаю  түрінде.  Мұндай  жағдайда 
жұлынды  транспозиция  жасау  қажет.  Ол  үшін  иілім  жерінен  кең 
ламиноэктомия  жасауды  қабырғалардың  бастарын  алып  тастауымен 
ұштастырылады.  Операция  барысында  жұлыннан  шығатын  бірнеше  жүйке 
талшықтарын  қиып  тастап  және  жұлынның  қатты  қабығын  тіліп  жұлынды 
алдыңғы  бір  жақ  бүйіріне  қарай  ауыстырып  алдын  ала  дайындалған 
ойықшаға  салады.  Операция  пайдалылығы  салдану  болғаннан  кейін  қанша 
уақыттан  кейін  жасалғандығына  байланысты.  Операция  неғұрлым  ерте 
жасалынса салдану кері дами бастайды. 
 
167 сурет. Омыртқа қисаюын операциялық жолмен емдеу 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Олардың ішінде мынадай түрлері кең қолданылады: 

 Жұмсақ  тіндерді  тілу.  Қылқанаралық,  қылқанүстілік  байламдарды 
кесу, омыртқааралық буынқапты кесу. 

 Омыртқааралық  дискілерге  операция  жасау,  дискіні  алып  тастау 
(дискэктомия)  және  спондиледездеу  (омыртқа  денелерін  бір  бірімен  бітіп 
кетуіне  жағдай  жасау).  Омыртқаның  денесіне  жасау.  Омыртқа  денесінің 
жартысын кесіп алу(резекциялау). 
 
IV ТАРАУ.   ЖАМБАС-САН БУЫНЫНЫҢ ДИСПЛАЗИЯСЫ МЕН 
ТУА БОЛҒАН САН БАСЫНЫҢ ШЫҒУЫ 
Жамбас-сан  буынының  дисплазиясы  мен  ортан  жілікбасының  шығуы 
іштен  туа  пайда  болатынаяқ-қол  ауруларының  ішіндегі  ең  көп  кездесетін 
түрі.  Туа  пайда  болатын  ортан  жілікбасының  тайған  түрінен  басқа  жамбас-
сан  буынының  дисплазиясы  да  кездеседі.  Бала  туғанда  іштен  санның  басы 

250 
 
шығып  тумайды,  тек  жамбас-сан  буын  дисплазиясы  түрінде  туады  да, 
кейіннен  ортан  жілікбасы  ұршық  ойығынан  біртіндеп  таяды.  Мұндай 
кемістік жамбас-сан  буынының барлық элементтерін: жамбас шұқыршағын, 
санның  басын  және    жан-жағында  орналасқан  бұлшықеттерін,  сіңірлерін, 
буын қабығын қамтиды. Бұл аты аталған мүшелердің толық жетілмеуі болып 
есептеледі. 
Ортан жілікбасының шығып тууы әрбір 1000 балалардың 5-де кездессе, 
дисплазия түрінде тууы  1000 нан  16 жаңа туған балаларда кездеседі. 
Мұндай  кемістіктің  көптеп  кездесуіне  әртүрлі  жағдайықпал  етеді  және 
әр  жерде  бірдей  кездеспейді.  Ол  әр  елдің  салтына,  ауа  райы  жағдайына,  әр 
халықтың ұлттық дәстүріне байланысты болады. 
 
168 сурет.  Баланы боксесінде ұстау (Индия) 
169 сурет. Баланы  арқасына таңып ұстау (Нигерия) 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Мысалы Грузияда, Қазақстанда туған баланы ел салты бойынша қымтап 
бесікке бөлегендіктен 9% кездеседі. Егер жас нәресте жамбасынан ешқандай 
кемістіксіз  туса  бесікке  бөлеген  балада  ұршық  буыны  шықпайды.  Ал  енді 
туған  нәрестенің  жамбас-сан  буынында  дисплазия  болса,  бесікке  бөлегенде 
дисплазиядан  санның  басы  ұршықтың  шұқыршағынан  тездетіп  шығуына 
бірден-бір себепкер болады. 
Ал  енді  негр  нәсілді  Африка  халықтарында,  Жапонияда,  Индияда,  тағы 
басқа  оңтүстік  халықтарында  күннің  ыстығына  байланысты  баланы  қатты 
орап  бумаған  соң  және  жүмыс  істегенде  арқасына  не  бөксесіне  таңып 
жүргендіктен бала дисплазиямен туса да кейіннен өзінен-өзі жазылып кетеді 
(168, 169суреттер). 
Біржақты  ортан  жілікбасының  таюы  екі  жақты  таюдан  көбірек 
ұшырасады.  Сол  жақ  ортан  жілікбасының  шығып  тууы  1,5-2  есе  көп 
кездеседі.  Қыз  балаларда  ортан  жілікбасының  шығып  тууы  үл  балаларға 
қарағанда 5 есе көп. 
ЭТИОЛОГИЯ.  Жамбас-сан  буынының  және  оның  жан-жағындагы 
бұлшықеттердің  дұрыс  өспеуі  осы  аты  аталған  мүшелердің  кемістігінде 
болып  есептеледі.  Мұның  себебін  Е.  К.  Никифорова  мен  А.  Е.  Фрумина 
іштен  туа  пайда  болған  ортан  жілікбасының  кемістігі  басқа  кемістіктермен 
араласа болатындығында дейді. 

251 
 
Басқа авторлар Ф. Р. Богданов, Н. А. Тимофеева, М. О. Фридландортан 
жілікбасының  іштен  шығып  туа  пайда  болуының  бірінші  себебін  іште 
жатқан баланың жамбас-сан буыны дамуының кешеуілдеуінде деп есептейді. 
Жамбас-сан  буынының  кешеуілдеп  дамуы  витаминдердің  жетіспеушілігі, 
гормондар  қызметінің  бұзылуы  және  тағы  басқа  жағдайлардың  әсерінен 
болады. 
М.  В.  Волков,  Р.  Л.  Горбунова  және  И.  П.  Елизаровалардың  тексеруі 
бойынша  балаларын  іштен  ұршық  басының  шығып,  не  дисплазия  болып 
тапқан  аналар  жүрек  пен  қан  тамыры  ауруларымен  және  нефропатия  мен 
жүктілік  токсикозбен  ауырып,  олардың  денесінде  белокты  және  тұзды 
заттардың  алмауысының  өзгеруінен  болады.  Мұндай  өзгерістер  іштегі 
баланың денесінде де болады. 
Жүкті  әйелдер  босанғанда,  бала  басымен  тумай  бөксесімен  туған 
балалардың  50%  даортан  жілік  басы  іштен  шығып,  не  дисплазия  болып 
туған. Егер бала бөксесімен туса ол баланы өте мүқияттап тексеру қажет. 
ПАТОГЕНЕЗ.  Іштен  туа  пайда  болатын  ортан  жілікбасының  шығу 
патогенезінің себебі ортан жілікбасының таюы және буынның кері дамуына 
байланысты  болады  да,  жамбас  шұқыршағының  толық  өсіп  жетілмеуі  және 
оның баяу сүйектенуінің арқасында болады, ортан жіліктің үстіңгі жағының 
алға  қарай  айналуы  /антеторсия/,  ұршық  буынының  айналасындағы  жүйке-
бұлшықеттерінің  аномалиялық  өсуі  болып  есептеледі.  Мұндай  өзгерістер 
паталого-анатомиялық  тексерісте  анықталады:  баланың  бір  айлығында 
ұршықтың  басы  аздап  жоғары  және  сыртқа  қарай  тұрады.  Біртіндеп  ортан 
жіліктің  басының  жамбас  сүйегінің  сыртымен  жоғары  қарай  көтерілуі 
үлғаяды,  соның  салдарынан  буын  қапшығы  созылады.  Әртүрлі  өзгерістер 
жалпайған  жамбас  шұқыршағында,  ортан  жілік  басында,  буын 
шеміршектерінде, 
буын 
қапшығында, 
буын 
сіңірлерінде 
және 
бұлшықеттерде  болады.  Жамбас  шұқыршағы  тек  жалпайып  қана  қоймай 
ұзарады,  оның  үстіңгі  және  артқы  ернеуі  толық  жетіліп  өспейді  де,  ортан 
жіліктің  басын  ұстап  тұратындай  сүйек  болмайды.  Жамбас  шұқыршағының 
жалпаюына  қосымша  себеп  оның  ішіне  шеміршектің  қалыңдап  және 
қосымша тіндердің өсуіненболады. 
Ересектеу  балалардың  ортан  жілікбасының  жамбас  шұқыршағынан 
жоғары  қарай  алшақтауына  байланысты  жамбас-сан  буынына  қатысатын 
сүйектердің  өзгеруі  көбейеді:  жамбас  шұқыршағының  күмбезі  толығымен 
жойылады  да  жамбас  шұқыршағы  үш  бұрыштыланады,  ортан  жіліктің 
мойыны  қысқарады,  мойынды  -  диафизді  бұрыш  жазықтанады  /135-140°/, 
ортан жіліктің үстіңгі жағы едәуір алға айналады /антоторсия/. 
Сан  жіліктің  басы  жетіліп  өспей  кішірейеді  де  жобасы  өзгереді.  Ортан 
жілікбасының  ядросының  сүйектенуі  кешігеді.  Өзгеріс  сан  басының 
шеміршегінде де пайда болады. Буынның қапшығы құмды сағаттың түріндей 
болады  да  оның морфологиялық  түрі  өзгереді:  ортан  жілікбасының  жоғары 
ауысуына байланысты буын қапшыгы ұзарады, кейде ортан жілік басы буын 
қапшығымен  жабысып  қалады.  Ұршық  басының  сіңірі  3  жастан  кейінгі 
балалардың  көбінде  толығымен  жоқ  болады,  себебі  сіңір  ұршық  басы  мен 
күмбездің шетінде жаншылып толығымен семіп қалады. 

252 
 
ДИАГНОСТИКА МЕН КЛИНИКАСЫ 
Ортан  жілікбасының  іштен  туа  пайда  болған  диагнозын  ана  мен  бала 
әйелдер  босанатын  үйде  жатқанда  қою  қажет.  Бұл  үшін  жаңа  туған  жас 
нәрестелердің  балалар  бөлмесінің  дәрігері  тегіс  қарау  керек,  егер  бала 
дәрігері  өз  диагнозына  күдіктенсе  баланы  ортопед  көруі  қажет.Бірінші  3-4 
жұманың ішінде, одан кейін 3 айлығында жас балалардың барлығын балалар 
консультациясында  ортопедтің  көруі  міндетті.  Себебі  ертерек  диагнозы 
қойылып  емдеу  ерте  басталса,  соғұрлым  баланы  толығымен  емдеп  жазу 
мүмкіндігі болады. 
Жамбас-сан  буынының  дисплазиясын  баланың  жас  уақытында  қою 
маңызы  өте  күшті,  бірақ  толық  диагноз  қою  өте  қиын,  себебі  жамбас-сан 
буыны дисплазиясының белгілері онша анық болмайды. Ол үшін дәрігердің 
тәжірибесі  мен  білімі  болу  қажет.  Жамбас-сан  буынының  дисплазиясын,  не 
буынның  шығып  туғанын ертерек  анықтаудың  бірден-бір  жолы  әрбір  туған 
жас  нәрестені  әйелдер  босанатын  үйде  жатқанда  бала  дәрігерінің  тексеріп 
қарауы болып есептеледі. 
Іштен  туа  пайда  болатын  жамбас-сан  буыны  дисплазиясының  көптен-
көп белгілерінің біразы төменгі аталғандар болып есептеледі: 

 
Жамбас-сан  буынында  аяқты  көлденең  деңгейде  сыртқа  қарай 
қайырылудың шектелуі. 

 
"Тысырлау"  белгісі  немесе  буынның  тайғанақтау  белгісі  Маркс-
Ортолани  белгісі.  Бұл  белгіні  бала  туыла  салып  1  ай  бойы  ғана  анықтауға 
болады, одан кейін бұл белгіні анықтау мүмкін болмайды. 

 
Ортан жілік пен  бөксе  тұсындагы теріқатпарларының әртүрлі болуы. 

 
Аяқтардың қысқаруы. 

 
Аяқтардың сыртқа қарай айналуы. 
Бұл  аталған  белгілерді  іздеу  және  табу  қажет.  Себебі  бұл  белгілер 
сондай айқын көрініп тұрмайды. 
Алдыңғы  айтылған  екі  белгіні  бала  ұйықтап  жатқанда  тексеруқажет. 
Себебі  ояу  жатқан  баланың  дене  бұлшықеттері  қатайған  түрде  болады. 
Сондықтан ояу жатқан ауырмаған дені сау балада алдыңғы екі белгі жалған 
түрде кездесуі мүмкін. 
Ұйықтап  шалқасынан  жатқан  баланың  екі  аяғын  бірден  ұршық  буыны 
мен тізе буындарын  90°етіп бүгіп сыртқа қарай бұрғанда дисплазиялы ортан 
жілік  басы  жамбас  шұқыршағынан  шыққанда  аяқ  сыртқа  қарай  толық 
бұрылмайды,  тек  40-45°-қа  ғана,  ал  дені  сау  буында  аяқ  жамбас-сан 
буынынан толығымен сыртқа қарай бұрылады (170-сурет). 
Бұл  ең  ерте  және  көп  кездесетін  белгі  болып  есептеледі  де,  баланың 
өсуіне байланысты ұлғая түседі. 
Ең маңызды және ерте пайда болып екі жұмадан кейін білінбейтін белгі 
-  "тысырлау"  не  буынның  тайғанақтау  белгісі,  не  ғалымдар  атымен  Маркс-
Ортолани  белгісі  деп,  ал  кейде  "берік  еместік"  белгісі  деп  те  аталады.  Бұл 
белгіні  бала  туыла  салып  1ай  бойы  ғана  анықтауға  болады,  одан  кейін  бұл 
белгіні анықтау мүмкін болмайды.  

253 
 
 
170 сурет. Аяқтың шетке қарай кедергіленуі. 
171 сурет. Тысырлау" белгісі (Маркс-Ортолани). 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Бұл  тырс  еткен  дыбыс  қолға,  кейде  құлаққа  да  естіледі.  Егерде  бүгулі 
аяқты ішке қарай, адам денесінің орта сызығына қарай бұрса ортан жілікбасы 
жамбас шұқыршағынан қайтадан сырғып кетеді (171 сурет).  
Ортан  жілік  пен  бөкседегі  тері  қатпарларының  әртүрлі  болуы  балада 
дисплазияның  барын,  не  ортан  жілікбасының  жамбас  шұқыршағынан 
шыққанын білдіреді. Ауру аяқ жағында тері қатпарлары тереңдеу және оның 
саны  көбірек  болады.  Дені  сау  балаларда  үш  тері  қатпары  болады:  шап 
қатпары,  ішкекелтіру  /аддукторный/  қатпары  және  тізе  буынының  үстіңгі 
қатпары. Егер балада дисплазия  не сан басы шыққан болса тері қатпарлары 
көбейеді  де  олар  тереңдеу  болады.  Егер  баланы  арт  жағынан  қараса  бөксе 
қатпары  ауру  жағында  сау  жағына  қарағанда  жоғарылау  тұрады.  Бұл  белгі 
тек бір жақты дисплазиямен не бір жағынан ортан жілікбасы шыққанда ғана 
тән  болатын  белгі.  Бұл  белгінің  пайда  болу  себебі  жамбас-сан  буыны 
қапшығының дисплазия арқасында созылуынан туады. Осы белгіні негізінен 
баланың  анасы  анықтайды.  Бұл  белгі  дисплазия  диагнозын  қоюға  нақты 
белгі  болып  саналмайды.  Себебі  сау  балаларда  тері  асты  майы  жақсы 
дамыған жағдайда қатпарлар саны көбеюі мүмкін. 
Аяқтың қысқаруы көзге көрініп тұрады. Бұл белгіні толық анықтау үшін 
сантиметрлік  таспамен  анықтау  мүмкін  емес.  Анықтау  үшін  баланы 
шалқасынан  жатқызып  екі  аяғын  тізе  және  жамбас-сан  буындарынан  бүгіп 
биік тұрған тізе тобығының үстінен көлденең сызғыш қоямыз, сонда аяқтың 
қаншалықты қысқарғандығын айқын көреміз. (172-сурет). 
 
172 сурет. Аяқтың қысқаруы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 

254 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет