Гипертониялық криз клиникасы Криздің I түрі кенеттен ұшқынды, айқын көрінетін вегетативті реакциямен көрінеді. Келесі психоэмоционалды қозу, бастың қатты ауыруы, бас айналу, құсу, шіркейлердің көрінуі, көз алдында тордың немесе қара нүктелердің көрінуі түріндегі церебралды симптоматика. Науқастар эйфориялы, денесінің қызуына және бүкіл денесінің тітіркенуіне шағымданады. Қарау кезінде науқастың бетінде, кеудесінің алдында және мойнындағы қызыл дақтар анықталады. Кардиалды симптомдар төс артындағы ауырлық сезімімен, сыздап ауырсыну және жүрек қағумен көрінеді. Жиі және көлемді зәр шығару тән. Салыстырмалы түрде систолалық қысым диастолалық қысымнан жоғары болады. Криздің бұл түрінің ұзақтығы 1-3 сағат ; оның аяқталу кездерінде науқаста төмен тығыздықта көп мөлшерде зәр бөлінеді, әлсіздік пайда болып, ұйқышылдық дамиды. ЭКГ- диагностика. Синусты тахикардия. Кейде ST сегментінің изосыздықтан төмен ығысуы және Т тісшесінің кеңейуі тіркеледі.
Гипертониялық криздің жиі асқыныстары: гипертониялық энцефалопатия; субарахноидалды қан құйылу; ми ішілік қан құйылу; жедел ишемиялық инсульт;
жедел сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігі; гемодинамикалық стенокардия және жәдел инфаркт миокарды; аортаның сыдырылуы; жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
Криздің II түрі гипертониялық аурумен науқастардың кеш сатыларында дамиды. Әдетте оның негізінде су-электролит балансы тепе-теңдігінің бұзылуы жатыр, сондықтан криз бірнеше күн ішінде дамиды. Баяу жоғарылайтын бас ауруы, бас айналуы, жүрек айну, құсу пайда болады. Құсу жеңілдік әкелмейді. Науқастар қарау кезінде бірнеше тежелген және айналасындағы жағдайға қызығушылықсыз көрінеді, бірақ сұрау кезінде жоғары тітіркендіргіштік, сөйлесуді минимумға дейін азайтуға, жеке қалуға ұмтылуы байқалады. Жиі бетінің ісінкірегенін анықтауға болады. Криз кезінде жиі, көру ауыспалы нашарлауының және ми қан айналым бұзылысына жедел инфаркт даму диапазонына дейінгі гемодинамикалық асқынулар дамиды. Бұл криз ұзақтығы бірнеше тәулікке созылады. ЭКГ диагностика: тахикардия болмайды, ST сегментінің төмендеуі, кеңейген немесе екі фазалы Т тісшесі.
Ажыратпалы диагностикасы:
Гипертониялық кризді декомпенсация немесе адекватты емді қолданбау салдарынан АҚ көтерілуі кезінде артериялық гипертензия ағымының нашарлауынан ажырату керек. Жедел нысана мүшелерінің зақымдалу белгілерінің болмауы кезінде АҚ жоғары сандарын қанағаттанарлық басынан өткізеді. Ойламаған жерден бастың ауырсынуы осыған тән шағым болып келеді. Госпитализациялау көрсетілмеген.
Қарау және физикалық зерттеу
● өмірге қажетті функцияны және жалпы жағдайды бағалау: есі (көру, кереңдік, ессіздік), тынысы (тахипноэның болуы);
● визуалды бағалау: науқастың қалпы (жатыр, отыр, ортопноэ), тері жамылғысының түсі ( бозғылт, гиперемия , цианоз) және дымқылдығы (жоғары, құрғақ, маңдайында суық тер); мойын тамырлары (көк тамырдың ісінуінің болуы, көзге көрінетін пульсация); шеткері ісіктердің болуы;
● пульсты зерттеу (дұрыс, дұрыс емес) жүректің жиырылу жылдамдығын санау (тахикардия, брадикардия);
● екі қолда да АҚ өлшеу (қалыпты айырмашылық < 15 мм с.б.);
● перкуссия: жүректің салыстырмалы шекарасының тұйықтығы солға ұлғаюының болуы;
● пальпация: жүрек түрткісін бағалау және оның орналасуы;
● жүрек аускультациясы: қолқада II тонның ыдырауы және акценті, тондарды бағалау;
● қолқа (аневризманың жыртылуы немесе қолқаның қабыршақтануына күмәндану және бүйрек артериясының \оның стенозына күмәндану) аускультациясы;
● өкпенің аускультациясы : екі жақ бөлігінде ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдың болуы;
● көрудің төмендеуін, құсудың, тырысудың, стенокардияның, ентігудің болуын нақтылау; диурезді бағалау;
● неврологиялық статусты зерттеу: ес дәрежесінің төмендеуі, көру алаңының ақауы, дисфагия, аяқ-қолдарда қимыл-қозғалыс функциясының бұзылуы, жүрісінің және тепе-теңдіктің бұзылысы, зәрдің ұсталмауы.
Құрал аспаптық зерттеу: 12 тіркемеде ЭКГ-ны тіркеу: ритмді бағалау, ЖЖЖ, өткізгіштігі, сол жақ қарыншаның гипертрофия белгілерінің болуы, миокард инфарктісі және ишемия.
Емі