6. Гипертониялық криздер. Себептері. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету. Ауруханаға жіберуге көрсеткіштер. Жеткізу шарттары Гипертониялық криз Гипертониялық криз (ГК) – АҚ 180/120 мм.с.б. жоғары немесе индивидуалді биік көлемдерге дейін кенет жоғарылауы. Асқынған гипертониялық криз ми, бүйрек, тәж қан айналымдарының нашарлауымен көрінеді және АҚ-ды парентералды препараттардың көмегімен алғашқы минуттар мен сағаттар ішінде төмендетуді талап етеді. Асқынбаған гипертониялық криз нысана мүшелер зақымдалуының жоқтығымен сипатталады және АҚ-ды бірнеше сағатта төмендетуді салыстырмалы керек ететін жағдайға жатады.
Гипертониялық криз төмендегілердің аясында дамиды:
Гипертониялық аурудың (сонымен бірге оның алғашқы көрінісі ретінде де).
Симптоматикалық артериялық гипертензияда АҚ кенет жоғарылауы мүмкін болатын жағдайлар: реноваскулярлы АГ; диабеттік нефропатия; феохромацитома; жедел гломерулонефрит; жүктілер эклампсиясы; бүйрек зақымдалуымен жүретін дәнекер тінінің жүйелі аурулар; симптоматикалық препараттарды қолдану (соның ішінде кокаинді ); бас сүйегі жарақаттары.
Гипертониялық криздің дамуына жиі әсер ететін факторлар: гипотензивті дәрілік препараттарды қолдануды тоқтату; психоэмоцианалді стресс; тұз бен сұйықтықты көп қолдану; физикалық күш түсіру; алкоголді көп мөлшерде қолдану; метеорологиялық өзгерістер.
Гипертониялық криз патогенезінде
● Тамырлық механизм- жалпы перифериялық қарсыласудың артериолалардың вазомоторлы (нейрогуморалды әсері) және базалды (натрий ұстап қалуда) тонусының жоғарылауы нәтижесінде биіктеуі.
● Кардиалды механизм – жүрек лақтыруының, миокард жиырылуының және ЖЖЖ жоғарылауына шығару фракциясының жоғарылауы ЖҚҚ.
I типті криз Артериалды гипертензияның алғашқы сатыларына тән. Адреналиннің шығарылуымен байланысты. Ұзақтығы сағаттармен кейде минуттармен өлшенеді. АҚ көбіне систоланың себінен жоғарылайды. Клиникалық дененің тітіркенуі, жүрек қағуы, бас ауруы, жалпы қозу, тері жамылғысының гиперемиясы және локалды гипергидрозы түрінде көрінуі. Жиі полиуриямен бітеді.
II типті криз Артериялық гипертензияның жиі кеш сатыларында дамиды. Норадреналин шығуымен байланысты. Ұзақ уақыт бойы дамуы және ағымының ұзақ болуы. А.Қ – систолалық және диастолалық қысым жоғарылауымен немесе диастолалық қысымның жоғарылау есебінен биіктейді. Клиникалық қатты бас ауруымен, жүрек айнуымен, құсумен (орталық генезді), көрудің бұзылуымен көрінуі. Криз кезінде , ми қан айналымының ошақты симптоматикамен немесе шынайы ми инсультімен ауыспалы бұзылуы, стенокардия ұстамасы, инфаркт миокарды, жедел сол жақ қарыншасының жеткіліксіздігі, бүйректің протеинурия және гематурия көрінетін зақымдалуы дамуы мүмкін.
ГК кезінде келесі асқыну түрлері дамуы мүмкін:
1. Церебралды формасы – гипертониялық энцефалопатия түрінде ағымы түрінде көрінуі мүмкін (қатты бас ауыру, жүрек айну, құсу, жүйелі емес бас ауыру, көрудің бұзылуы, көру өткірлігінің төмендері, көз алдында «шіркейдің» елестеуі, көздің тұмандануы); энцефалопатияның прогрессиясында тоникалық және клоникалық тырысулардың пайда болуы (гипертониялық криздің тырысу формасы), соңы естен тану және леталды немесе қан айналымының ауыспалы типі бойынша (сезімталдықтың бұзылуы, парездер, дизартрия, статиканың бұзылуы) аяқталуы мүмкін.
2. Тәждік түрі – ангиналды ауырсыну, инфаркт миокарды, жүрек жұмыстарының ырғақты бұзылыстары.
1. Гипертониялық криздің гиперкинетикалық түрі.
2. Гипертониялық криздің гиперкинетикалық түрі. Криздің бұл нұсқасы гипертониялық аурудың II-III сатыларына тән. Ратнер жіктемесі бойынша клиникалық криздің II түріне сәйкес келеді.
3. Гипертониялық криздің эукинетикалық түрі. Гипертониялық криздің бұл нұсқасы гипертониялық аурудың кез-келген сатысында, әсіресе II-III сатыларында кездесуі мүмкін.