Клиникалық көрінісі Уланудың клиникалық ағымында екі кезеңді ажыратады. Токсикогенді кезең (ағзада арнайы токсикалық эффект тудыратын әсер етуші заттың белгілі бір мөлшерде болуы). Соматогенді кезең (токсикалық агентті бұзу немесе жоюдан кейін пайда болып, мүшелер мен жүйелердің құрылымдарымен функцияларының бұзылыстарымен көрінеді).
Жүйке жүйесінің зақымдалу синдромы (токсикалық энцефалопатиялар мен нейропатиялар): сопор, кома (ажыратпалы диагностика үшін қарашықтың кеңею көрсеткіштері қолданылады-миоз,мидриаз); психомоторлы қозулар, қалтырау синдромы, интоксикациялық психоз, делирийлер; ауырсыну синдромы(күйдіретін сұйықтықтармен уланғанда); шеткері жүйке жүйесінің токсикалық зақымдалулары (токсикалық полиневриттер, көру, есту жүйкесінің невриті және т.б.); тыныс алу бұзылыстарының синдромы; тоқтап қалуға дейінгі ырғақ пен тереңдігінің тежелуі; аспирациялы-обтурациялық бұзылыстар (бронхоспазм, бронхорея,
күйіктер және құсық массаларының түсу салдарынан); токсикалық өкпе ісінуі; токсикалық пневмония.
Жүрек-қантамыр жүйесі бұзылыстарының синдромы: экзотоксикалық шок (жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігі); токсикалық миокардиопатия және миокардиодистрофия (ишемиялық бұзылыстар, ырғақ пен өткізгіштің бұзылыстары); жүректің тоқтауы; қан ұю жүйесі бұзылыстарының синдромы (токсикалық анемия); карбоксигемоглобинемия (газбен улану); метгемоглобинемия (нитроқосындылармен улану); гемолиз(күйдіретін улар мен сынапты сутегімен улану); венозды гипероксия; токсикалық гастроэнтерит; токсикалық нефропатия; токсикалық гепатопатия; токсикалық дерматит және алопеция,химиялық күйік.
Анамнез жинау барысында уланудың уақыты мен орнына,негізгі ағзаға түсу жолы және түскен удың мөлшеріне назар аударады. Құсу, дефекация болғандығын,олардың уланудан кейін қанша уақытта пайда болғанын,қандайда бір медициналық көмек көрсетілгендігі туралы мәлімет алу қажет.Міндетті түрде қосымша және басынан өткізген ауруларын анықтау қажет,себебі олар науқастың жағдайына және емге әсер етуі мүмкін.
Осы оқиға болған жерде міндетті түрде келесі мәліметтерді анықтау керек.
Уланудың себебін.
Мүмкіндігінше токсикалық заттың түрін, оның мөлшерін және оның ағзаға ену жолын.
Уланудың уақытын.
Улануды туғызған ерітіндідегі токсикалық заттың концентрациясын немесе дәрілік заттың мөлшерін.
Бұл мәліметтерді жедел жәрдем қызметкерлері немесе алғаш көмек көрсеткен басқада тұлғалар жедел уланумен түскен науқасты госпитализациялайтын стационар дәрігеріне хабарлауы керек.
Жедел уланудың диагностикасында,әсіресе коматозды жағдайдағы науқастарда оқиға болған жерде улануды дәлелдейтін заттың
(алкогольдің ыдысы,дәрілік заттардың немесе үй химикаттарының сырттары,химиялық заттардың иісі) бар-жоғын мұқият қарау керек.Дәрілік зат және басқа да химиялық заттар заттық дәлел ретінде науқастың госпитализацияланған жеріне жіберілуі керек.
Жедел уланудың клиникалық диагнозы келесі пункттерден тұру керек:
удың ену жолы(егер удың аты белгілі болса міндетті емес,мысалы: түтін және басқада газ болса тек қана ингаляциялық жолмен енеді);
удың сипаты- күдіктенген жағдайда басымырақ клиникалық синдром негіздейді.(психотропты,пульмотропты, гепатотропты,нефротропты, және т.б. әсер ететін анықталмаған у);
ауырлық дәрежесі(жеңіл, орташа ауырлықта,ауыр,өте ауыр);
егер уланудың себебі анықталмаса (өзіне қол жұмсау, өзіндік ем-дом,алкоголді қолдану және т.б.);
уланған жер (өндірістік міндетті түрде);
асқынулар және негізгі патологиялық синдром;
қосымша аурулары.
Госпиталді кезеңге дейінгі этапта көрсетілетін жедел көмектің келесі принциптерін ажыратады.
Синдромды және патологиялық терапия (өмірге аса маңызды мүшелердің функциясын қалпына келтіру және жетекші синдроммен жедел көрсеткіштер бойынша күресу).
Удың ағзаға әрі қарай енуін тоқтату(асқазанды жуу,тері жамылғысынан уды тазарту,уланған атмосферадан науқасты эвакуациялау).
Антидотты терапия
Жедел уланулардың клиникалық көрінісі мен емі.
Атропин және басқада М-холиноблокаторлар. Тері мен шырышты қабаттың гиперемиясы мен құрғауы,көрудің бұзылуы, тахикардия, кеңейген қарашық және оның жарыққа әсерінің болмауы тән болып келеді. Атропиннің аса көп мөлшері психикалық бұзылыстарға әкелуі мүмкін, яғни комалар, сандырақтарға, галлюцинация және тырысуларға. Гипертермия болуы мүмкін. Қарт адамдарда тахикардия жедел жүрек жетіспеушілігіне алып келуі мүмкін.
Емі. Егер препарат ішке қабылданған болса міндетті түрде асқазанды жуып, зонд арқылы энтересорбенттер енгізеді. Қозу кезінде барбитураттар, бензодиазепиндер көрсетілген.Барлық жағдайда галантамин 1 процентті ерітіндіде 1 мл-ден немесе 0,1 процентті ерітіндідегі 1-2 мл аминостигмин б/е тағайындалады. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады.
Ацетон Бумен улану немесе ацетонды ішке қабылдағанда науқас бас айналуын және айқын әлсіздікті сезінеді,ал ауыр уланғанда жүрек айну,құсу, ішінің қатты ауырсынуы,коллапс, кома п.б.
Емі. Асқазанды жуу,10-процентті ерітіндідегі 400 мл немесе 40 процентті ерітіндідегі 40 мл декстроза,4 процентті ерітіндідегі 300 мл натрий гидрокарбонаты және оттегі терапиясы көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады