Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі



бет69/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
1603968609, instr ent
Көмір қышқыл газы Жалпы әлсіздік, бас айналуы, басының ауырсынуы, құлағындағы шу, жүрек айну, құсу, тері жамылғысының гиперемиясы, есінің бұзылыстары: қозу, галлюцинация тән. Ауыр зақымданғанда сопор,кома, тоникалық және клоникалық тырысулар, коллапс байқалады.Өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жөтел пайда болады. Бронх, трахея, көмей шырышты қабаттарының термохимиялық зақымдалулары болуы мүмкін.
Емі. Оттегімен тоқтаусыз ингаляция, 10 процентті 400 мл декстрозада 5 процентті ерітіндідегі 20-30 мл аскорбин қышқылы, 0,25 процентті ерітіндідегі 8 мл итохром көрсетілген. Қозу кезінде 10мг к/т немесе б/е диазепам тағайындайды. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады
Парацетамол Алғашқы күндері анорексия, құсу, профузды терлеу пайда болады. Кейіннен токсикалық гепатопатия дамиды.
Емі. Міндетті түрде энтеросорбент енгізіп,зонд арқылы асқазанды жуу керек. Парацетамолмен уланғанда жалғыз антидот ол – ацетилцистеин. Алғашқы 10-16 сағатта ацетилцистеинді ішке 140 мг/кг салмаққа, сосын әрбір 4 сағат сайын 70 мг/кгнан береді. Ацетилцистеинді қабылдағанда құсу пайда болса, оны 150 мг/кг салмаққа к/т енгізу керек. Ацетилцистеинді ерте қолданған болса бауырдың зақымдалу айқындығы төмендейді. 3 процентті ерітіндідегі 400 мл натрий гидрокарбонатымен бірге кристаллоидты ерітінділермен инфузионды терапия, симптоматикалық терапия көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет