Жарақаттық шок. Гемодинамика жүйесінің ұлпаларға оттегіні тасымалдауға мүмкіндігі жоқ. Жарақаттың, аурудың жедел кезеңі жедел қан жоғалтумен, интоксикациямен байланысты. Осы кезең фазалық ағымға ие:
Гипоперфузия фазасы. Жүйелік,мүшелік,микроваскулырлық гемодинамика мен метаболизм бұзылысымен сипатталады.
Қызметтердің қалпына келу фазасы. Висцералды мүшелерде қан айналымның қалпына келуі.
Қызметтердің компенсация фазасы. Жүйелік, мүшелік перфузияның, микро-циркуляцияның, гомеостаздың негізгі параметрлерін заңдылық қалпына келуі.
Жіктелуі
1 дәреже науқас терісі бозғылт,суық,ақ дақ симптомы оң,тынысы жиілеген. Тахикардия мин.100 рет. САҚ 90-100 мм с.б.
2 дәреже аз қозғалады,терісі бозғылт,суық,мәрмәр тәрізді, ЖЖЖ 110-120 рет мин. САҚ 80-75 мм с.б. диурез төмендеген.
3 дәреже науқас қоршаған ортаға әсері жоқ, терісі жер түстес, ЖЖЖ 130-140 мин. САҚ 60 мм с.б.; ДАҚ анықталмайды,анурия дамиды.
Шұғыл көмек
Шокты механикалық зақымдануда көмек көрсетудің ерекшелігі, шұғыл көмек көрсеткен маманға белгілеу керек:
Емге және диагностикаға кететін уақыт жеткіліксіздігі.
Гемодинамиканы және газ алмасуды қалпына келтіру әрекеттері жарақат орталығына баратын жолда жасалу керек.
Егер жарақаттық шокта пайда болған қан айналым бұзылысы жарақат алған кезеңнен 1 сағаттан кейін қалпына келтірілмесе, ағзаның өмірлік жүйесінің ауыр бұзылыстары қайтымсыз болуы мүмкін. Сондықтан «алтын сағат» ережесін ұстану керек:
Сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату.
ҚАЦ жеткіліксіздігін жою.
Газ алмасу бұзылысын қалпына келтіру.
Зақымдану жерінен шокогенді импульсацияны жою.
Тасымалдау иммобилизациялау.
Дәрілік терапия.
Жедел пайда болған тыныс ырғағының бұзылысы.
Газ алмасудың бұзылысы еміне қарамастан жедел тыныс жеткіліксіздігі белгілерінің ұлғаюы.
Тасымалдау иммобилизациясы сүйек пен буындардың магистральды тамыр-лар мен жүйкелердің зақымдануында, жұмсақ ұлпалардың жайылмалы зақым-дануында көрсетілген. Оны жүзеге асыру үшін стандартты тасымалдау шина-ларын, вакуымды матрацтарды, белдіктер мен ағашты, шиттерді қолданады.
Зақымдану аймағында шокогенді импульсацияны тоқтату.
Жарақаттық шокта ауыр аралас жарақатқа қарсы жалапы жансыздандыру заттарын қолданады.
Қанайналым мен метаболизм бұзылыстарын қалпына келтіруге ба-ғытталған. Жарақаттық шокпен науқастарды емдеуге арналған зат глюкокортикоидтар. Олар тамырларды тарылтып, ҚАК (ОЦК) жоғар-латып, гемодинамиканың қалпына келуін қамтамасыз етеді. Сол сияқты осы препараттар липидтердің тотығып қышқылдануын тежейді, арахидон қышқылы ыдырау заттарының пайда болуын төмендетеді.