Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі



бет88/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

Асфиксиялық бату жоғарғы тыныс алу жолдарына аз мөлшерде судың түсуінен ларингоспазмның дамуымен сипатталады. Батудың бұл түрі аспирациясыз пайда болады (5-20 % бату жағдайында). Тарылған дыбыс саңылауы кезінде жалған респираторлы тыныс алу болады. Бұндай жағдай альвеола ішілік және кеуде ішілік қысымды біраз төмендетеді. Бұл механизм күшейіп келе жатқан гипоксия және сол жақ қарынша жеткіліксіздігі аясында дамиды. Нәтижесінде МКК тамыр қабырғасының өткізгіштігі артады. Ол тыныс алу жолдарын толтыратын тұрақты ұшқын көпіршіктің түзілуімен жүретін циркуляторлы сағадан сұйықтық пен белоктың шығуына әкеледі. Асфиксиялық бату жиі қатты ластанған немесе хлорланған суда дамиды. Батудың бұл түрінде бастапқы кезең болмайды. Агониялық кезеңде есі толық болмайды. Тері жамылғысы кенет көгерген. Шеткері тамырлардың ырғағы болмайды. Жалған респираторлы тыныс алу тоқтайды, жүрек қызметі тез төмендейді, дыбыс саңылауы ашылады. Клиникалық өлім кезеңі (4-6 мин ) шынайы бату кезеңдегіден бірнеше ұзақтау.
Синкопалді батуда өлім жүрек пен тыныс алудың біріншілік рефлекторлы тоқтауынан болады. Бұл шеткері тамырларының кенет тарылуынан болады. Синкопалді батуға клиникалық өлімнің бірінші болуы тән. Клиникалық өлім ұзақтығы батудың басқа түрлеріндегіге қарағанда бірнеше ұзақтау. Суық суға бату ("Крио-шок" бату синдромы) температураның бірден төмендеуімен байланысты. Суық суға батқанда терінің терморецепторларының төменгі температура әсерінен тітіркену нәтижесінде тамырлардың жайылмалы спазмы дамиды. Қанның аз келуі нәтижесінде ми ишшемиясы және жүректің рефлекторлы тоқтауы дамиды. "Крио – шоктың" дамуына ағзаның бейімделу жүйесінің реконструкциясына әкелетін шектен тыс қызу, физикалық күш түсу әсер етеді. Суық суда көп болуы крио-шоктың дамуынсыз батуға алып келуі мүмкін. +4 - +6˚С су температурасында адам 15 мин кейін тоңудан және бұлшықеттердің тырыспалы жиырылу себебінен қимыл – қозғалыс белсенділігін жоғалтады. Дене температурасының 30˚С дейін не одан төмен болуы есінің жоғалуымен және ағзаның өмірлік маңызды мүшелер функциясының әлсіреуімен көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет