Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі



бет89/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

"Екіншілік" бату науқасты клиникалық өлімнен шығарғаннан кейін пайда болады, ол жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің өсуі және ауыр пневмония қосылу себебінен қайталамалы өкпе ісінуінің дамуымен байланысты. Ол жиі госпитализацияға дейінгі этап – тасымалдау кезінде туындайды. Судағы өлім деп суда миокард инфарктісі дамуынан, сүңгу кезіндегі жарақаттан, эпилептикалық ұстамадан дамитын жағдайды айтамыз.
Емі: тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру; оттегі көмегімен жасанды өкпе желдетілуі; кеңірдек интубациясы гипоксияның ең ауыр дәреже-сін жоққа шығарғаннан кейін жасалынады; жүректің жабық массажы; регурги-тация мен қайталамалы аспирацияны алдын алу үшін асқазаннан суды шығару; науқасты белсенді түрде жылыту; брадикардия мен гипотензия кезінде атропин енгізу; антигипоксанттар; седативті препараттар; қан алмастырушылар (поли-глюкин, реополиглюкин, глюкоза) гиповолемиямен гипоконцентрацияны жояды.


Үсу
Суық температрура ағзаға жалпы және жергілікті әсер етеді. Жалпы әсер -жалпы суықтануына (тоңу), ал жергілікті- үсуге әкеледі. Тоңу – бұл дене температурасының +35˚С және оданда төмен түсуі кезіндегі ағзаның жағдайы. Гипотермия әсерінен ағзада функционалді бұзылыстар дамиды, олар өмірлік қызметтердің кенет өшуімен айқындалады.
Сыртқы ортаның суықтату әсері негізделген: төменгі температура; ылғалдылыққа; ауаның қозғалу жылдамдығына; әсер ету уақытына.
0˚С температура кезінде жиі дененің беткейі 10-12 сағаттан кейін ғана өлімдік суықтану болады. Сулы ортада бұдан тез өтеді, өйткені ауаға қарағанда судың жылу сиымдылығы 4 есе, жылу өткізгіштігі 25 есе жоғары. Мұзды суда адам 5-10 мин өледі. Тоңу кезінде ағзада патологиялық процесс 2 фазада өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет