Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі


Асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасының тесілуі



бет31/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
1603968609, instr ent
Асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасының тесілуі
Асқазан немесе 12-елі ішектің ойық жарасының тесілуі деп асқазанның немесе 12-елі ішектің қабырғаларында бұрын болған ақау орнында және одан құрсақ қуысына асқазан-ішектің затттарының түсуіне әкелетін тесіктің пайда болуы.
Ойық жараның тесілуіне жара ауруының және жедел жараның дамуы әкеледі.
Тесілуге әкелетін жағдайлар: алкоголды қолдану; асқазанның тағаммен толуы; аса көп физикалық күш түсу.

Жіктелуі:


1. Этиологиясы бойынша: созылмалы жараның тесілуі; жедел жараның тесілуі.
2. Орналасуына байланысты: асқазан; 12-екі елі ішекте.
3. Клиникалық ағымына байланысты: бос құрсақ қуысына тесілу; қалыптан тыс тесілу, асқазан шыға берісінде стенозбен қосарласуы.
Клиникалық көрінісі:
Эпигастрий аймағында немесе оң жақ қабырғасының кенеттен тұрақты пышақ кескендей ауырсынуы тез арада бүкіл ішке таралады. Алдынғы құрсақ қуысы бұлшықеттерінің қатаюы-тақтай тәрізді іш. Науқастар мәжбүр қалыпта шалқасында немесе оң жақ бүйірінде аяқтарын ішіне жақындатып жатады. Анамнезінде: ойық жара.
Ауру ағымы бөлінеді: шок кезінде (6 сағатқа дейін ); науқастың жалған жағдайы жақсару кезінде (6 – 12 сағат тесілуден кейін); өршімелі перитонит ( тесілуден 4-12 сағат өткен соң).
Асқынуы: перитонит.
Ажырату диагностикасы: құрсақ қуысының барлық жедел ауруларымен, миокард инфарктісімен, төменгі бөлікті пневмониямен.
Емі.
Жедел түрде аурухананың хирургия бөліміне жатқызылады. Науқасты жатқызып тасымалдайды.
Жиі кездесетін қателіктер: наркотикалық анальгетиктерді енгізу, асқазанды жуу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет