Жеделпанкреатит Жедел панкреатит - бұл ұйқы безінің жедел қабынуы.
Жедел панкреатиттің себептері: алкоголді және өткір немесе майлы тағамдарды көп қолдану, өт-тас аурулары, ұйқы безінің жарқаттары, панкреатикалық өзектердің жарақатсыз тарылуы, 12-елі ішектің аурулары.(ойық жара, дуоденостаз).
Жедел пакреатитті клиникалық ағымына байланысты былай бөледі: жедел, орташа,ауыр.
Клиникалық көрінісі
Эпигастрий аймағында іштің жоғарғы аймағында арқаға таралатын немесе белдемелі сипаттағы аяқ астынан пайда болатын тұрақты ауырсыну . Жедел панкреатиті бар науқастар: эмбрион қалпы, тоқтаусыз құсу, тахикардия, гипотония, ішек парезі, үлкендерді жедел респираторлы дисстрес синдромы пайда болады. Жедел панкреатитті гемодинамикалық бұзылыстар өте ауыр , шок дамуы мүмкін. Жедел панкреатиттердің жалпы симптомдары айқындығы аурудын дәрежесімен байланысты.
Жедел панкреатитте кездесетін симптомдар:
Керте - көлденең ток ішектің кебуі және алдынғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы;
Мейо-Робсон – ауырсынудын сол жақ қабырға немесе омыртқа бұрышында орналасу;
Щеткин-Блюмберг- қолмен басқанда жедел қолды алғанда ауырсынудың күшеюі.
Қосарланған симптомдардың болуы: құсу, гипотония, метеоризм ,анурия.
Мүмкін болатын аскынулары: эндотоксикалық шок; перитонит; жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
Ажырату диагностикасы: 12-елі ішектін ойық жарасын тесілуімен, жедел холециститпен, ішек өтімсіздігімен, көп мөлшерде алкоголь қолданғанда туындаған токсикалық гепатиттермен жүргізеді.
Жедел панкреатиті бар науқастар аурухананың арнайыланған бөлімшесіне (қабылдау бөлімшесі) жатқызылады.
Аруханаға дейінгі кезеңдегі ем:
Көк тамырға оңай жету жолын жасау. Мониторинг және өмірлік фукцияларын сақтау. Инфузионды терапия. Жансыздандыру орташа интенсивті ауырсынуда спазмолитиктер қолданады: дротаверин, нитроглицеринді тіл астына қою немесе спрей қолдануға болады. Айқын ауырсыну синдромында наркотикалық емес аналгетиктер қолданады: кеторолак.