Киста аяқшаларының айналуы.
Киста аяқшаларының айналуында зақымдалған жағында іштің төменгі бөлігінде ауырсыну мазалайды (ауырсыну шыдатпайтын), сонымен қатар жүрегі айну, құсу, метеоризм, ішектің парезі. Қарағанда алдыңғы құрсақ қуысының қатаюын және іштіктің тітіркену симптомы байқалады.
Жыныс мүшелерінің қабынулы аурулары.
Әйел жыныс мүшелерінің қабынулы ауруларына клиникалық көрінісі білінбейтін, аз симптомдылық тән. Пиосальпинксте, аналық без іріңдеуінде және тубовариалды абсцессте науқастар қабынған жағындағы іштің төменгі бөлігіндегі тұрақты ауырсынуға, қалтырауға, жоғары қызбаға, әлсіздікке, тахикардия, жүрек айну, нәжіс, газдың тоқтауы, жыныс мүшелерінен іріңді бөліністерге шағымданады. Ауырсыну аяқтарға бел аймағына таралуы мүмкін. Іші жұмсақ, кейде кебуі мүмкін. Іріңді түзілістердің тесілуінде бірінші сағаттарда аз симптомды, перитонит белгілері пайда болады. Интенсивті, кейде сыздайтын ауырсыну пайда болады, айқын орналасусыз, қалтырау, қызба, тахикардия, ауырсынатын зәр шығару, сұйық нәжіс, іш кебуі, іштіктің тітіркену симптомдары пайда болады.
Асқынулары: - құрсақ ішілік қан кету, пельвиоперитонит, перитонит
Емі. Көпсалалы ауруханаларға жедел түрде жеткізіледі.
Көп кездесетін қателіктер: ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер енгізу, ауруханаға жатқызуды кештету.
Ауруханаға жатқызуға дейінгі емі.
Құрсақ ішілік қан кетуде қан алмастырушы ерітінділерді құю керек (декстран ертіндісі, гидроксиэтилкрахмал дәрілік заттары).
Антибактериалды дәрі-дәрмектер кең спектрлі және ұзақ әсер ететін (цефтриаксон 1-2 г в/і немесе б/і метронидазолмен 500 мг 100 мк т/і тамшылатып немесе амоксициллин 2,4г т/і метронидазол 500мг 100 мл т/і тамшылатып) дәріні қолдану.
Киста аяқшаларының айналуында ауруханаға жатқызуға дейінгі уақытта ем қолданбайды.
Жедел мезентериалды қан айналысының бұзылыстары
Бұзылыс түріне байланысты окклюзиялық және окклюзиялық емес деп бөледі.
Окклюзиялық деп мезентериалды артериялардың эмболиясы, артерия тромбозы, тамырлардың тромбозы, атеросклероз және тромбоз әсерінен аортаның артериялар қосылған жерде бітелуі, аорта қабырғасының білеуленуі, қантамырлардың ісікпен басылуы, қантамырдың байлануы.
Окклюзиялық емес мезентериалды қан айналысының бұзылыстары пайда болады: артериялардың толық емес окклюзиясы, ангиоспазм, жүрек лақтырымының және гемодинамиканың көрсеткіштерінің төмендеуі.
Клиникалық көрінісі
Ауру кенет іштің жедел ұстама тәрізді ауырсынуымен басталады. Алғашында ауырсыну интенсивті, ұстама тәрізді,оларды наркотикалық заттармен басуға болмайды. Ішек инфарктісі дамығанда ауырсыну күші төмендейді, бірақ тұрақты.
Науқастардың бұны жағдайының жақсаруы деп сезеді. Перитонит дамумен ауырсыну күшейуін, өте қатты жөтелгенде, қозғалғанда, пальпацияда ауырсынады. Шажырқай артерияларының окклюзиясы кезінде сипаттайтын белгісі жүрек айну, құсу. Аурудың басында бір реттік рефлекторлы ішектегі заттармен құсу болады. Уақыт өте келе құсу тұрақты түсі кофе қойыртпағы түстес, сасық иісті. Ішектің функциясының бұзылыстары ерте пайда болады.
Жоғарғы шажырқай артериясы зақымдалғанда алғашында 1-2 реттік сұйық нәжіс байқалады келесі рет нәжісінің түсі қара қан аралас болады. Тік ішектегі қанның болуын саусақпен тексергенде көруге болады. Бірақ кейде тұру диарея-сыз өтуі мүмкін. Жиі газ нәжістің тоқтауы перитонит кезінде болады. Науқас-тардың жағдайы жедел түрде өзгереді. Алғашқы сағаттарда жағдайы естен та-нуы мен және гемодинамикасының бұзылысымен анықталады ал одан кейін уланудың күшеюімен. Алғашында науқас мазасызданған, қорқыныш сезімі билейді. Содан соң тынышталып, жағдайының жақсаруын сезеді. Перитонит дамығанда науқастар төсекте қозғалыссыз жатады. Жайылған перитонит дамы-ғанда беті үшкірленген, көзі үңірейген, ерні құрғақ, көкшіл. Қал жағдайы ауыр, перитонит пайда болғанда дене қызуы көтеріледі. Пульс жиі 100-200 соққы минутын, АҚ төмендеген. Науқаста шөлдеу сезімі пайда болады. Алғашқы ке-зенде іші кепкен, пальпацияда жұмсақ, қабырғасы тыныс алуға қатысады. Паль-пацияда бүкіл іштің ауырсынуы болады, айқын ауырсыну перитонитке тән. Сонымен қатар құрсақ қуысының бұлшық еттерінің қатаюы, Щеткин-Блюмберг симптомы оң болады. Жиі пальпацияда ауырсынатын ісікті түзілісті сипап се-зуге болады. Ол оның шекарасы жоқ, қозғалысы шектелген, перкуссияда тұйық дыбыс бұл - Мондар симптомы. Мондар симптомының болуы зақымдалған іш-ектің және оның шажырқайының инфаркт кезінде ісінумен тығыз байланысты. Басты белгісі ішек перистальтикасының төмендеуі жатады. Ішектік шулардың толық болмауы (симптом “ толық тыныштық”) тек перитониттің соңғы кезеңінде пайда болады. Бұл тон кезінде жүрек тондары анық естіледі. Жиі Корачанский симптомы анықталады яғни геморройды түйіндердің ісінуі.
Диагностикасы: клиникалық көрінісіне және анамнезіне байланысты қойылады. Көбіне егде, қарт жастағы созылмалы пневмониямен, жүрек тамыр жүйесі ауру-лары, қатерлі ісіктермен ауыратын адамдарда кездеседі. Бұл паралитикалық іш-ек өтімсіздігімен қоса жүретін және құрсақ қуысының мүшелерінің жедел ауру-ларын өршетеді (жедел аппендицит, жедел панкреатит, жедел ішек өтім-сіздігі). Дәл бұл диагноз тек қана ауруханада арнайы зеттеулер жүргізіліп қойылады.
Жедел жәрдем.
Науқасты жедел ауруханаға жеткізу болып табылады. Үйінде қалдыруға тек аурудың өте ауыр соңғы кезеңінде тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда болады. Бұл кезде реанимациялық шаралар және интенсивті терапия шаралары жүргізіліп, гемодинамиканы қалпына келтіруі қажет.
Негізгі міндеті:
Ишемия аймағынның өмірлік қызметтеріне теріс әсер етуін азайту;
Жүрек тамыр, тыныс алу жүйесін қалпына келтіру;
Науқасты диагностикалық зерттеуге, операцияға дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |