Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі



бет37/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

Бүйрек шаншуы
Бүйрек шаншуы – жоғарғы зәр шығару жолдарының жедел обструкциясынан кейін пайда болатын ауырсыну ұстамасы .
Этиология
Бүйрек шаншуының себебі – несепағар саңылауы таспен бітелу кезінде дами-тын несеп – тас ауруы; жедел және созылмалы пиелонефрит (қабыну өнімдері: шырыш, фибрин, эпителий, лейкоциттер); бүйрек ісігі (ұйыған қан түріндегі гематурия); бүйрек туберкулезі (емізікшенің некротикалық тіні); бүйрек жара-қаты (ұйыған қан немесе жоғарғы зәр жолдарының сырттан урогематомамен басылуы); дистанционды литотрипсиядан кейінгі бүйректің субкапсулярлы гематомасы; бүйрек артериясының эмболиясы; гинекологиялық аурулар.
Патогенез
Бүйрек шаншуы кезінде жоғарғы зәр жолдарының ішкі окклюзиясынан немесе сырттан қысылуының нәтижесінен зәрдің шығуы бұзылады. Осы кезде тостағанша – түбекше жүйесінде қысым кенеттен жоғарылап, бүйректің паренхимасы ісініп, фиброзды капсуласы кеңейеді.
Зәр-тас ауруының қауіп факторлары: отбасылық анамнез (жақын туыстарда зәр-тас ауруының болуы); анамнезінде зәр-тас ауруының эпизоды (зәр-тас ауруының рецидив болуының мүмкіндігі 20 жыл аралығында 60% құрайды); шамадан тыс физикалық күш түсіру; ұзақ гипертермия; конкременттің дамуына ықпал ететін аурулар (зәр жолдарының инфекциясы, тубулярлы бүйректік ацидоз, саркоидоз, гиперпаратиреоидизм); сұйықтықты көп жоғалтқанда (илестома, мальабсорбция); нашар еритін дәрі-дәрмектерді қолдану.
Клиникалық көрінісі. Бүйрек шаншуының негізгі симптомы ауырсыну болып табылады. Ауырсыну үнемі, ұстама тәріздес, кенеттен басталады, ұзақтығы бір-неше минуттан 10-12 сағатқа дейін созылады, локализациясы бел аймағында және/немесе қабырға астында болады. Ауырсынудың иррадиациясы: несепағар ағысымен мықын, шап аймағына, ұмаға, аталық безге, қынапқа және жыныс еріндеріне. Иррадиация тастың локализациясына байланысты. Ол көбінесе не-сепағардың физиологиялық тарылу жерлерінде тоқтайды. Түбекше-несепағар сегменті – иррадиация мезогастралді аймаққа; несепағар мен мықын тамыр-лардың айқасуы - шап аймағы мен санның сыртқы беті; юкставезикалді (қуық алды) бөлім – жалған дефекация және зәр шығарудың жиілеуі; интрамуральді бөлім (қуықтың ішкі қабатында) – ауырсыну аталық бездің басына иррадиация береді және ол зәр шығарудың жиілеуімен, уретрадағы ауырсынуымен қатар жүруі мүмкін. Дизурия (әрдайым емес). Бүйрек шаншуымен қатар жиі жүреді: жеңілдік әкелмейтін жүрек айну және құсу (бел аймағының ауырсынуымен қа-тар басталады); бас айналу және естен тану; әр түрлі дәрежедегі ішектің парезі; брадикардия; АҚ-ның шамалы жоғарлауы; гематурия; олиго- және анурия.
Асқынулар: жедел обструктивті пиелонефрит; бактериемиялық шок; уросепсис; бүйрек функциясының төмендеуі; несепағар стриктурасының дамуы. 5 мм-ден аспайтын тастар 95% өз бетімен шығады. Бүйрек шаншуы тоқтағанда науқас-тың хал-жағдайы жақсарады, бірақ-та бел аймағында сыздап ауырсыну қалады.
Ажыратпалы диагностика
Бүйрек шаншуын алғашқыда жедел іштен ажырату керек

  • Жедел іш (жедел аппендицит, бауыр шаншуы, жедел холецистит, жедел панкреатит, асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасы, ішектік өтімсіздік, қолқаның сыдырылуы, мезентериалді тамырлардың тромбозы, жедел аднексит, жатырдан тыс жүктілік, аналық без кистасының бұралуы).

  • Басқа аурулар: омыртқа аралық дискінің жарығы, қабырға аралық невралгия (дене қалпіне байланысты ұстама тәрізді емес ауырсыну), белдеулі теміреткі (Herpes zoster).

Диагностикалық шаралар

  • Жалпы жағдайын және негізгі өмірлік функцияларды бағалау: есі, тыныс алуы, жүрек-тамыр жүйесі (пульс, ЖЖЖ, АҚ, ТАЖ).

  • Дене қалпын бағалау (қозғалыс мазасыздығы, дене қалпын үнемі өзгерту).

  • Ішті қарау және пальпациялау – іш дем алуға қатысады, іштің алдыңғы бұлшықеттерінің тырысуы анықталмайды және іштіктің қоздыру симптомы жоқ.

  • Бүйрек шаншу симптомдарын анықтау: соққылау симтомы – зақымдалған жақта ауырсыну анықталғанда «оң» (бүйрек жарылуын алдын алу үшін соққылау симптомын байқап жасау керек), бел аймағын пальпациялау (зақымдалған жақта ауырсыну).

  • Ассоциирленген симптомдардың болуы: жүрек айну, құсу, газдың шықпауы, іш қату, қызба және т.б.

Емі

  • Бүйрек шаншу диагнозы қойылғанда жедел госпитализацияның алдында, науқасқа шұғыл емдік шаралар жүргізілуі тиіс.

  • Науқасты төсекке жатқызып, тыныштандыру керек.

  • Ауырсыну синдромын жою үшін спазмолитик пен наркотикалық емес ана-льгетиктер қатар берілуі тиіс. Таңдамалы дәрі-дәрмек: дротаверин (миотропты спазмолитик) тамыр ішіне баяу енгізеді, 40-80мг (2% ерітінді 2-4мл); нитроглицерин (спазмолитик ретінде қолданылуы мүмкін) таблетка түрінде тіл астына (0,25мг немее ½ таблетка) немесе аэрозоль (400 мкг немесе 1 доза).

ЖЖЖ, АҚ, диурез бақылау. Емі ауырсыну синдромын жоюдан басталады. Бұл кезде спазмолитиктер, ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер және жылулық процедуралар қолданылады. Аурухана алды кезеңінде жылу ретінде грелка, жылытылған құм, ыстық ваннаны қолданады (температура 40-50ºС). Көп жағдайларда бұл щаралар ауырсынуды төмендетеді немесе толығымен басады, бірақ та олардың әсері болмаса дәрі-дәрмектерді қолданады.
Көбінесе спазмолитиктерді (атропин 0,1% ерітінді 1мл, платифиллин 0,2% ерітінді 1мл, ерітінді 2мл, но-шпа 2% ерітінді 2мл, магний сульфаты 25% ерітінді 10мл) немесе ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді (промедол 1% ерітінді 1мл, омнопон 2% ерітінді 1мл) бұлшықетке енгізуден бастайды.Егер де бүйрек ұстамасы кезінде құрсақ қуысы мүшелерінің аурулары болмаса және де басқа дәрі-дәрмектер көмек бермесе наркотикалық анальгетиктерді қолдануға болады. Көбінесе оларды қолданбай-ақ қоюға болады.
Емдік, сонымен қатар ажыратпалы-диагностикалық мақсатпен ер кісілердің ұрық шылбырына немесе әйелдерде жатырдың жұмыр байламына блокада жасауға болады (10-30мл 1% новокаин ерітіндісі).
Ауруханаға жатқызудың көрсеткіштері:
Науқас аурухананың урологиялық бөлімшесіне шұғыл тұрде келесі жағдайларда жатқызылады: бүйрек шаншуы басылмағанда; асқынулардың клиникалық белгі-лері анықталғанда; екі жақты бүйрек шаншуы немесе жалғыз бүйрек кезінде.
Науқасты жатқызып тасымалдайды.
Жас және орта жастағы науқастарды амбулаторлы емге келесі жағдайларда қалдыруға болады: тұрақты қанағаттанарлық жағдай; асқыну белгілерінің болмауы; ауырсыну синдромының төмендеуі; енгізілген анальгетиктердің жақсы әсері; амбулаторлы зерттеудің, бақылаудың және емнің мүмкіндігі.
Амбулаторлы емге қалған науқастар бүйрек шаншуының себебін анықтау үшін поликлиникаға урологқа қаралуы тиіс. Көп жағдайларда бұл науқастар стационарлық ем қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет