Субарахноидалді қан құйылу Субарахноидалді қан құйылу-бұл бас миының өрмекші қабаты астылық кеңістігіне қан құйылу. Кездейсоқ субарахноидалді қан құйылудың жиі себебі бас ми ішілік артерияның аневризмасының жарылуынан болады, көбінесе оның орналасуы- ми негізің артериялары. Артерияның жарылуы сонымен қатар, гипертонялық ауруы, тамырлардың атеросклеротикалық бұзылыстары, ми ісіктері, интоксикация т.б. аясында да болады.
Клиника. Ауру психикалық және/немесе физикалық күш түсу аясында ауру дамиды. Кенеттен қатты бас ауруы (соққы түрі бойынша) пайда болады, сон-дықтанда науқастар аурудың пайда болуының сағатын да айта алады.Алғашқы минуттарда ауырсыну локалді, кейін бүкіл басқа таралады. Лоқсу мен жеңілдік әкелмейтің құсу болады. Бас ауруынан кейін ес жоғалту пайда болуы мүмкін бір неше минуттардан (жеңіл жағдайда), тәулікке дейін және оданда көп (ауыр жағдайда).Артерия аневризмасы жарылуы кезінде эпилепсия (қояншық) талмасы дамуы мүмкін. Жиі бірінші тәуліктің соңында менингиалді симптомдар пайда болады: мойын бұлшықеттерінің тырысуы, Керниг және Брудзинский симптомдары, жарықтан қорқу, жалпы гиперестезия. Бір неше сағаттан кейін дене қызуының жоғарлауы болуы мүмкін, кейін 38-39 С жетеді.
Субарахноидалді қан құйылуға ошақты симтоматиканың жоқ болуы тән.Әдеттегі жағдайда диагностикасы қиындықты туғызбайды. Субарах-ноидалді қан құйылудың анық әдістеріне белдік пункция жатады (церебро-жұлындық сұйықтықта қан анықталса диагноз дәлелденеді.) Ажыратпалы диагностика. Аурудың бастапқы кезеңінде ажырату диагнозын тамақтық токсикоинфекциямен, цереброжұлындық менингитпен және т.б. жүргізеді.
Жедел көмек көрсету. Виталді қызметті қалпына келтіру. Артериялдық гипертензияны емдеу. Ми ісінуімен бас ми ішілік гипертензияны емдеу. Гипертермиялық синдромды емдеу (бар болса), тырыспа синдромын емдеу (бар болса). Жиі субарахноидалді қан құйылуды асқындыратын бас ми ішілік артериялардың тарылуын алдын алу мен емдеу үшін тиімді препаратқа нимодипин (синонимі: нимотоп) жатады. Осы препарат ишемия салдарынан пайда болатын неврологиялық дефициттің төмендеуіне әсер етеді.