Морфин және морфин тәрізді қосындылар (опия, омнопон, героин, кодеин, және т.б.) Комаға дейін есін жоғалту ,қарашығының тез арада тарылуы, бұлшықеттерінің гипертонусы, апноэға дейін тынысының тежелуі, брадикардия, коллапс тән.
Емі. Міндетті түрде энтеросорбент енгізіп,зонд арқылы асқазанды жуу керек.Тынысын бақылап ӨЖЖ дейін күресу қажет. Өзіндік тыныс алу сақталып, гипоксия белгілері болмаса к/т 0,8 мг налоксан антоганистін тағайындайды және оған оң реакция болатын болса 0,8 мг б/е енгізеді. Брадикардия кезінде атропин 1 мг к/т көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады
Мышьяк және оның қосындылары (мышьяк тәрізді ангидрид, мышьяк тәрізді қышқыл және оның тұздары, мышьяк тәрізді сутегі). У ағзаға түссімен ауыз темір татып тұрады. Тамағыныда күю, ішінде кенет ауырсыну, профузды іш өту болады.Құсық жасылдау болып келеді.Ауыр улануларда естімей қалу, тырысу, есінен тану, тыныс алу параличі, коллапс байқалады.Алғашқы сағаттарда да өліп кетуі мүмкін. Ингаляциялы жолмен улану гемолизге, гемоглобинурияға, бауыр-бүйректік жетіспеушілікке әкеледі.
Емі. Мышьяк тәрізді сутегімен уланғанда тоқтаусыз оттегімен ингаляция көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады