Улы жәндіктердің шағуы. Бір жәндік бір рет шаққанда 0,05- 0,3мг у енеді.
Бал араның, сонаның уында мынадай заттар болады:
Биогенді аминдер: гистамин, допамин, норадреналин, ацетилхолин.
Протеиндер және полипептидтер: меллитин, пептид, сонаның кининдері
Ферменттер: фосфолипаза А, фосфолипаза Б, гиалуронидаза.
У жергілікті қабыну беріп, сонымен бірге нейротоксикалық, гепатотоксикалық әсер етеді. Жергілікті реакция ретінде жанып ауырсынады. Шаққан жерде бозғылт папула түзіледі, оның жан-жағының барлығы гиперемияланып, ісініп тұрады. Көбінесе бетті талаған кезде ісіну айқын болады және лимфаденит дамиды. Жалпы симптомдар: қалтырау, дене температурасының жоғарлауы, ентігу, бас айналу, тахикардия, жүрек айниды, құсады, АҚ төмендеуі, тыныс жеткіліксіздігі. Ауыр асқынысы болып эритроциттердің гемолизі және гемоглобинурия саналады. Шұғыл көмек: араның инесін алып тастау; шаққан жерге суық басу;новокаинді блокада жасау; десенсибилизациялық терапия; жасуша мембранасының стабилизаторы; бүйректің қызметін жақсарту; симптоматикалық терапия; форсирленген диурез.
Есек жем. Клиникасында терідегі бөртпелер, ашылып жатқан көпіршіктермен көрініс береді (терінің емізікшелі қабатының ісінуі). Есек жемнің көбінесе себебі болып дәрі-дәрмектер, тағамдық және тұрмыстық аллергендер жатады. Механикалық факторлармен, ыстық, суықтың теріге әсер етуінен псевдоаллергиялық есек жем пайда болады. Ауру қатты терілік қышынудан басталады, кейіннен ол жерде бөртпе пайда болып, олар көппіршіктеніп жарылады. Ауыр жағдайда осы көрініс бірігеді. Кейде дене температурасы 38-39ºС жоғарлайды, айқын интоксикациямен жүреді.
Шұғыл көмек көрсету: антигистаминді және мембрана тұрақтандырушы препараттарды қолданады (мысалы: супрастин 0,025г тәулігіне 2-3 рет, кетотифен 1мг тәулігіне 2-3 рет); аллергендердің эллиминациясы (энтеросорбция, гемосорбция, плазмоферез); ауыр жағдайда көк тамырға глюкокортикоид енгізеді.
Квинке ісінуі - жылдам дамитын дерма мен тері асты жасушасының аймақтық ісінуі. Аймақтық ісіну ерінде, қабағында, ауыздың кілегей қабатында ( тілде, жұмсақ таңдайда, бадамша безінде), тыныс алу жолында, асқазан-ішек трактісінде, несеп-жыныс аймағында болады. Қауіп төндіретін жағдай болып көмейдің ісінуі болып табылады, ол жедел тыныс алу жеткіліксіздігімен дамиды. Тамағының қарлығуы, үрген сияқты жөтел, тыныс алуының қиындауының дамуы осы жағдайды көрсетеді. АІТ кілегейлі қабатының ісінуі жедел абдоминалді патологияны өршітеді. Диспепсиялық бұзылыстармен, жедел іштің ауырсынуымен, перистальтиканың күшеюімен, кейде перитониалді симптомдармен көрінеді. Несеп-жыныс жолының зақымдалуының клиникасы жедел циститпен және зәрдің тоқтауымен жүруі мүмкін. Ісінудің бетте орналасуы қауіпті, өйткені ми қабықшасын зақымдауы мүмкін. Бұл кезде менингиалді симптомдармен немесе лабиринтті жүйенің зақымдалуымен, оны дәлелдейтін Меньера симптомымен көрінеді(бас айналу, құсқысы келу, құсу).
Шұғыл көмек: гормонотерапия (преднизолон, дексазон); десенсибилизациялық терапия (супрастин); зәр айдағыш (лазикс); протеаза ингибиторлары (контрикал); дезинтоксикациялық терапия (гемосорбция, энтеросорбция); аурухананың аллергологиялық бөлімшесіне жатқызу.
Достарыңызбен бөлісу: |