Анафилактикалық шок (АШ) АШ- жедел дамитын, өмірге қауіп төндіретін, қан айналымның, тыныс алудың, ОЖЖ бұзылысымен сипатталатын, аллергиялық реакцияның жедел типіне жататын түрі.
Классификациясы. Клиникалық ағымына байланысты.
Өте жедел түрі- тез басталып, АҚ төмендеуімен, тыныс алу жеткілік-сіздігімен дамитын, науқас есінен танады. Бұл түрінің ерекшелігі интенсивті шокқа қарсы емге бағынбауы, дамып комалық жағдайға әкеледі. Өмірге аса қажетті мүшелердің зақымдалуынан науқас алғашқы минуттарда немесе алғашқы сағаттарда өледі. АШ өте жедел түрінің клиникалық синдромына байланысты 2 ағымы бар: жедел тыныс алу жеткіліксіздігі (ЖТЖ), жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігі (ЖЖТЖ). АШ ЖТЖ синдромымен жүретінінде бірден әлсіздік пайда болып, кеудесі қысылады, ауа жетпегендей болады, қиналып жөтеледі, экспираторлы ентігу, бас ауыру, жүрек тұсының ауырсынуы, қорқы-ныш болады. Терісінің бозаруы, цианозы байқалады, аузынан көпіршік ағады, тыныс шығарғанда ысқырықты сырылдар естіледі. Беттің және дененің басқада жерлерінде ангионевротикалық ісінуі дамуы мүмкін. ЖТЖ әрі қарай дамыса және оған жедел бүйрек үстілік жеткіліксіздігі қосылса өлімге әкеледі.
АШ ЖЖТЖ синдромымен дамыса бірден әлсіздік пайда болып, құлағында шу, көп тер төгеді, терісінің бозаруы, акроцианоз, АҚ төмендеуімен дамиды, жіп тәрізді тамыр соғысы, жүрек тондары әлсіреген болып келеді. Бірнеше минуттан кейін есінен танып, қалтырайды. ЖЖТЖ әрі қарай дами берсе өлімге әкеледі.
Рецидивті ағымды түрі- клиникалық жағдайы жақсарған соң бірнеше сағаттан кейін шоктық жағдайдың қайталануы. Кейде шоктың қайталануы ауыр болады, бастапқыға қарағанда. Өйткені оның емге көнуі қиын.
Абортивті ағымды түрі- шоктың асфиксиялық түрі, бұл кезде клиникалық симптомдар оңай емге көнеді.
Анафилактикалық шоктың ағымына байланысты 5 түрі бар: кәдімгі, гемодинамикалық, асфиксиялық, церебралді, абдоминалді.
Қауіп факторлары: анамнезінде дәріге аллергиясы бар; дәрілерді ұзақ мерзім қолдану, әсіресе қайталау курстарымен; депо препараттарын қолдану; дәрілік препараттың сенсибилизациялық белсенділігі жоғары; дәрілік затпен ұзақ мерзім кәсіби қатынаста болу; анамнезінде аллергиялық ауруы бар; пенициллинге сенсибилизация болатын дерматомикоздың анықталуы; полипрагмазия.
Диагностикалық критерилері:
Шоктың жедел, қауіпті ағымында науқас шағымданбайды, бірден есінен танады, жүрегі тоқтап клиникалық өлімге әкеледі.
Шокқа тән симптомдар (кәдімгі түрі): тері түсінің өзгеруі; әр түрлі эк-зантемалар, беттің, қабақтың, мұрынның кілегей қабатының ісінуі; суық, жабысқақ тер; түшкіру; жөтел; қышыну; жас ағу; құсу; клони-калық қалтырау; «өлімнен қорқу»; зәрі мен нәжісін еріксіз жіберуі.
Клиникалық объективті зерттегенде көрінеді: жіп тәрізді тамыр соғысы (шеткері тамырда); тахикардия (сирек брадикардия, аритмия); жүрек тондары естілмейді; АҚ тез төмендейді (ауыр жағдайда төменгі қысым анықталмайды); тыныс алуының бұзылысы; көз қарашығы кеңейген жарыққа әсері жоқ.
АШ гемодинамикалық түрінде жүрек-тамыр жүйесінің бұзылысының симптомдарымен көрінеді: жүрек тұсының қатты ауырсынуы; ырғағының бұзылыстары; әлсіз тамыр соғысы; АҚ төмендеуі; жүрек тондарының естілмеуі; перифериялық тамырлардың тарылуы (тері бозаруы) немесе кеңеюі (гиперемия, ісіну).
АШ асфиксиялық түрінде ЖТЖ жүреді, ол көмейдің ісінуіне, бронхтардың спазмына, оның кілегей қабатының ісінуіне немесе өкпенің ісінуіне байланысты. Шоктың ауырлық дәрежесі тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты.
АШ церебралді түрі сирек кездеседі, зақымдалу ОЖЖ жағынан: қозу, естен тану, мидың ісінуі, эпилепсиялық статус тынысының жүрегінің тоқтауымен жүреді.
АШ абдоминалді түрінде алғашқы симптом болып «жедел іштік» жатады: бүйен аймағының ауырсынуы немесе бүкіл ішінің ауырсынуы, құсу, үлкен дәретке шыққысы келеді, көбінесе осы диагностикалық қателікпен операцияға алынады.
Шоктың эректилді фазасы 20-30 минутқа созылады, церебралді және кардиоваскулярлы синдромдармен көрініс береді.
Церебралді синдром- қозу, эйфориямен, рефлекстердің жоғарлауымен, жоғары сезімталдықпен, қарашықтардың кеңеюімен байқалады. Зардап шеккен науқас есінде, қозғыш, тынышсыз, «өлім қорқынышы» болады.
Кардиоваскулярлы синдром- қалыпты немесе жоғары АҚ, тахикардия немесе әлсіз тамыр соғысымен, бозарумен, сирегірек терінің, беттің гиперемиясымен сипатталады.
Торпидті фаза(шынайы шок). Шоктың барлық патогенетикалық механизімдерінің қосылуы. Бірнеше сағатқа созылады, көмек бермесе өліммен аяқталады. Шоктың торпидті фазасының 3 дәрежесі бар:
Шоктың I дәрежесі компенсацияланған, жалпы жағдайы ауыр, бозарған, ерін мен саусақтардың цианозы, тынысы беткей, гипотермия көрінісімен болады. ОЖЖ симптомдары: әлсіздік, жауап реакциясы кеш, қарашықтары тарылған. Кардиоваскулярлы көрінісі: АҚ қалыпты немесе төмендеген, тамыр соғысы баяу.
Шоктың II дәрежесі субкомпенсацияланған, жалпы жағдайы өте ауыр, цианоз дамиды, тынысы жиілейді, гипотермия, қатты шөлдейді, олигоанурия дамиды. Церебралді синдром: баяу жауап қайтарады, есі аздап бұлыңғыр, қарашықтары кеңейген жарыққа реакциясы аз. Кардиоваскулярлы синдром көрінісі: жүрек тондары естілмейді, гипотония, тахикардия, экстрасистолия, тамыр соғысы анықталмайды. Қанда метаболикалық ацидоз, гипокалиемия, гипоксия.
Шоктың III дәрежесі декомпенсацияланған, жалпы жағдайы өте ауыр, тоталді цианоз дамиды, гипотермия, тынысы беткей Чейна-Стокс тынысы, анурия. Церебралді синдром: есінен танған, адинамия, қарашықтар кеңейген жарыққа реакциясы жоқ, сезімталдылығы жоғалған. Кардиоваскулярлы синдром көрінісі: тамыр соғысы жіп тәрізді немесе анықталмайды, САҚ 50 мм.с.б.. төмен, жүрек тондары естілмейді, аритмия. Қанда айқын метаболикалық ацидоз, ауыр гипоксия, мүшелер мен тіндердің қайтымсыз өзгерісі. Шоктың стадияларын ажырату үшін Альговердің критерийлерін қолданады. Ол пульс жиілігі мен САҚ қатынасына негізделген. Қалыпты жағдайда Алговердің критериі - 0,5; шоктың I дәрежесінде- 1,0 дейін, II дәрежесінде -1,0 -1,5 дейін, III дәрежесінде - 1,5 жоғары.
Ажыратпалы диагностикасы:
АШ-ты жүйелік аллергиялық реакциялармен жүргізбейді. Өйткені бұл екі жағдайда да бір емдік іс-шаралар жасалады.
АШ ерекшелігі алғашында терінің бөртуімен, эритемасымен, ісіну немесе бронхоспазммен басталады немесе гемодинамикалық өзгерістермен бірге. Басқа симптомдар АШ тән емес, олар басқада шоктың түрлерінде болады.
Диагностикадағы негізгі және қосымша іс- шаралардың тізімі:
есін бағалау;
терісін (бозарған, цианозды), көрінетін кілегей қабаттарын эритема, бөртпе, ісіну, ринит симптомдары, конъюктивит бар жоқтығын қарау;
жұтынғанда, тыныс алғанда қиналатындығын бақылау;
пульсті, ЖСЖ, АҚ бақылау;
құсық, еріксіз дефекация немесе сиіп қою, қынаптан қанды бөліністері болдыма, соны бақылау.
Медициналық көмек көрсету әдістемелері:
Науқасты Тренделенбург қалпында жатқызады: аяғын жоғары көтеріп, басын жанына бұрып, төменгі жағын түсіреді: тілін жұтпас үшін, асфиксия және құсықтар тұрып қалмас үшін. Оксигенотерапия жүргізіледі.
аллергендердің түсуін тоқтату керек:
парентералді аллергендердің енуінде:
жгут салу (аймаққа салынатын болса) аллерген енген жерден проксималды 30 мин., артерияны қыспау керек( 10 мин. сайын 1-2 мин. босату керек);
инъекцияланған жерді крест тәрізді тесу керек 0,18% 0,5мл эпинефрин ерітіндісімен 5,0мл NaCl ерітіндісінде және оған мұз қою керек (бірінші тағайындалатын ем);
мұрын жолына аллергенді медикаменттерді тамшылатқанда, конъюктивалді қапшықпен бірге ағынды суда жуу керек;
аллерген пероралді түскенде асқазанды жуу керек, егер науқастың жағдайы көтере алса;
шокқа қарсы іс- әрекеттер:
тезірек б/і 0,18% 0,3-0,5мл эпинефрин (1,0мл аспауы қажет) 5-20мин. сайын эпинефринді қайта салу керек. АҚ қадағалаумен;
антигистаминді препараттар: 1% дифенгидрамин ерітіндісінің 1,0 мл (ары қарай дамуын тежейді). Пипольфенді қолдануға болмайды, өйткені оның гипотензивті әсері айқын;
0,9 % NaCl ерітіндісімен инфузионды терапия жүргізу. 1л кем емес;
егер гемодинамика тұрақсыз болса алғашқы 10минутта қайта коллоидты ерітінділер құю керек. пентакрахмал 1-4мл/кг/мин инфузионды терапияның көлемі мен жылдамдығы АҚ мен ОВҚ(ЦВД) және науқас жағдайына байланысты;
аллергияға қарсы терапия: преднизолон 90-150 мг в/і;
симптоматикалық ем:
тұрақты артериалді гипотензияда, циркуляциядағы қан көлемін толтырған соң, систолалық қысым >90 мм.с.б. жеткенше вазопрессорлы аминдерді вена ішіне титрлі енгізіледі. Допамин венаға тамшылатып 4-10мкг/кг/мин, 15-20мкг/кг/мин артық емес (200мг допаминді 400 мл 0,9% NaCl ерітіндісімен немесе 5% декстроза ерітіндісі). Инфузияны 2-11 тамшы минутына жылдамдықпен енгізеді;
брадикардия дамыса 0,1% 0,5мл атропин тері астына енгізеді, қажет болса 5-10мин. кейін қайта салады;
бронхоспазм жағдайында венаға 2,4% 1мл аминофиллин ерітіндісін салады(10,0мл көп емес) 20мл NaCl ерітіндісінде немесе ингаляциялық түрде β2 адреномиметик сальбутамол 2,5-5,0 мг небулайзер арқылы енгізеді;
цианоз дамыса, диспноэ жағдайында немесе аускультацияда құрғақ сырылдар естілсе оксигенотерапияға көрсеткіш болып табылады. Егер тыныс алу тоқтаса өкпенің жасанды вентиляциясын жасайды. Көмейдің ісінуінде- трахеостомия;
тыныс алу функциясымен жүрек – тамыр жүйесінің қызметін бақылау керек.
Ауруханаға жатқызуға көрсеткіш: АШ – абсолютті көрсеткіш болып табылады, жағдайы тұрақтанғанша реанимация бөлімшесінде интенсивті терапия жүргізіледі.
18-19. Көпжарақаттар, жарақаттық шок кезіндегі шұғыл көмек. Бөгде затты диагностикалау (көз, мұрын, құлақ). Диагностика. Шұғыл көмек. Науқастарды жүргізу тактикасы. Стационарға көрсеткіш. Тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |