Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі



бет86/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

Электрлі жарақат.
Электрлі жарақат – мүшелердің, тіңдердін, жүйелердің соматикалық және функ-ционалды патологиялық бұзылыстарға әкелетін тірі ағзаның электрлік токпен зақымдануы. Электр тоғының спецификалық әсеріне – стрессті реакция, эмо-циялық, ауырсыну, рецепторлы реакция жатады; термиялық әсерге – тері күйік-тері, ақуыз денатурациясы, тіңдердің өліеттенуі; механикалық – толқын соққы-сы, контрактуралар жатады. Электроток жарақаты өткізгішпен тікелей контакт-та және доғалы контактта болғанда болады. Дөрекі және қатайған тері жақсы-рақ қарсылық көрсетеді. Ток тасушы затпен контактте қаншалықты ұзақ және жанасу алаңы үлкен болса соншалықты электрлі жарақат ауырлайды. Тоқ алға-шында тіндерге таралады,өйткені олардың электр өткізгіштігі жоғары және қарсылық тары төмен болып келеді. Тері және теріасты клетчатка қарсылығынан өткеннен кейін тоқ параллелді шоғырмен тоққа белсенді сұйықтықтармен – та-мыр, тінаралық кеңістік, жүйке бағаналарынан өтіп тоқ ілмекшелерін құрайды.
Ең қажетті мүшелерден өтетін тоқтын қауіпті ілмектері: екі қол – екі аяқ; сол қол – аяқ; қол – қол, бас – аяқ.
Егер миокард пен бас миы ең қатты күш алаңында болса зақымданушының жүрекшелерінің фибрилляциясына және асистолияға әкеліп өлімге ұшыратады. Және де коронарлы тамырларының рефлекторлы тарылуының әсерінен екіншілік жүрекшелерінің фибрилляциясы дамуы мүмкін.
Өлімге әкелетін электр тоғымен зақымдалу 2 түрге бөлінеді: кенеттен және кешіктірілген. Ажыратады:

  1. Кенеттен қанмен қамтамасыз етілуінің тоқтауынан, тыныс алуының тоқтауынан – жүрекшелер фибрилляциясы, асистолия, апноэдан болған өлім.

  2. Қан айналым бұзылысынан, гипоксиямен асқынған, жедел тыныс алу жеткіліксіздігінен 24 сағ. аралығында болған өлім.

  3. Бірнеше апта (әдетте 1-3 ) аралығында болған өлім – жүрек зақымдалуынан

(миокард инфарктісі, ауыр аритмия), өкпе зақымдалуынан (пневмония, ісіңу) көп мүшелі жеткіліксіздігі, іріңді – септикалық асқыныстар, сепсис.
Адам ағзасы тоқтың әсерін зақымдану кезінде немесе кейінгі уақытта қабылдайды. Бірінші түрінде бұлшықеттердің тырыспалы (тоникалық) тартылулары, тамырлардың тарылулары, жүрек қызметінің бұзылуы, аритмияның әртүрлі түрлері болады. Сонымен қатар дауыс байламдарының тарылулары болуы мүмкін, олар тыныс алудың тоқтауына әкеледі.
Ауыр жағдайда электрлі шок, кома немесе терминалді жағдай дамытады. Локалді электрлі жарақат, электрлік соғу,ағзаның жалпы зақымдалуы деп бөлінеді.
Терминалді жағдайдың дамуына әкелетін жағдайлар

  1. жүрек қарыншасының фибрилляциясы;

  2. сопақша миының зақымдалуынан тыныс алудың орталықты генезді тоқтауы;

  3. тыныс алу бұлшықеттерінің тетаникалық тарылуынан болған тыныс алудың тоқтауы;

  4. электрошок;

  5. жүрек қызметінің бұзылуы.

Ең бірінші науқас тоқпен зақымдалған жағының ауырсынуына шағымданады. Теріде тоқтың белгілері және күйік іздері қалуы мүмкін.Зақымданудың ауыр түрінде науқас кенет есінен танады, команың дамуы мүмкін. Санасының бұзылуы қозғалысты және сөйлемді қозумен қатар жүреді. Сезімталдықтың барлық түрінің және сіңірлі рефлекстердің төмендеуі болады.Жүрек ырғағының бұзылуы пайда болады. Қаңқа бұлшықеттерінің тетаникалық спазмының әсерінен және дауыс қатпарларының спастикалық жабылуынан апноэ дамиды. Зақымданушыны тоқтың әсерінен босатқаннан кейін спонтанды тыныс алуы қалпына келуі мүмкін. Егер де тоқ бастан өтетін болса орталық генезді апноэ дамуы мүмкін. Тыныс алудың бұзылысы тұрақтылығымен сипатталады, яғни ол тоқтың әсерінен босатқаннан кейінде тоқтамайды. Егер де тоқ кеуде клеткасынан өтсе жүрек қарыншасының фибрилляциясы дамиды.
Емі: электр тоқтың әсерін тоқтату; тыныс алуды және қан айналымды қадағалау; ЭКГ бақылау; есінен таңған кезде орталық аналептиктерді беруге болмайды, қозу кезінде – седуксен 0,2 – 0,3 мг/кг дене салмағына; сүйеқ сынған кезде – иммобилизациялау; күйген жерге асептикалық байлам таңу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет