20. Электрожарақат, суға бату, күю, үсу кезіндегі шұғыл көмек. Диагностика. Шұғыл көмек. Науқастарды жүргізу тактикасы. Стационарға көрсеткіш. Тасымалдау Күйік – ол тіндердің жоғары қызумен, электрлі токпен және агрессиялық сұйықтықтармен зақымдануы. Этиологиялық факторға сәйкес келесі түрлерге бөлінеді: термиялық күйік; контактты электрлі күйік; химиялық күйік; радиациалық.
Тіңдердің зақымдану дәрежесі мыналарға байланысты: 1.Термиялық агент түріне.
2. Жылу сиымдылығына байланысты.
3. Жоғары температураның әсер ету ұзақтығына.
Күйіктің жіктелуі:
1 дәреже - эритема және терінің ісінуі; Оның негізінде тұрақты артериалді гиперемия және қабынулық экссудация жатады.
2 дәреже - іші мөлдір сарғыштау сұйықтықпен толтырылған көпіршіктердің түзілуі. Сыдырылған эпидермис қабаттарының астында жалаңаштанған базалді қабат қалады.
3 А дәреже - дерманың зақымдалуы, бірақ ол толық тереңдігін қамтымайды, яғни өсу аймағының сақталуымен жүретін терінің толық емес өліеттенуі.
3 Б дәреже - өліеттенген аймақтың түзілуімен жүретін барлық дерма қабатының зақымдалуы.
4 дәреже - терінің және меншікті фасциядан терең орналасқан тері астындағы тіңдердің өліеттенуі.