Қарыншалар фибрилляциясы кезіндегі әрекет алгоритмі (Американдық кардиологиялық ассоциация тізбегі)
Қарыншалар фибрилляциясы немесе пульссіз тұрақты қарыншалық
тахикардия. Егер пульс болмаса. Ұйқы артериясында пульсті тексеру.
↓
Прекардиалды соққы.
↓
Ұйқы артериясында пульсті тексеру. Егер пульс болмаса
↓
Тікелей емес жүрек массажы және ЖӨВ( 2:30), дефибриллятор дайындайды
↓
Монитор бойынша аритмия түрін анықтау (қарыншалар фибрилляциясы немесе қарыншалық тахикардия)
↓
Дефибрилляция 200 ДЖ
↓
Дефибрилляция 200-300 ДЖ дейін
↓
Дефибрилляция 360ДЖ дейін
↓
Пульс болмаса –тікелей емес массаж және ЖӨВ (2:30)
↓
Көктамыр ішілік инфузия
Адреналин 0,5-1 мг
↓
Дефибрилляция 360 ДЖ дейін
↓
Лидокаин 1мг/ кг
↓
Дефибрилляция 360ДЖ
↓
Бретилий 5мг/кг
↓
Дефибрилляция 360 ДЖ
↓
Бретилий 10 мг/кг
↓
Дефибрилляция 360 ДЖ
↓
Қайтадан лидокаин немесе бретилий
↓
Дефибрилляция 360 ДЖ
Ескерту
пульссіз қарыншалық тахикардияны қарыншалар фибрилляциясы сияқты емдейді;
әрбір разрядтан кейін пульс пен ырғақты тексереді. Егер қарыншалар фибрилляциясы қайталанса, эффект берген разрядты қайталайды;
әрбір 5 минут сайын адреналин енгізу.
кеңірдек интубациясын бір мезетте басқа реанимациялық шаралармен қатар жасау керек. Егер ЖӨВ интубациясыз жасалса, реанимацияның бастапқы кезеңінде дефибрилляция немесе адреналин енгізу маңызды;
кейбір дәрігерлер лидокаинды қайталап енгізгенді құптайды (0,5 мг әрбір 8 минут сайын, жалпы мөлшері 8 мг/кг аспау керек).
2 кесте Егер ырғақ бұзылысының сыпаты белгісіз және қарыншалар фибрилляциясына күдік болса, онда қарыншалар фибрилляциясындағыдай дефибрилляция жүргізуге көрсеткіштер.
Асистолия.
Егер ырғақ бұзылысының сыпаты белгісіз және қарыншалар фибрилляциясына күдік болса, онда қарыншалар фибрилляциясындағыдай дефибрилляция жүргізіледі
↓
Егер асистолия анықталса
↓
ЖӨВ және тікелей емес массажды жалғастыру (2:30)
↓
Көктамыр ішілік инфузия қою
↓
Көктамыр ішіне адреналин 0,5-1мг
↓
Кеңірдекті интубациялау.
↓
Қатал бақылауда көк тамыр ішіне атропин 1мг енгізу ( 5 мин кейін қайталау)
↓
Натрий бикарбонатын енгізу
↓
Электрокардиостимулацияны қолдануға болады.
Электромеханикалық диссоциация.
↓
ЖӨВ және сыртқы жүрек массажын жалғастыру (2:30)
↓
Көктамыр ішілік инфузияны қою
↓
Адреналин 0,5-1 мг көктамыр ішіне
↓
Кеңірдек интубациясы
↓
Мүмкін болған жағдайда электрокардиостимуляция қолданылады
Жүрек өкпелі реанимациясы (ЖӨР) жүргізуден бас тарту мүмкін болатын жағдайлар:
1. терминалды сатысындағы жазылмайтын аурулар;
2. егер жүрек соғысы тоқтағаннан кейін 5 минут өтсе.
Мынадай жағыдайлар туындаса, ЖӨР-ды тоқтату керек :
1. жүргізу барысында ЖӨР науқасқа ешқандай нәтиже бермесе;
2. барлық қажетті әдістерді пайдаланғанда 30 минут арасында ЖӨР нәтижесі анықталмаса.