Қарыншалық тахикардия QRS комплексі кеңейген пароксизмалды тахикардиялар шынайы қарыншалық аритмиясы (Гис шоғырының және аяқшаларының дисталды бөлінулері), сонымен бірге Гис шоғыры аяқшаларындағы өткізгіштіктің бұзылуымен жүретін суправентрикулярлы пароксизмалды тахикардия ретінде көрініс береді.
Емі Қарыншалық тахикардия кезінде ырғақты қалпына келтіру үшін шұғыл түрде белсенді терапия жүргізу керек. Тұрақсыз гемодинамика кез қарыншалық тахикардия інде шұғыл түрде электроимпульсті терапияны қажет етеді. Бастапқы энергия 100Дж., нәтиже болмағанда 360 Дж дейін жоғарлатуға болады. Синусты ырғақты қалпына келтіргеннен кейін науқасты шұғыл түрде госпитализациялап, лидокаиннің немесе амиодаронның ұстап тұрушы терапиясын енгізу керек. Қарыншаның фибрилляциясы - өкпе – жүректік реанимацияны өткізуді талап етеді. Тұрақты гемодинамика жағдайында дәрі – дәрмекпен емдеу көрсетіледі.
Лидокаин – қарынша тахикардиясын басуда таңдаулы препарат болып табылады, 1 – 1,5 мг/кг (2% 4 – 5мл) тамыр ішіне болюсті, 3 – 5 минут сайын енгізіледі, қайталап енгізу 5 – 10минут сайын (3мг/кг жалпы мөлшері).
Прокаинамид (новокаинамид) – лидокаиннің нәтижесі болмағанда және тұрақты гемодинамика сақталғанда немесе электроимпульсті терапия өткізу мүмкін болмағанда қолданылады. 100 – мг – нан (10% - 10) NаСl 0,9% - 10мл ерітіп, 1мл – ден баяу тамыр ішіне енгізеді, 100 – мг – нан әрбір 5 минут сайын қайталайды, 1000мг (17мг/кг дене салмағына дейін).
Амиодарон – прокаинамидке қарсы көрсеткіштер болағанда тағайындалады. 150 мг (3мл) – 5% - 4 мл декстроза ертіндісімен 10 – 20 мин к/т. Амиодарон басқа дәрілік зат ертінділерімен сәйкес келмейді. Жағымсыз әсерлері: гипотония және брадикардия жылдам енгізу кезінде дамиды.
Магний сульфат - 1000 – 2000 мг (10% - 10 – 20мл, 20% - 5 – 10мл немесе 25 % - 4 – 8 мл) баяу к/т енгізіледі. (бастапқы 3 минутта 3 мл – ден) 10 – 15 мин көлемінде. Нәтиже болмаған кезде 30 минуттан кейін қайталайды. Кейін 3 – 20 мг/мин тамшылатып 2 – 5 сағат көлемінде жібереді.
Госпитализацияға көрсеткіш: қарыншалық тахикардияның пароксизмальды түрінде жедел емдеу көрсетілгеннен кейін, барлық науқастарды госпитализациялау керек.
Ауруханаға дейінгі кезеңде қарыншалық эктрасистолия дәрі – дәрмекті емдеуді тек бір жағдайда ғана талап етеді - жеке (бірнеше экстрасистола минутына) политопты немесе миокард инфарктісінің жедел сатысындағы жұп экстрасистолия болғанда. Бұл кезде лидокаин немесе амиодарон таңдаулы препарат болып табылады. Миокард инфарктісі бар науқаста қарыншалық аритмия болмаса лидокаин енгізілмейді, себебі фатальды қарыншалық аритмия туғызу қауіпі жоғарлайды. Монотопты сирек экстрасистолияға антиаритмиялық заттар қолданылмайды.