Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі



бет16/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

Медикаментозды емдеу
Суправентрикулярлы тахикардияны басуды үш препараттың біреуінен бастайды: аденозин, верапамил (тар QRS комплексі болса), прокаинамид. Басқа терапия мүмкін болмағанда, WРW синдромында, коронарлы немесе жүрек жеткіліксіздігі аясында амиодаронды қолдануға болады.

  • Аденозин – 6мг к/т болюсты 1 – 3 сек ішінде енгзеді, одан кейін натрий хлорид 0,9 % - 20мл ертіндісін енгізеді және аяқты көтереді. Егер 2 минуттан соң нәтиже болмаса 12мг аденозин және 2 мин соң ырғақ қалпына келмесе қайтадан 12мг аденозинді енгізеді.

  • Верапамил (тар QRS комплексі болса) к/т 2,5 – 5мг 2 – 4 мин ішінде енгізіледі (коллапс және айқын брадикардия болмау керек), егер гипотензия болмаса 15 – 30 минуттан соң 5 – 10 мг – ды қайталап енгізуге болады. ЖЖЖ, АҚ, ЭКГ бақылап отыру қажет.

  • Прокаинамид (новокаинамид) 10 % - 10мл (1000мг) 0,9 % - натрий хлоридінің 20мл – на қосып ерітеді және 50мг/ минутына баяу к/т – ға – 20 минут ішінде енгізеді, ЖЖЖ, АҚ және ЭКГ – ны бақылап отыру қажет. Синусты ырғақ қалпына келсе препаратты енгізу тоқтатылады.

Госпитализацияға көрсеткіш:

  • Электроимпульсты терапия қажет ететін асқынулар болғанда;

  • Бірінші рет ырғақ бұзылысы болса;

  • Медикаментозды терапиядан нәтиже болмаса;

  • Ырғақ бұзылысы жиі қайталанса.

Жыбыр аритмиясы немесе жүрекше фибрилляциясы—жүрекшенің координерленген систоласының болмауына әкелетін, минутына жиілігі 350-600 болатын жүрекшелер кардиомиоциттері тобының ретсіз қозуы және жиырылуымен сипатталатын ырғақ бұзылысы. Ұзақтығына және басылу қабілетіне (өздігінен немесе дәрі көмегімен) байланысты жыбыр аритмияның келесі түрлерін бөледі:

  • Пароксизмалды түрі. Аритмияның осы түрі өздігінен тоқтауға бейім. Науқастардың көпшілігінде ұзақтығы 7тәулікке дейін (жиі 24 сағат көлемінде). Тәжірибелік көзқарас бойынша ЖМК – да 48 сағатқа дейін және 48 сағаттан жоғары түрін ажыратады.

  • Жыбыр аритмияның персистирлеуші түрі өздігінен басталмайтын, тек электрлі кардиоверсиядан немесе медикаментозды заттармен басылады. Пароксизмалды түрімен салыстырғанда ұзақ болады. Уақытша критериіне оның 7 тәуліктен көп болуы (1 жылға дейін).

  • Жыбыр аритмияның тұрақты түрі. Жыбыр аритмияның бұл түріне дәрі -дәрмектер немесе электрлі кардиоверсия көмектеспейтін түрі жатады. Аритмия ұзақтығына тәуелсіз болады. Жыбыр аритмияның қарыншалық жиырылу жиілігі бойынша келесі түрлерін ажыратады:

  • Тахисистолиялық (минутына 90 жоғары);

  • Нормосистолиялық (минутына 60 – 90);

  • Брадисистолиялық (минутына 60 аз).

Емі Ауруханаға дейінгі кезеңде синусты ырғақты қалпына келтіру бірінші кезекте төмендегі 2 фактордың қосарлануына байланысты.

  • Жыбыр аритмиясының түрін.

  • Гемодинамика бұзылысының болуына және оның ауырлығын: сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік (артериалды гипотония, өкпе ісінуі),коронарлық жеткілксіздік (тамырлық ұстама, ЭКГ – дағы миокард ишимиясының белгілері), есінің тұмандануы.

  • Дигоксин (жүрек жеткіліксіздігі белгілері болғанда). Қарсы көрсеткіштері: WРW синдромы, жедел миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия.

  • Верапамил (жүрек жеткіліксіздік белгілері жоқ науқастарға) – 5 мг 2– 4 мин сайын тамыр ішіне (коллапс немесе брадикардия дамымау үшін), ал та-хикардия сақталып, гипотензия болмаған жағдайда 5 – 10 мг 15 – 30 мин. са-йын енгізу. Қарсы көрсеткіштері: WРW синдромында, артериялды гипо-тензия (САҚ 90мм с.б. төмен болмағанда) кардиогенді шок кезінде, жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде сонымен бірге АВ блокада немесе асистолия даму қаупі бар β адреноблокаторлар қолданып жүрген науқастар.

  • Пропранолол (селективті емес β адреноблокатор) – бастапқыда 1мг (0,1 % - 1мл) мөлшерінде тамыр ішіне бірден, жайлап жібереді, әсер болмаған жағ-дайда осы мөлшерде әрбір 2 – 3 мин сайын жібереді, максималды доза 10мг дейін. Қарсы көрсеткіштері: артериялды гипотензия, жедел жүрек жеткілік-сіздігі, артерияның облитерациялық аурулары, бронх демікпесі, жүктілік кезінде қолданылмайды.

Госпитализацияға көрсеткіштер:

  • Жүрекше фибрилляциясы алғаш байқалғандарға.

  • Жүрекше фибрилляциясының медикаменттерге басылмайтын пароксизмалды түрі.

  • Медикаменттермен немесе кардиоверсиямен басылған гемодинамика бұзылыстары немесе миокард ишемиясы бар болғандағы жүрекше фибрилляциясы (пароксизмалды немесе тұрақты) түрлерінде.

  • Антиаритмиялық терапиядан асқынулар дамығанда.

Жүрекше дірілі – жүрекшенің дұрыс ырғағы сақталуымен жүретін, жүрекше жиырылуының минутына 250 – 450 дейін жететін ырғақ бұзылысы (жиі 280 – 320). Қарыншалардың жиырылу жиілігі АВ түйінінің өткізгіштгіне байланысты және көп жағдайда әрбір 2 (2:1) немесе 3–ші эктопиялық импульс (3:1) қарыншаларға өтеді.
Емі Жүрекше дірілінің ауруханаға дейінгі кезеңіндегі іс - әрекет жүрекше фибрилляциясымен сәйкес келеді және оның түрлеріне, жүрек ауруының сипатына, гемодинамика бұзылыстарының: короналық қан айналымдарының бұзылыстарының ауырлығына байланысты жүргізіледі. Гемодинамика тұрақсыздығы кезінде жоғары қарыншалық жиырылуымен жүретін жүрекше дірілі аясындағы асқыныстар дамығанда шұғыл R тісшесімен синхронизирленген электроимпульсты терапия жүргізіледі (бастапқы заряд 100 Дж). Нәтижесі болмаса 200 Дж жоғарлатады. Госпитализациялауға көрсеткіштер жыбыр аритмиясы кезіндегідей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет