Этиологиясы және патогенезі. Аритмиялар қозудың түзілуінің, (автоматизм), қозудың өткізгіштігінің (өткізгіштігі) немесе осы компоненттердің біріге бұзылуымен көрініс береді.
Ырғақ және өткізгіштіктің жедел бұзылуың келесі себептер туындайды:
ЖИА (миокард инфарктісі, инфарктан кейінгі кардиосклерозды қоса); жүректің ревматикалық ақаулары, біріншілік және екіншілік кардиомиопатиялар, миокардиттер;
артериалды гипертензия, іркілмелі жүрек жеткілексіздігі, электролитті бұзылыстар аясында дамыған аритмиялар (мысалы гипокалиемия, гипокальциемия, гипомагниемия);
өткізгіш жүйесінің (Вольф– Паркинсон – Уайт – WPW, Лаун – Гемонг – Левайн - LCL синдромдары) немесе реполяризация үрдісінің (Романо – Уорд, Джервел – Ланг - Нильсен синдромы) туа біткен аномалиялары нәтижесінде; жүрек гликозидтерін, теофиллинді және QT интервалын ұзартатын дәрілерді (мысалы антиаритмиялық: амиодаронды, сатололды, хинидинді), сонымен бірге психоактивті дәрілерді қолданғанда;
алкоголь немесе кофеин құрамды сусындарды көп мөлшерде колданғанда;
экстракардиалды патология кезінде (өкпе, қалқанша без және жұқпалы аурулары кезінде).
Жүректің минуттық көлемі (ЖМК) ырғақ пен өткізгіштік бұзылуын (суправентрикулярлы және қарыншалық аритмиялар, өткізгіштіктің бұзылысы) шұғыл терапияны қажет ететін және қажет етпейтін деп жіктейді.
Шұғыл терапияны қажет ететін суправентрикулярлы аритмиялар:
Пароксизмалді суправентрикулярлы тахикардия.
Гемодинамика бұзылысы белгілерінің бар болына тәуелсіз ұзақтығы 48 сағаттан аз жүрекше фибрилляциясының пароксизмалды түрлері.
Гемодинамика бұзылысы және қарыншалар тахисистолиясымен жүретін, ұзақтығы 48 сағаттан жоғары жүрекшелер фибрилляциясының пароксизмалды түрі.
Гемодинамика бұзылысы және қарыншалар тахисистолиясымен жүретін жүрекше фибрилляциясының тұрақты (үдемелі) түрі.
Гемодинамика бұзылысы және қарынша тахисистолиясымен жүретін жүрекше фибрилляциясының тұрақты түрі.
Ұзақтығы 48 сағаттан аз жүрекше дірілінің пароксизмалды түрі.
Ұзақтығы 48 сағаттан көп, гемодинамика бұзылысы және қарыншалар тахисистолиясымен жүретін (1:1 немесе 2:1) жүрекше пароксизмалді түрі. Шұғыл терапияны қажет ететін қарыншалық аритмиялар:
Қарыншалар фибрилляциясы.
Мономорфты тұрақты қарыншалық тахикардия.
Жүрек инфаркты бар науқастардағы тұрақсыз қарыншалық тахикардияда.
Жүрек инфаркты бар науқастардағы жиі, қос, политопты қарыншалық экстрасистолия.
Шұғыл терапияны қажет ететін өткізгіштіктің бұзылыстары: