Дәрілік заттардықолданбай емдеу Гемодинамикасы тұрақты және есі бар науқастарда пароксизмді басуда кезбе жүйкесін тітіркендіруге және АВ түйіні арқылы өткізгіштікті баяулатуға бағытталған шаралардан бастайды. Вагустық сынамаларды жедел коронарлық синдром кезінде, ӨАТЭ күдік туғанда жүктілерге жүргізбейді.
Вагусты сынамалар: тыныс алудың кідіруі, форсирленген жөтел, тер-ең тыныс алудан кейін бірден күшену (Вальсальва сынамасы), тіл тү-бін басу арқылы құсуды стимуляциялау, нан қыртысын жұту, суық суға бетін батыру («сүңгіген ит рефлексі»), Ашофф сынамасын қол-данбайды, себебі тор қабат зақымдалуы мүмкін, каротидті синус мас-сажын ми қанайналымы жеткіліксіздігі болмаған кезде ғана жасайды.