Офтальмология



бет1/32
Дата04.06.2022
өлшемі465,03 Kb.
#145993
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Сессия все????????????????????????


ОФТАЛЬМОЛОГИЯ

#1
*!Жанаспайтын тонометрмен қандай көзішілік қысым өлшенеді?


*+шынайы
*тонометриялық
*эписклералық веналардағы
*тонографиялық
*камераішілік

#2
*!Орбитаның ЕҢ жұқа қабырғасы қандай?


*+ішкі
*артқы
*сыртқы
*төменгі
*жоғарғы

#3
*!Орбитаның қайсы қабырғасы ЕҢ мықты?


*артқы
*+сыртқы
*төменгі
*жоғарғы
*ішкі

#4
*!Қандай қабаттың жасуша аксондары көру нервін түзеді?


*пигментті қабат
*сыртқы түйіршікті қабат
*таяқшалар және сауытшалар қабаты
*+ганглионарлы қабат
*ішкі түйіршікті қабат

#5
*!Төменгі аталғандардан қандай құрылымды хориоидея қоректендіреді?


*+тор қабықтың сыртқы қабатын
*тор қабықтың ішкі қабатын
*қасаң қабықтың эндотелиін
*шыны тәрізді денені
*көз бұршағын

#6
*!Қандай аймақ көздің жоғарғы саңылауымен орбитаны байланыстырады?


*самай шұңқыры
*+ортаңғы бас сүйек шұңқыры
*артқы бас сүйек шұңқыры
*қанаттаңдай шұңқыры
*алдыңғы бас сүйек шұңқыры

#7
*!Қандай нерв дөңгелек тесік арқылы көз шарасына өтеді?
*көзшаралық
*+жоғарғы жақ сүйек
*көзқозғалтқыш
*әкетуші
*шығыршық

#8
*!Қандай нерв жоғарғы қабақты көтеруші бұлшықетті нервтендіреді?


*+көзқозғалтқыш
*шығыршық
*әкетуші
*көзжасы
*жоғарғы жақ

#9
*!Тор қабықтың ең сыртқы қабаты қандай?


*сыртқы түйіршікті қабат
*сыртқы глиалді шекаралық мембрана
*таяқшалар және сауытшалар
*сыртқы торлы қабат
*+пигментті эпителий

#10
*!Торлы қабықтың қандай бөлігі тамырлы қабыққа бекінген?


*+көру нерві дискі айналасында
*сары дақ айналасында
*ірі қантамырлар аймақтарында
*орталық артерия аймағында
*экватор аймағында

#11
*!Бұлшық еттік ойылу (воронка) аймағында қандай нерв орналасқан?


*көзжасы
*шығыршық
*+көру
*жоғарғы жақ
*беттік
#12
*!Қарашық сфинктері қандай нервпен иннервацияланады?
*үшкіл
*+көзқозғалтқыш
*беттік
*шығыршық
*симпатикалық

#13
*!Қарашықтың дилятаторы қандай нервпен нервтелінеді?


*үшкіл
*көзқимылдатқыш
*бет
*шығыршық
*+симпатикалық

#14
*!Моракс Аксенфельд диплобацилласы блефариттің қандай түрін ЕҢ ықтимал тудырады?


*қарапайым блефарит
*мейбомий блефарит
*+ангулярлы блефарит
*қабыршақты блефарит
*демодекозды блефарит

#15
*!Шеміршекте қандай бездер орналасуы ЕҢ ықтимал?


*Краузе қосымша
*Цейс
*Молль
*+мейбомий
*Вольфринг қосымша

#16
*!Мейбомий бездерінің секреті не үшін қажет?


*мұрынның кілегей қабатын ылғалдандыру үшін
*кірпіктерді қоректендіру үшін
*көзді ылғалдандыру үшін
*+қабақтардың тығыз жабылуы үшін
*қабақтардың жеңіл жабылуы үшін

#17
*!Біріншілік ашық бұрышты глаукоманың бастапқы сатысына ЕҢ тән шағым


*көзде тұйық ауыру сезімі
*көрудің төмендеуі
*+шағым болмайды
*жас ағудың күшеюі
*көру кеңістігінің тарылуы

#18
*!Жастың бактериоцидті әсерін энзимдердің қайсысы ЕҢ ықтимал қамтамасыз етеді?


*липаза
*+лизоцим
*химопсин
*амилаза
*трипсин

#19
*!Ширмер сынамасын жүргізгенде 5 мин. ішінде индикатор қағазы неше см. ылғалдануы ЕҢ ықтимал?


*0,5 см
*4,0 см
*+1,5 см
*3,0 см
*2,5 см

#20
*!Алдыңғы увеитте тамырлы қабықтың қандай бөліктерінің қабынуы ЕҢ ықтимал?


*тек қана нұрлы қабық
*тек қана хориоидея
*тек қана цилиарлы дене
*+нұрлы қабық және цилиарлы дене
*нұрлы қабық, цилиарлы дене, хориоидея

# 21
*!Қандай патологияға миоз ЕҢ тән?


*хориоидит
*ретинит
*глаукома
*+иридоциклит
*блефарит

#22
*!Қандай белгі иридоциклитке сәйкес келеді?


*іріңді бөлініс
*іркілісті инъекция
*+преципиттар
*мидриаз
*фолликулалар

#23
*!Артқы увеитте тамырлы қабықтың қандай бөлігі зақымданады?


*нұрлы қабық
*цилиарлы дене
*+хориоидея
*тор қабық
*көру нерві

#24
*!Алдыңғы камерадағы іріңді экссудат қалай аталады?


*гифема
*+гипопион
*гемофтальм
*фликтена
*преципитаттар

#25
*!Төменде аталған көрсеткіштердің қайсысы глаукоманың кезеңін ЕҢ дәл анықтайды?


*көру жітілігі және көзішілік қысымның деңгейі
*+көру кеңістігінің жағдайы және көру нерві дискінің экскавациясы
*көру нерві дискінің экскавациясы және көзішілік қысымның деңгейі
*сұйықтықтың ағып кету жеңілдігінің көлемі және көру кеңістігінің жағдайы
*көру кеңістігінің жағдайы мен көру жітілігі

#26 Айжан


*!Көздің гидродинамикасын анықтауда төменде аталған тәсілдердің қайсысы ЕҢ мақсатқа сай?
*+тонография
*тонометрия
*гониоскопия
*оптикалық когерентті томография
*тәуліктік тонометрия

#27
*!Төменде аталған белгілердің қайсысы ашық бұрышты глаукоманың патогенезінде ЕҢ дұрыс?


*алдыңғы камера бұрышының нұрлы қабықтың түбімен жабылып қалуы
*қарашықтың жабысуы
*алдыңғы камера бұрышында мезодермальді тіннің жартылай сіңбей қалуы
*нұрлы қабықтың бомбажы
*+көздің дренажды жүйесіндегі дистрофиялық өзгерістер

#28
*!Көзішілік қысымды төмендетуге қандай көз тамшы ұсынған ЕҢ мақсатқа сай?


*атропин
*тропикамид
*+тимолол
*ципролет
*левомицетин

#29
*!Аталғандардан гемофтальм түсінігіне ЕҢ сәйкес келетін термин қандай?


*алдыңғы камерадағы қан
*парабульбарлы қанқұйылу
*+шыны тәрізді денеге қанқұйылу
*конъюнктива астына қанқұйылу
*ретробульбарлы қанқұйылу

#30
*! Аталған қандай бөгде денелер сидерозға алып келуі ЕҢ ықтимал?


*мыс жарықшағы
*алюминий жарықшағы
*+темір жарықшағы
*шыны жарықшағы
*ағаш жарықшағы

#31
*!Аталған терминдердің қайсысы көз алмасының ішке кіріңкілігіне ЕҢ сәйкес келеді?


*анофтальм
*+энофтальм
*экзофтальм
*гемофтальм
*нанофтальм

#32
*!Аталған терминдердің қайсысы көз алмасының жоқ екеніне ЕҢ сәйкес келеді?


*+анофтальм
*энофтальм
*экзофтальм
*гемофтальм
*нанофтальм

#33
*!Аталған терминдердің қайсысы алдыңғы камераға қанқұйылуына ЕҢ сәйкес келеді?


*+гифема
*гемофтальм
*гемосидерин
*гидрофтальм
*буфтальм

#34
*!Глаукоманың өршіген сатысында көру кеңістігі


*қалыпты
*анықталмайды
*+фиксация нүктесінен 15 тен 50 градусқа тарылған
*фиксация нүктесінен 15 градусқа аз
*гомонимді гемианопсия

#35
Қандай сатылар жастық катаракта ағымына ЕҢ сәйкес келеді?


*бастапқы, жетілмеген, жетілген
*+бастапқы, жетілмеген, жетілген, өте жетілген
*бастапқы, өршіген, шексіз өршіген, терминальді
*бастапқы, жетілмеген, сүттік, өте жетілген
*бірінші, екінші, үшінші, төртінші

#36
Қандай анықтама артифакия түсінігіне ЕҢ сәйкес келеді?


*бұршақтың бұлыңғырлануы
*бұршақтың болмауы
*+көзде жасанды бұршақтың болуы
*бұршақтың ығысуы
*бұршақтың шығып кетуі

#37
*!Афакия түсінігіне ЕҢ сәйкес келетін анықтама қандай?


*көз бұршағының бұлыңғырлануы
*+көз бұршағының болмауы
*көзде жасанды бұршақтың болуы
*бұршақтың ығысуы
*бұршақтың шығып кетуі

#38
*!Бұршақтың қоректенуінің ЕҢ ықтимал жолы?


*тор қабықтың орталық артериясынан
*алдыңғы кірпіктік артериядан
*көз жасынан
*+көзішілік сұйықтықтан
*артқы қысқа кірпіктік артериядан

#39
*!Пресбиопияда бұршақтың қандай қызметі ЕҢ ықтимал зардап шегеді?


*жарық өткізгіштік
*жарықты сындыру
*+аккомодациялық
*диафрагмальді
*ультрафиалеттен қорғау

#40
*!Афакияны түзету үшін ЕҢ жетілген әдіс қандай?


*+интраокулярлы линзаны имплантациялау
*жанаспалы түзету
*көзәйнекпен түзету
*бифокальді көзәйнек
*телескопиялық көзәйнек

#41
*!Тісшелі сызық орналасуы сәйкес келетін аймақ қандай?


*+түзу бұлшық еттің бекінген аймағы
*көз экваторына
*кірпікті дене проекциясы аймағына
*лимб проекциясының аймағына
*көру нерві дискі аймағына

#42
*!Төменде аталғандардың қайсысы аметропияға жатуы ЕҢ дұрыс?


*амблиопия
*эмметропия
*пресбиопия
*аккомодация
*+гиперметропия

#43
*!Миопияда бас фокус қайда орналасқаны ЕҢ дұрыс?


*қасаң қабықта
*бұршақта
*+шыны тәрізді денеде
*тор қабықта
*көздің артында

#44
*!Гиперметропияда бас фокус қайда орналасқаны ЕҢ дұрыс?


*қасаң қабықта
*бұршақта
*шыны тәрізді денеде
*тор қабықта
*+көздің артында

#45
*!Беткейлік инъекция көздің қандай бөлігінің қабынуына ЕҢ сәйкес келеді?


*қабақтың
*+конюнктиваның
*қасаң қабықтың
*нұрлы қабықтың
*хориоидеяның

#46
*!Шеткі көруді зерттеу үшін қандай зерттеу тәсілін қолдану ЕҢ дұрыс?


*тонометрия
*+периметрия
*офтальмоскопия
*визометрия
*гониоскопия

#47
*!Көз түбін қарау үшін қандай зерттеу тәсілін қолдану ЕҢ дұрыс?


*рефрактометрия
*биомикроскопия
*периметрия
*+офтальмоскопия
*визометрия

#48
*!Көздің алдыңғы бөлігін тексеру үшін қандай зерттеу әдісі ЕҢ мақсатқа сай?


*пальпация
*офтальмоскопия
*гониоскопия
*визометрия
*+биомикроскопия

#49
*!Алдыңғы камера бұрышындағы өзгерістерді анықтау үшін қандай тәсіл ЕҢ нақты?


*офтальмоскопия
*+гониоскопия
*циклоскопия
*периметрия
*тонометрия

#50
*!Бинокулярлы көруді зерттеу үшін қандай құрал ЕҢ қажет?


*Рот аппараты
*Сивцев кестесі
*Рабкин кестесі
*+төртнүктелі түсті тест
*Орлов кестесі

#51
*!57 жастағы ер адамда көзішілік қысым жоғары, бұршақтың бұлыңғырлануы анықталды.


Бұршақтың ісінуін нақтылау үшін қандай зерттеу тәсілін жүргізген ЕҢ дұрыс?
*гониоскопия
*биомикроскопия
*офтальмоскопия
*офтальмохромоскопия
*+ультрадыбысты зерттеу

#52
*!48 жастағы әйелде профилактикалық қарауда көзішілік қысым жоғары болды.


Глаукоманың түрін анықтау үшін қандай зерттеу тәсіл ЕҢ дұрыс?
*+гониоскопия
*биомикроскопия
*офтальмоскопия
*оптикалық когерентті томография
*периметрия

#53
*!Көздің гидродинамикасын зерттеу үшін қандай тәсіл ЕҢ көрсетімді?


*+тонография
*тонометрия
*гониоскопия
*оптикалық когерентті томография
*тәуліктік тонометрия

#54
*!Жанаспайтын тонометрмен қандай көзішілік қысым өлшенеді?


*+шынайы көзішілік қысым
*тонометриялық көзішілік қысым
*эписклералық веналардағы қысым
*тонографиялық көзішілік қысым
*тор қабықтың орталық артериясындағы қысым

#55
*!50 жастағы әйелдің жас кезінде көруі жақсы болған. Соңғы кезде майда мәтінді жақын қашықтықтан оқу қиынға соғады. Vis OU=1,0; P=14,0 мм.сын.бағ.


Сіз қандай ЕҢ дұрыс түзетуді тағайындайсыз?
*+күші 2.0 дптр жинағыш линзаны
*күші 2.0 дптр шашыратқыш линзаны
*күші 1,0 дптр шашыратқыш линзаны
*күші 1,0 дптр жинағыш линзаны
*күші 3,0 дптр жинағыш линзаны

#56
*!Төменде аталғандардан рефракцияны анықтаудың ЕҢ объективті зерттеу тәсіліне жатады?


*офтальмометрия
*периметрия
*кампиметрия
*биомикроскопия
*+рефрактометрия

#57 Назерке


*!Төменде аталғандардан клиникалық рефракция түсінігіне ЕҢ сәйкес келеді?
*қасаң қабық пен бұршақтың рефракцияларының жиынтығы
*көздің оптикалық жүйесіндегі сындыру күшінің жастық өзгерістері
*көрудің алыстан анық көретін нүктесінің орналасуы
*диоптриямен белгіленетін оптикалық жүйенің сындыру күші
*+бас фокустың орналасуының тор қабыққа қатынасы

#58
*!25 жастағы ер адам көру жітілігін анықтайтын кестеден бірінші қатарды 1 метр арақашықтықтан көрді.


Көру жітілігі қанша болуы ЕҢ ықтимал?
*0,1
*0,05
*+0,02
*0,01
*0,2

#59
*!48 жастағы ер адам көру жітілігін анықтайтын кестеден бірінші қатарды 4 метр арақашықтықтан көрді.


Көру жітілігі қанша болуы ЕҢ ықтимал?
*0,1
*0,05
*0,02
*+0,08
*0,2

#60
*!23 жастағы бойжеткен көру жітілігін анықтайтын кестеден бірінші қатарды 3 метр арақашықтықтан көрді.


Көру жітілігі қанша болуы ЕҢ ықтимал?
*0,1
*0,2
*0,05
*0,02
*+0,06

#61
*!Миопияны түзету үшін қандай шыныларды қолданған ЕҢ дұрыс?


*жинағыш сфералық
*жинағыш цилиндрлік
*+шашыратқыш сфералық
*шашыратқыш цилиндрліқ
*бейтарап сфералық

#62
*!17 жастағы жасөспірімнің көзі жедел ауырған және қызарған, көзден еттің жуындысы тәрізді бөлініс ағады.


Аурудың қоздырғышы қандай микроорганизм болуы ЕҢ ықтимал?
*стафилококк
*стрептококк
*+гонококк
*көкіріңді таяқша
*пневмококк

#63
*!Блефаритке қандай белгілер ЕҢ тән?


*қабақтың айналуы, көзден жас ағу, іріңді бөлініс
*қабақтар толық жабылмайды, жарықтан қорқу, жас ағу
*+қабақтың шеттерінің қалыңдауы, қызаруы, кірпіктердің түбінде қабыршақ пен жараның болуы
*кірпіктердің дұрыс өспеуі, көзден жіп тәрізді бөліністің ағуы, таңертең қабақтардың жабысуы
*қабақтың треморы, көзден шырышты бөліністің ағуы, жарықтан қорқу

#64
*!Аталған белгілердің қайсысы конъюнктивитке ЕҢ тән?


*+көзге «құм» түскендей сезім, беткейлік инъекция, қабақтардың шырышты қабатының ісінуі, патологиялық бөлініс
*басып ауырған сезім, перикорнеальді инъекция, фотофобия, жас ағу
*иррадиациялық ауыру сезімі, қабақтардың шеттерінің ісінуі, кірпіктің түбінде іріңді қабыршақтар
*ашып ауыруы, аралас инъекция, жарықтан қорқу, патологиялық бөлініс
*пульсациялы ауыру сезімі, іркілісті инъекция, жіп тәріздес бөлініс, хемоз

#65
*!Бала 5 жаста, бала-бақшаға барып келгеннен кейін көзінен жас ағу, жарықтан қорқу пайда болған. Қабақтың шырышты қабаты қызарған, ісіңкі, петехиялар бар, бульбарлы конъюнктивада негізі лимбке қараған екі ашық-сұрғылт үшбұрыш байқалады. Көзден шырышты-іріңді бөлініс ағады.


Қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал?
*гонобленнорея
*күлдік конъюнктивит
*+Кох-Уикс жедел эпидемиялық конъюнктивит
*блефароконъюнктивит
*пневмококкты конъюнктивит

#66
*!Ер адам 25 жаста, екі көзінің ашуына, бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтары ашылмай қалуына шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған, екі жақтан басталған. Объективті: көздері ашық, кірпіктерде кепкен қабыршақтар байқалады, айқын конъюнктивалық инъекция, қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, көзден көп мөлшерде іріңді бөлініс ағады.


Қандай конъюнктивит болуы ЕҢ ықтимал?
*аденовирусты
*эпидемиялық кератоконъюнктивит
*пневмококкты
*+жедел бактериалды
*ұшықтық

#67
*!Көздің қандай бөлігінің қабынуында rubor белгісі болмайды?


*коньюнктиваның
*қасаң қабықтың
*нұрлы қабықтың
*кірпікті дененің
*+хориоидеяның

#68
*!Науқас қабақ шеттерінің қызаруына, үнемі қышуына, екі көзіне қоқым түскендей сезімге шағымданды. Аллергостатус өзгермеген. Қабақ шеттері қалыңдаған, қызарған, кірпіктердің түбінде қайызғақты қабыршақтар байқалады. Қабыршақтарды ылғалды мақтамен алып тастағаннан кейін, қабақ терісі қызармаған, зақымдалмаған.


Блефариттің қандай түрі ЕҢ ықтимал?
*жәй
*демодекозды
*+қабыршақты
*жаралық
*аллергиялық

#69
*!Әйел 54 жаста, көзінің жиі қызаруына, дискомфортқа, қышуына, ашуына, қабақтың астында бөгде зат тұрғандай сезімге шағымданды. Биомикроскопияда конъюнктивалық қапшықта жіп тәріздес қоймалжың бөлініс анықталды. Конъюнктивалық қуысқа 1% флюоресцеин ерітіндісін тамызғанда, қасаң қабықтың эпителийінде нүктелі боялған аймақтар байқалады. Ширмер тесті 10мм.


Төменде аталған алдын ала диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*созылмалы блефарит
*созылмалы конъюнктивит
*көктемгі катар
*+көздің құрғақ синдромы
*кератоконъюнктивит

#70 бакытты болшы тока


*!Ер адам 45 жаста, ЖРВИ ауырғаннан кейін 5 айдан соң, жоғарғы қабағында ауырмайтын түзілімнің пайда болғанына шағымданды. Бір айдың ішінде түзілімнің өскенін байқаған. Объективті: қабақтың үштен бір бөлігінің шетінен 3 мм. аймақта көлемі 4мм. ауырмайтын түзілім анықталды, оның үстіндегі тері қозғалмалы, өзгермеген. Түзілімнің үстіндегі конъюнктива айқын қызарған. Көздің алдыңғы бөлігі өзгермеген. VisOU ꞊1,0.
Төменде аталған алдын ала диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?
*сыртқы теріскен
*дакриоаденит
*ішкі теріскен
*+алазион
*аденокарцинома

#71
*!12 жастағы бала салқындап ауырғаннан кейін, сол көзінің жоғарғы қабағы айқын қызарған және ісінген, ауырады, көзден іріңді бөлініс ағады. Сол көздің жоғарғы қабағының сыртқы бұрышында қозғалмалы тығыздану пальпацияланады. Жоғарғы қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, борпылдақ. Жоғарғы қабақты айналдырып қарағанда, кірпіктік қырының шетінде көлемі 2х2мм сары түстес түзілім көрінеді.


Төменде аталған алдын ала диагноздарың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*халазион
*трихиаз
*ішкі теріскен
*+сыртқы теріскен
*сыздауық

#72
*!Ер адам 45 жаста, жоғарғы қабағында ауырмайтын түзілімнің 5ай бұрын пайда болғанына шағымданды. Бір айдың ішінде түзілімнің өскенін байқаған. Объективті: қабақтың үштен бір бөлігінің шетінен 3 мм. аймақта көлемі 4мм. ауырмайтын түзілім анықталды, оның үстіндегі тері қозғалмалы, өзгермеген. Түзілімнің үстіндегі конъюнктива айқын қызарған. Көздің алдыңғы бөлігі өзгермеген. VisOU ꞊1,0.


Төменде аталған қандай аурулармен дифференциалды диагноз жүргізген ЕҢ ықтимал?
*сыртқы теріскен
*қабақтың базалиомасы
*созылмалы мейбомиит
*қабақтың липодермоиды
*+мейбомий безінің аденокарциномасы

#73
*!Төменде аталған қандай факторлар қабақтың қабыну ауруларында ісінудің тез жайылып кетуін ЕҢ нақты түсіндіреді?


*тері асты – май тіндері өте тығыз және көп
*қантамырлары аз
*қантамырлары көп
*қабақ терісі жұқа және теріасты тіні тығыз
*+қабақ терісі жұқа және теріасты тіні борпылдақ

#74
*!Коньюнктивитке инъекцияның қандай түрі ЕҢ тән?


*+беткейлік
*терең
*перикорнеальді
*аралас
*іркілісті

#75
*!Бактериалды конъюнктивитке қандай патологиялық бөліністің сипаты ЕҢ тән?


*шырышты
*+іріңді
*жалқықты
*гемморагиялық
*өттік

#76
*!Окулистке келген 5 жастағы баланың екі көзінде конъюнктивалық инъекция, шырышты-жалқықты бөлініс, қабақтардың конъюнктивасында фолликулалар, бірен-саран петехиялар анықталды. Құлақ маңындағы лимфа бездері үлкейген.


Қандай алдын ала диагноз ЕҢ дұрыс?
*жедел блефарит
*артқы увеит
*вирусты кератит
*бактериалды конъюнктивит
*+аденовирусты конъюнктивит

#77
*!Бала 10 жаста, ревматоидты артритпен сырқаттанады. Офтальмологқа сол көзінің көруінің төмендеуі мен қызаруына шағымданады. Тексергенде: көру жітілігі ОД ꞊1,0, ОS꞊ 0,2 түзетілмейді. Қасаң қабық маңайлық қызару, қасаң қабықта сағ.3 және 9-да лимбтің маңында бұлыңғырлану анықталды. Қарашықтың пішіні артқы синехиялардан дұрыс емес. Бұршақ бұлыңғыр.


Қандай синдром ЕҢ ықтимал?
*Бехтерев
*+Стилл
*Рейтер
*Стивенс-Джонсон
*Бехчет

#78
*!Ер адам 32 жаста, оң көзінің қызаруына, ауыруына және көруінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінен белгілі болғандай, ол жуық арада іріңді баспамен (ангина) ауырған екен. Тексергенде: көру жітілігі ОД ꞊0,4 түзетілмейді, цилиарлы ауыру сезімі, перикорнеальді қызару, алдыңғы камера сұйықтығы лайланған, қарашықтың пішіні дұрыс емес.


Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*конъюнктивит
*кератит
*кератоирит
*+иридоциклит
*кератоиридоциклит

#79
*!Әйел 28 жаста, офтальмологқа оң көзінің қызаруына, жарықтан қорқуына шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, ол бір апта бұрын стоматологта емделген. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊ 0,8 түзетілмейді, ОS ꞊1,0. Оң көз аздап тітіркенген, жеңіл перикорнальді инъекция, нұрлы қабық аздап ісіңкі, қарашық тар. Көздің басқа құрылымы өзгеріссіз.


Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*кератит
*кератоирит
*+ирит
*циклит
*иридоциклит

#80 Дарина


*!Әйел 45 жаста, офтальмологқа сол көзінің көруінің төмендегенін айтты. Анамнезінен белгілі болғандай, ол көруінің жәйлап төмендегенін кездейсоқ байқаған. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊1,0, ОS꞊ 0,6 түзетілмейді. Сол көз тыныш. Көздің алдыңғы бөлігі өзгермеген, сындыру орталары мөлдір. Көз түбінде орталық маңайдың айналасында дискінің 1 диаметр көлеміндей инфильтрат анықталды, айналасындағы тор қабық ісіңкі, шыны тәрізді денеге проминенцияланады.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*панувеит
*иридоциклит
*тор қабықтың дистрофиясы
*+хориоретинит
*тор қабықтың ажырауы

#81
*!Жасөспірім 17 жаста, офтальмологқа екі көзінің көруінің төмендегеніне шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, көруі біртіндеп төмендеген. Жасөспірімнің шешесінде миопия. Тексергенде: көру жітілігі екі көзінде 0,4. Рефракциясы миопия 3,0дптр. Көз түбінің шеткі бөлігінде пигментацияланған ескі ошақ анықталды.


Көз түбінде анықталған өзгерістерді анықтау үшін қандай зерттеу жүргізген ЕҢ дұрыс?
*гониоскопия
*+циклоскопия
*офтальмоскопия
*биомикроскопия
*скиаскопия

#82
*!Жас жігіт 23 жаста, офтальмологқа оң көзінің ауыруына, жарықтан қорқуына және көруінің төмендегеніне шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, ол спондилоартритпен ауырады. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊0,4 түзетілмейді. Көз тітіркенген, перикорнеальді қызару, эндотелийде преципитаттар, артқы синехиялардан қарашықтың пішіні дұрыс емес.


Жігітте қандай синдром болуы ЕҢ ықтимал?
*+Бехтерев
*Стилл
*Бехчет
*Лайелла
*Рейтер

#83
*!Бала 6 жаста, Стилл ауруымен есепте тұрады. Офтальмологтың кезекті тексерілуіне келгенде, сол көзінде мынадай өзгерістер анықталған: көру жітілігі 0,02 түзетілмейді, көз тыныш, қасаң қабығында таспа тәріздес дегенерация, артқы айналмалы синехия, бұршақ бұлыңғыр.


Айтылған аурудың себебі қандай болуы ЕҢ ықтимал?
*токсоплазмоз
*сарып
*туберкулез
*+ревматоидты артрит
*ревматизм

#84
*!Ер адам 31 жаста, офтальмологқа екі көзінің көру жітілігінің төмендеуіне шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, ол афтозды стоматитпен ауырған. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊ 0,1, ОS ꞊0,09, көздері тітіркенген, айқын аралас инъекция. Эндотелийде преципитаттар, 2мм. гипопион, артқы айналмалы синехия.


Ер адамда қандай синдром болуы ЕҢ ықтимал?
*Бехтерев
*Стивенсон-Джонсон
*Рейтер
*+Бехчет
*Стилл

#85
*!Ер адам 56 жаста, оң көзінің қатты ауыруына, ауыру бастың оң жағына берілуіне, лоқсу және құсуға шағымданып келген. Нервтік күйзелістен соң көзі кенеттен кеште ауырып бастаған. Объективті: ОД блефароспазм, іркілісті инъекция, қасаң қабық ісінген, кедір-бұдыр, алдыңғы камера саяз, қарашық кеңейген, жарыққа әсері жоқ. Қасаң қабықтың ісінуіне байланысты басқа бөліктері көрінбейді. Оң көзінің көру жітілігі-дұрыс емес жарықты сезеді. КІҚ ОД-41мм.сын.бағ.


Аталған диагноздардан қандай диагноз ЕҢ дұрыс болуы ықтимал?
*тор қабықтың орталық венасының тромбозы
*жедел иридоциклит
*+глаукоманың жедел ұстамасы
*жедел кератоувеит
*ашық бұрышты глаукома

#86
*!Ер адам 62 жаста, офтальмологта глаукома диагнозымен есепте тұрады. Қарағанда: көру жітілігі екі көзінде ОU꞊ 0,9 түзетілмейді. Шеткі көруі мұрын жақтан 45 градусқа тарылған. Алдыңғы бөлігі өзгермеген. Көз бұршағының қыртысты қабаты экватор бойында аздап бұлыңғыр. Көздің түбінде көру нерві дискінің экскавациясы 0,5. Көзішілік шынайы қысым 23мм.сын.бағ.


Глаукоманың қандай кезеңі болуы ЕҢ ықтимал?
*+бастапқы
*өршіген
*шексіз өршіген
*терминалді
*абсолюттік

#87
*!Ер адам 51 жаста, оң көзінде дискомфорт және оқтын -оқтын ауыру сезімінің болуына шағымданып офтальмологқа келді. Зерттеп қарағанда: көру жітілігі ОД ꞊0,7, ОS ꞊1,0. Көру кеңістігі ОД жоғарғы-мұрын жағынан 10º тарылған. Көздің алдыңғы бөлігі өзгермеген, сындыру орталары мөлдір. Көз түбінде Э/Д 0,6. Көзішілік шынайы қысым ОД -26 мм.сын.бағ. ,ОS- 16 мм сын.бағ.


Қандай диагноз болуы ЕҢ ықтимал?
*иридоциклит
*+біріншілік глаукома
*екіншілік глаукома
*гипертензия
*көру нервінің семуі

#88
*!Әйел 49 жаста, офтальмологқа сол жақ басына берілетін сол көзінің қатты ауыруына шағымданып келді. Қарағанда: іркілістік инъекция, қасаң қабықтың ісінуі, қарашық кеңейген, КІҚ 35 мм.сын.бағ.


Қандай диагноз болуы ЕҢ ықтимал?
*жедел иридоциклит
*+глаукоманың жедел ұстамасы
*жедел конъюнктивит
*кератит
*кератоконъюнктивит

#89
*!Ер адам 55 жаста, офтальмологта екі көзінен глаукома диагнозымен есепте тұрады.


Көру нерві дискін бағалауда ЕҢ заманауи зерттеу әдісі қандай?
*ультрадыбысты зерттеу
*электроретинография
*+оптикалық когерентті томография
*бинокулярлы офтальмоскопия
*гониоскопия

#90
*!Әйел 56 жаста,офтальмологқа сол көзінің күшті ауыру сезіміне, ауыру басқа берілуіне, лоқсуына шағымданды. Қарағанда: сол көзінің көру жітілігі 0,09 түзетілмейді, іркілісті инъекция, қасаң қабықтың ісінуі, алдыңғы камера саяз, қарашық кеңейген. Глаукоманың жедел ұстамасы деген диагноз қойылды.


Аталған ауруды қандай аурудан ажырата білу ЕҢ ықтимал?
*екіншілік глаукома
*панувеит
*+жедел иридоциклит
*кератит
*конъюнктивит

#91
*!Әйел 61 жаста, глаукома диагнозымен офтальмологта есепте тұрады. Қарағанда көзішілік қысым 34 мм.сын.бағ. дейін көтерілгендігі анықталды.


Көзішілік қысымның көтерілуінің қандай дәрежесі ЕҢ ықтимал?
*қалыпты
*орташа көтерілген
*+жоғары
*тұрақтанған
*өте жоғары

#92
*!Әйел 52 жаста, офтальмологқа оң көзінің ауыру сезіміне шағымданып келген. Зерттеп қарап глаукома диагнозы қойылды.


Глаукоманың түрін анықтау үшін қандай зерттеу әдісі ЕҢ ықтимал?
*биомикроскопия
*офтальмоскопия
*+гониоскопия
*тонометрия
*тонография

#93
*!Ер адам 58 жаста, кезекті офтальмоскопиялық зерттеу кезінде көру дискінің экскавациясы 0,5-0,6 анықталды.


Экскавацияның өлшемін нақты анықтау үшін қандай зерттеу әдісін қолдану ЕҢ ықтимал?
*бинокулярлы офтальмоскопия
*+оптикалық когерентті томография
*ультрадыбысты зерттеу
*биомикроскопия
*электроретинография

#94
*!Ер адам 48 жаста, офтальмологта глаукома диагнозымен есепте тұрады. Қарағанда: көру жітілігі ОД – 0,09, OS – 0,8, көру кеңістігі 20 º тарылған, Э/Д 0,8.


Аурудың кезеңі қандай болуы ЕҢ ықтимал?
*алғашқы
*өршіген
*+шексіз өршіген
*абсолюттке жақын
*абсолюттік

#95
*!Әйел 49 жаста, офтальмологқа оң көзінің оқтын-оқтын ауыратынына шағымданып келді. Қарағанда: көру жітілігі және шеткі көруі қалыпты жағдайда. Көзішілік қысым қалыпты. Көзішілік шынайы қысым 20-21мм.сын.бағ.


Көзішілік қысымды анықтау үшін қандай құрал қолданған ЕҢ ықтимал?
*тонограф
* Маклаков тонометрі
*+пневмотонометр
*пальпебральді тонометр
*сынаптық тонометр

#96
*!Аталған белгілердің қайсысы бұршақтың цинн байламдарының үзілуіне ЕҢ тән?


*гифема
*+иридофакоденез
*қарашықтың пішіні дұрыс емес
*көз түбінен сұр рефлекс
*нұрлы қабықтың бомбажы

#97
*!Қандай патологияда бір көздің ауруы екінші көздің қабынуына (симпатикалық офтальмия) ЕҢ жиі қауіп туғызуы мүмкін?


*жарақаттық кератит
*глаукоманың жедел ұстамасы
*кератоконъюнктивит
*+көзді тесіп өткен жарақат
*жарақаттық катаракта

#98
*!Науқаста, тұйық жарақат алған соң, жоғарғы қабақтың птозы, офтальмоплегия, мидриаз, қасаң қабықтың сезімталдығының төмендеуі байқалған.


Төмендегі аталған алдын ала диагноздардан қайсысы ЕҢ нақты ?
*склераның субконьюнктивальді жыртылуы
*көз шарасының эмфиземсы
*көру нервінің жұлынуы, үзілуі
*көз шарасының тромбофлебиті
*+жоғарғы көз саңылауы синдромы

#99
*!Төменде аталған қандай клиникалық белгі орбита қабырғасының сынғанын ЕҢ дұрыс анықтайды?


*гипертензия
*+энофтальм
*гипотония
*жас ағу
*жарықтан қорқу

#100
*!Төменде аталған белгілердің қайсысы көру нервінің үзілуіне ЕҢ сәйкес келеді?


*көздің қызаруы
*+зағиптық
*көрудің төмендеуі
*көзішілік қысымның жоғарылауы
*гипотония
#101
*!Науқастың оң көзінде лагофтальм («қоян көз») анықталды.
Төменде аталған қандай бұлшықеттің зақымданғаны ЕҢ нақты?
*жоғарғы қабақты көтеретін
*+қабақтың айналма бұлшықеті
*төменгі қиғаш бұлшықет
*төменгі тура бұлшықет
*ішкі тура бұлшықет

#102
*!Қабақтың жарақатының жазылуында, төменде аталған қабақтың құрылымының қандай ерекшелігі ЕҢ маңызды?


*+қанмен қамтамасыз етілуі бай
*қабаттық құрылым ерекшелігі
*терінің иннервациясы өте қарқынды
*ірі венозды тамырлардың болмауы
*лимфа жүйесінің ерекшелігі

#103
*!Төменде аталған қандай себептер Фоссиус сақинасының пайда болуында ЕҢ патогенетикалық маңызды?


*қасаң қабықтың орталық аймағында диск тәріздес бұлыңғырлану
*нұрлы қабықтың жарақаттан болған колобомасы
*+бұршақтың алдыңғы капсуласында нұрлы қабықтың қарашықтық жиегінің ізі
*бұршақтың артқы субкапсулярлы қабатында домалақ бұлыңғырлану
*макула аймағына сақина тәрізді қанқұйылу

#104
*!Төменде аталған қандай диагноз көздің айналмалы бұлшықетінің салдануында ЕҢ патогенетикалық маңызды?


*птоз
*+лагофтальм
*экзофтальм
*энофтальм
*эктропион

#105
*!Төменде аталған қандай зерттеу әдісі көздің сындыру орталары мөлдір болмағанда, тор қабықтың жарақаттан болған ажырауын ЕҢ нақты анықтайды?


*жарық енгізіп зерттеу
*биомикроскопиямен
*офтальмоскопиямен
*+ультрадыбыс әдісімен
*оптикалық когерентті томографиямен

#106
*!Қасаң қабықтың тесілуі төменде аталған қандай асқынуға әкелеуі ЕҢ ықтимал?


*гемофтальм
*тор қабықтың ажырауы
*+эндофтальмит
*экзофтальм
*энофтальм

#107
*!Жаңа туған баланы дәрігер қарағанда, қарашықтың тұсы ақ екенін көрді.


Патология көз алмасының қандай құрылымында болуы ЕҢ ықтимал?
*қасаң қабықта
*+бұршақта
*шыны тәрізді денеде
*хориоидеяда
*тор қабықта

#108
*!Катарактада ота алдында жасалған электрофизиологиялық зерттеу әдісінің ЕҢ маңыздылығы неде?


*+катарактаны экстракциялаудан кейінгі жағдайын болжау
*хирургиялық емдеу тактикасын анықтау
*ота алдындағы консервативтік емдеу курсының қажеттігін анықтау
*отадан кейінгі емдеу тактикасын анықтау
*ИОЛ түрін анықтау

#109
*!Ісінген катарактада ЕҢ жиі болатын асқыну қандай?


*факолизистік глаукома
*факотоксикалық иридоциклит
*+факоморфиялық глаукома
*бұршақтың алдыңғы капсуласының жыртылуы
*бұршақтың алдыңғы камераға шығуы

#110
*!Бұршақты алып тастағаннан кейін көздің қандай қызметі жоғалуы ЕҢ ықтимал?


*түрлі түсті сезу
*қараңғыға адаптация
*+аккомодация
*көзішілік сұйықтықты бөлу
*жарықты сезу

#111
*!Катарактаны емдеуде қандай консервативті емдеу бағыты ЕҢ маңызды?


*иммунотерапия
*ісінуге қарсы ем
*қабынуға қарсы ем
*+зат алмасуды жақсарту
*десенсибилизация

#112
*!Афакияда көздің сындыру күші қалай өзгеруі ЕҢ ықтимал?


*күшееді
*өзгермейді
*+азаяды
*жоғарылайды
*болмайды

#113
*!Интраокулярлы линзаны имплантациялаумен катарактаның экстракциясында көздің сындыру күші қалай өзгеруі ЕҢ ықтимал?


*күшееді
*+өзгермейді
*азаяды
*жоғарылайды
*болмайды

#114
*!Иридоденез түсінігіне ЕҢ сәйкес келетін анықтама қандай?


*нұрлы қабықта жаңадан қантамырларының пайда болуы
*қарашықтың жиегінің жыртылуы
*+нұрлы қабықтың дірілдеуі
*нұрлы қабықтың түбінен үзілуі
*нұрлы қабықтың семуі

#115
*!Факоденез түсінігіне ЕҢ сәйкес келетін анықтама қандай?


*нұрлы қабықта жаңадан қантамырларының пайда болуы
*нұрлы қабықтың қарашықтық жиегінің жыртылуы
*нұрлы қабықтың дірілдеуі
*+бұршақтың дірілдеуі
*бұршақтың бұлыңғырлануы

#116
*!Бұршақ алдыңғы камераға шыққында ЕҢ жиі болатын асқыну?


*факолизистік глаукома
*факотоксикалық хориоидит
*+факотопиялық глаукома
*хориосклероз
*факолизистік иридоциклит

#117
*!Офтальмолог дәрігер қабылдауына 45 жастағы әйел адам оң жақ көздің ауыру сезіміне шағымданып келген. Дәрігер науқас әйелді көзішілік қысымды жанаспалы әдіспен зерттеуге жіберді.


Жергілікті анестезияны қамтамасыз етуде қандай дәрілік препаратты тамызу ЕҢ мақсатқа лайық?
*альбуцид
*лидокаин
*+алкаин
*кокаин
*новокаин

#118
*!Төменде аталғандардан көздің өтпелі жарақаты диагнозына ЕҢ сәйкес келетін белгі қандай?


*конъюнктива жарақаты
*+көздің ішінде бөгде заттың болуы
*гифема
*қарашықтың дұрыс емес пішіні
*алдыңғы камера саяз

#119
*!Әйел адам, 32 жаста, бітеу жарақаттан соң оң көзде жартылай птоз пайда болды.


Қандай бұлшықет зақымдануы ЕҢ ықтимал?
*+жоғарғы қабақты көтеруші
*қабақтың айналма бұлшық еті
*төменгі қиғаш
*төменгі түзу
*ішкі түзу

#120
*!Комберг-Балтин протезін қолдану ЕҢ мақсатқа сай жағдай қандай?


*рентген суретінде көзішілік бөгде дененің жоқтығын анықтау
*+бөгде дененің көз қабықтарына салыстырмалы орналасуын анықтау
*ота кезінде шыны тәрізді дененің сыдырылуы профилактикасында
*магнитті сынама жүргізуде
*ультрадыбысты диагностика жүргізуде
#121
*! Комберг-Балтин протезін қолдануға көрсеткіштер
* көзішілік бөгде дененің жоқтығын анықтау
*+бөгде дененің рентгенорналасуын анықтау үшін
*ота барысында шыны тәрізді дененің шығып кетуін алдын алу үшін
*магнитті сынама жүргізуде
*орбитаны шолу көрінісін жасау үшін

#122
*!Төменде аталғандардан, көзішілік мыс бөгде денеде ЕҢ болуы мүмкін асқыну қандай?


*+халькоз
*сидероз
*сатурнизм
*тор қабық ажыралуы
*глаукома

#123
*!Төменде аталғандардан, көзішілік темір бөгде денеде ЕҢ болуы мүмкін асқыну қандай?


*халькоз
*+сидероз
*сатурнизм
*тор қабық ажыралуы
*глаукома

#124
*!Ер адам 40 жаста, метал фрезамен жұмыс жасау кезінде көзіне жарақат алған.


Көз алмасы жарақатын анықтауда, төменде аталғандардан, ЕҢ көрсетілген зерттеу әдісі қандай?
*палпация
*офтальмоскопия
*+рентгенография
*гониоскопия
*биомикроскопия

#125
*!Төменде аталғандардан, алдыңғы камера бұршындағы өзгерістерді ЕҢ нақты анықтайтын зерттеу әдісі қандай?


*офтальмоскопия
*+гониоскопия
*биомикроскопия
*периметрия
*циклоскопия

#126
*!Төменде аталғандардан, біріншілік глаукомада соқырлықтың дамуына алып келетін ЕҢ ықтимал себеп


*тор қабықтың ажыралуы
*+көру нервінің семуі
*қарашықтың тарылуы
*көру нервінің қабынуы
*тор қабықтың дистрофиясы

#127
*!Теріскеннің рецидивінде қандай клиникалық анализді тапсырған ЕҢ көрсетімді?


*+қан мен зәрдегі қант мөлшері
*қандағы лейкоциттерді анықтау
*бауыр сынамаларын жүргізу
*сарыпқа қан тапсыру
*эритроциттердің тұну жылдамдығы

#128
*!Ер адам 45 жаста, жоғарғы қабағында ауырмайтын түзілімнің 5ай бұрын пайда болғанына шағымданды. Бір айдың ішінде түзілімнің өскенін байқаған. Объективті: қабақтың үштен бір бөлігінің шетінен 3 мм. аймақта көлемі 4мм. ауырмайтын түзілім анықталды, оның үстіндегі тері қозғалмалы, өзгермеген. Түзілімнің үстіндегі конъюнктива айқын қызарған. Көздің басқа бөліктері өзгермеген. VOD=1,0; VOS=1,0.


Қандай емдеу тактикасы ЕҢ дұрыс ?
*жергілікті антибиотиктер
*физиоем
*Вишневский майымен компресс
*сары сынап майы
*+хирургиялық ем

#129
*!28 жастағы бойжеткен қабақтарының үнемі қызаруына, қышуына, ашуына, бөгде зат тұрғандай сезімге шағымданды. Қарап тексергенде, қабақтардың қырлары қалыңдаған, қызарған. Кірпіктердің түптері үлкейген, цилиндрлік муфталар байқалады.


Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу жүргізген ЕҢ дұрыс?
*конъюнктиваның биомикроскопиясы
*+эпиляцияланған кірпіктердің микроскопиясы
*жағындыны бактериологиялық зерттеу
*муфталарды цитологиялық зерттеу
*жағындының бактериоскопиясы

#130
*!19 жастағы жасөспірімде салқындап ауырғаннан кейін, сол көзінің жоғарғы қабағы ісінген, қызарған, ауырады және көзден іріңді бөлініс ағады. Тексергенде, сол көздің жоғарғы қабағының сыртқы бөлігінде қимылы шектелмеген ауыратын түзілім байқалады. Жоғары қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, борпылдақ, жоғарғы қабақты айналдырып қарағанда кірпіктердің түбінде сарғыш түсті көлемі 2х2мм түзілім анықталды.


Қандай базисті терапия жүргізген ЕҢ дұрыс?
*антигистаминді
*анальгетиктер
*кортикостероидтар
*+антибиотиктер
*вирусқа қарсы

#131
*!Әйел 59 жаста, көзінің жиі қызаруына, дискомфортқа, қышуына, ашуына, қабақтың астында бөгде зат тұрғандай сезімге шағымданды. Биомикроскопияда конъюнктивалық қапшықта жіп тәріздес қоймалжың бөлініс анықталды. Конъюнктивалық қуысқа 1% флюоресцеин ерітіндісін тамызғанда, қасаң қабықтың эпителийінде нүктелі боялған аймақтар байқалады. Ширмер тесті 10мм.


Қандай дәрі тамызған ЕҢ дұрыс?
*антибиотиктер
*антисептиктер
*кортикостероидтар
*аллергияға қарсы
*+любриканттар

#132
*!Ер адам 25 жаста, екі көзінің ашуына және бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтарының жабысып қалуына шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған, екі жақтан басталған. Объективті: көздері ашық, кірпіктердің түбінде кепкен қабыршақтар, айқын конъюнктивалық инъекция, қабақтардың конъюнктивасы ісіңкі, көзден көп мөлшерде іріңді бөлініс.


Патогенетикалық бағытталған ем жүргізу үшін қандай зерттеу ЕҢ дұрыс?
*көздің УДЗ
*+бактериологиялық
*вирусологиялық
*рентгенологиялық
*генетикалық

#133
*!12 жастағы бала салқындап ауырғаннан кейін, сол көзінің жоғарғы қабағы айқын қызарған және ісінген, ауырады, көзден іріңді бөлініс ағады. Сол көздің жоғарғы қабағының сыртқы бұрышында қозғалмалы тығыздану пальпацияланады. Жоғарғы қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, борпылдақ. Жоғарғы қабақты айналдырып қарағанда, кірпіктік қырының шетінде көлемі 2х2мм сары түстес түзілім көрінеді.


Емдеу үшін қандай дәрі қолданған ЕҢ дұрыс?
*1% Атропин ерітіндісі
*1% Пилокарпин ерітіндісі
* 0,5% Тимолол ерітіндісі
*+0,3% Тобрекс ерітіндісі
*0,1% Дексаметазон ерітіндісі
#134
*!Ер адам 25 жаста, екі көзінің ашуына, бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтары ашылмай қалуына шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған, екі жақтан басталған. Объективті: көздері ашық, кірпіктерде кепкен қабыршақтар байқалады, айқын конъюнктивалық инъекция, қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, көзден көп мөлшерде іріңді бөлініс ағады.
Патогенетикалық бағытталған ем жүргізу үшін қандай дәрі берген ЕҢ дұрыс?
*вирусқа қарсы
*+антибиотиктер
*десенсибилизирлеуші
*глюкокортикостероидтар
*анальгетиктер

#135
*!Ер адам 45 жаста, жоғарғы қабағында ауырмайтын түзілімнің 5ай бұрын пайда болғанына шағымданады. Бір айдың ішінде түзілімнің өскенін байқаған. Объективті: қабақтың үштен бір бөлігінің шетінен 3 мм. аймақта көлемі 4мм. ауырмайтын түзілім анықталды, оның үстіндегі тері қозғалмалы, өзгермеген. Түзілімнің үсітіндегі конъюнктива айқын қызарған. Көздің басқа бөліктері өзгермеген. VOD=1,0; VOS=1,0.


Түзілімді ота жасап алып тастағаннан кейін қандай зерттеу жүргізу ЕҢ дұрыс?
*бакпосев
*цитологиялық
*+патогистологиялық
*рентгенологиялық
*биохимиялық

#136
*!Ер адам 25 жаста, қызаруына, екі көзінің ашуына және бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтарының жабысып қалуына шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған, оны жалпы салқындаумен байланыстырады. Объективті: көздері ашық, кірпіктердің түбінде кепкен қабыршақтар, айқын конъюнктивалық инъекция, қабақтардың конъюнктивасы ісіңкі, көзден көп мөлшерде іріңді бөлініс.


Қабақтардың конъюнктивасы мен күмбездердін нақты қарау үшін қандай зерттеу жүргізу ЕҢ дұрыс?
*визометрия
*+биомикроскопия
*офтальмоскопия
*гониоскопия
*циклоскопия

#137
*!Әйел 37 жаста, офтальмологқа сол көзінің нашар көретініне шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, көруі 10 күннің ішінде жәйлап төмендеген. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊ 1,0, ОS꞊ 0,05 түзетілмейді. Сол көз тыныш, алдыңғы бөлік өзгермеген, сындыру орталары мөлдір. Көз түбінде макулярлы аймақта сұр түсті, шекаралары анық емес, шыны тәрізді денеге проминенцияланатын ошақ анықталды. Ошақтың маңында майда қанқұйылулар бар. Сол көздің хориоретиниті деп диагноз қойылды.


Қандай ем қолданған ЕҢ мақсатқа сәйкес?
*+қабынуға қарсы
*антибактериалды
*лазерлі
*десенсибилизациялық
*хирургиялық

#138
*!Ер адам 26 жаста, офтальмологқа оң көзінің ауыруына, тітіркенуіне, қызаруына, көруінің төмендеуіне шағымданды. Ауырғанына бір апта болған. Тексергенде: көру жітілігі ОД ꞊ 0,1, көз тітіркенген, перикорнеальді инъекция, эндотелийде преципитаттар, қарашық тар, басқа өзгерістер жоқ. Сол көз сау.


Қандай емді бірінші кезекте қолданған ЕҢ мақсатқа сәйкес?
*қантамырларын кеңейтетін
*антибиотиктер
*сіңдіретін
*+мидриатиктер
*поливитаминдер

#139
*!Әйел 39 жаста, офтальмологқа оң көзінің көру жітілігінің төмендеуіне шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, ол үй жануарларын ұстайды. Тексергенде: көру жітілігі ОД ꞊ 0,2 түзетілмейді, ОS꞊ 1,0. Оң көз тыныш, алдыңғы бөлік өзгермеген, сындыру орталары мөлдір. Көз түбінде парамакулярлы аймақта қабыну ошағы анықталды. Айналасындағы тор қабық ісінген, шыны тәрізді денеге проминенцияланады.


Қандай емді бірінші кезекте тағайындаған ЕҢ мақсатқа сәйкес?
*антиоксидантты
*+антибактериалды
*десенсибилизирлеуші
*сіңдіретін
*стимуляциялайтын

#140
*!Әйел 45 жаста, офтальмологқа сол көзінің қызаруына, тітіркенуіне және көруінің төмендегенінен шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, ол жақында іріңді отитпен ауырған. Тексергенде: көру жітілігі ОД ꞊1,0, ОS꞊ 0,3 түзетілмейді. Көз тітіркенген, перикорнеальді инъекция, эндотелийде бірен-саран преципитаттар, қарашық тар. Сол көздің иридоциклиті деген диагноз қойылып, тобрамицин және дексаметозон дәрілері тағайындалды.


Дәрілерді қандай тәсілмен берген ЕҢ мақсатқа сай?
*көктамыр ішіне тамшылап
*көктамырға құю арқылы
*++парабульбарлы инъекци
*пероральді
*конъюнктивалық қапшыққа май

#141
*!Ер адам 28 жаста, офтальмологқа бірнеше күн бойы оң көзінің қызаруына және ауыруына шағымданды. Бехтерев ауруына байланысты есепте тұрады. Негізгі ауруының қайталағанын байқаған. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊ 0,8, ОS꞊ 1,0, көз тітіркенген, перикорнеальді инъекция, қарашық тар, 5сағ. тұсында артқы синехия.


Емді қандай маманмен бірге жүргізген ЕҢ дұрыс?
*уролог
*стоматолог
*+ревматолог
*эндокринолог
*кардиолог

#142
*!Бала 11 жаста, Стилл ауруымен есепте тұрады. Бірнше күн бұрын негізі ауруы өршіп, оң көзі қызарған. Офтальмологқа келген. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊ 0,7, ОS꞊ 1,0,оң көз тітіркенген, перикорнеальді инъекция, эндотелийде преципиттар, артқы синехия, терең бөліктер өзгеріссіз.


Емді қандай маманмен бірге жүргізген ЕҢ дұрыс?
*педиатр
*инфекционист
*+ревматолог
*стоматолог
*аллерголог

#143
*!Ер адам 32 жаста, офтальмологқа сол көзінің көруінің нашарларуына шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, ол үйінде мысық асырайды. Тексергенде: көру жітілігі оң көз 1,0, сол көз 0,3, көз тыныш, алдыңғы бөлік өзгермеген, сындыру орталары мөлдір. Көз түбінен парамакулярлы аймақта көлемі дискінің 1 диаметр өлшеміндей қабыну ошағы анықталды. Шыны тәрізді денеге проминенцияланады.


Қандай ем тағайындаған ЕҢ мақсатқа сәйкес?
*вирусқа қарсы
*саңырауқұлаққа қарсы
*+антибактериалды
*сіңдіретін
*лазерлі

#144
*!Жасөспірім 17 жаста, Бехчет ауруымен есепте тұрады. Негізгі ауруы өршіп, оң көзі ауырған. Жарты жыл бұрын сол көзі ауырған. Оң көзінің қызаруына, тітіркенуіне, ауыруына және көруінің төмендеуіне шағымданды. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊ 0,1, ОS꞊ 0,5. Көз тітіркенген, перикорнеальді инъекция, эндотелийде преципитаттар, алдыңғы камераның сұйықтығы лайланған, артқы синехиялар. Әйел көз бөлімшесіне жатқызылды, ем тағайындалды.


Емді қандай маманмен бірге жүргізген ЕҢ мақсатқа сәйкес?
*ревматолог
*инфекционист
*аллерголог
*кардиолог
*+уролог

#145
*!Әйел 56 жаста, офтальмологта 5 жылдан бері екі көзінен глаукома диагнозымен есепте тұрады. Гипотензивті тамшылар алады. Алынған емге қарамастан, оң көзінің көзішілік қысымы көтеріңкі.


Қандай ем ЕҢ мақсатқа сәйкес қажет?
*сәулемен
*жалпы дәрі-дәрмекпен
*+хирургиялық
*физиотерапиялық
*бальнеологиялық

#146
*!Ер адам 48 жаста, офтальмологқа оқтын-оқтын сол көзінде ауыру сезімінің болуына шағымданып келді. Қарағанда: екі көзінің де көру жітілігі 1,0, шеткі көруі қалыпты, көздің алдыңғы бөлігі өзгермеген, сындыру орталары мөлдір. Көз түбінде көру нерві дискінің экскавациясы 0,5. Көзішілік қысым Маклаков әдісімен ОД -27 мм.сын.бағ. ОS -20мм.с.б. Глаукома диагнозы қойылған.


Қандай ем ЕҢ мақсатқа лайық?
*+дәрі-дәрмекпен
*лазерлі
*физиотерапиялық
*хирургиялық
*комбинирленген

#147
*!Әйел 55 жаста, офтальмологта екі көзінен глаукома, бастапқы кезеңі диагнозымен есепте тұрады. Қарағанда: көру жітілігі ОU꞊ 0,8, көру кеңістігі қалыпты, алдыңғы бөлігі өзгермеген, гониоскопияда алдыңғы камера бұрышы ашық, көз түбінде көру нервінің экскавациясы 0,3-0,4. Көзішілік қысым 26-27 мм.сын.бағ.


Пациентке қандай дәрі тағайындау ЕҢ мақсатқа сай?
*диуретик
*миотик
*+β-блокатор
*мидриатик
*антибиотик

#148
*!Ер адам 58 жаста, офтальмологта 6 жылдан бері жабық бұрышыт глаукома диагнозымен есепте тұрады.


Бірнеше гипотензивті дәрілерді жергілікті тамшы түрінде қабылдағаны белгілі болды. Осыған қарамастан, оң көзінің көзішілік қысымы 32 мм.сын.бағ.
Қандай ем жүргізген ЕҢ мақсатқа сәйкес?
*дәрі-дәрмектермен
*физиотерапиялық
*ультрадыбысты
*+хирургиялық
*лазерлік

#149
*!Әйел 48 жаста, профилактикалық қарау кезінде сол көзінің көзішілік кысымы жоғары екені анықталған. Зерттеу нәтижесінде диагноз қойылды: Біріншілік ашық бұрышты глаукома, бастапқы кезеңі, көзішілік қысым орташа көтерілген.


Қандай емнен бастау ЕҢ мақсатқа сәйкес?
*гипотензивті хирургиялық
*дәрі-дәрмектермен β-блокатор
*+дәрі-дәрмекпен мидритик
*дәрі-дәрмек миотик
*гипотензивті лазерлі

#150
*!Ер адам 56 жаста, офтальмологқа көз алдында шыбын-шіркейлердің көрінуіне және оқтын-оқтын оң көзінің ауыру сезіміне шағымданып келген. Қарағанда: көру жітілігі


ОД꞊ 0,7, ОS ꞊0,9. Оң көзінің көру кеңістігі жоғарғы-ішкі квадрантында15˚ тарылған, сол көз қалыпты жағдайда. Алдыңғы бөлігі және сындыру орталары қалыпты жағдайда. Көз түбінде ОД экскавация 0,5-0,6. Көзішілік қысым ОД -35 мм.сын.бағ., ОS -19 мм.сын.бағ.
Қандай дәрілерді тағайындау ЕҢ мақсатқа лайық?
*дексаметазон
*+пилокарпин
*тимолол
*атропин
*левомицетин

#151
*!Әйел 51 жаста, пофилактикалық қарау кезінде оң көзінің көзішілік қысымының көтеріңкі екені анықталған. Зерттеулер толық жүргізіліп, диагноз қойылды: біріншілік ашық бұрышты глаукома, өршіген кезеңі, көзішілік қысым орташа көтерілген.


Қандай ем тағайындау ЕҢ мақсатқа лайық?
*хирургиялық
*лазерлік
*+дәрі-дәрмектермен
*комбинирленген
*физиоемдеу
#152
*!Ер адам 58 жаста, терапевтте гипертониялық ауру диагнозымен есепте тұрады. Профилактикалық қарау нәтижесінде сол көзінде көзішілік қысым жоғары екендігі анықталды. Зерттеулер толық жүргізіліп, біріншілік ашық бұрышты глаукома диагнозы қойылды. Жергілікті гипотензивті терапия тағайындалды: тамшы арутимол күніне 2 рет. Кейінгі бақылау кезінде көзішілік қысым тұрақталмады және 28 мм.сын.бағ. көтерілген.
Кейінгі ЕҢ ықтимал жүргізу тактикасы қандай?
* тамшыны 3ретке арттыру
*хирургиялық ем
*емге диуретик және Азопт қосу
*+емге простагландин Тафлотан қосу
*емді миотик Пилокарпинге ауыстыру

#153
*!Көздің химиялық күйігінде жедел көмек көрсету үшін, төменде аталған қандай әдісті қолдану ЕҢ дұрыс?


*хирургиялық өңдеу
*+көзді узақ уақыт сумен жуу
*бинокулярлы таңуды салу
*жағылма май жағу
*монокулярлы таңуды салу

#154
*!Жасөсіріпім 20жаста, көзінен жас ағуына, оң көзінің түйіліп ауыруына шағымданып келді. Анамнезінен белгілі болғандай, кеше бақшада жұмыс жасау кезінде ағаштың бұтағымен көзін зақымдап алған. Қарағанда: көру жітілігі ОД = 0,4 түзетілмейді, ОS=1,0. Объективті: ОД айқын қасаң қабықтық синдром, перикорнеальді инъекция, жанынан жарық түсіргенде қасаң қабықтың ортасы опалесценцияланады, оптикалық аймағы жылтырлығын жойған. Алдыңғы камераның тереңдігі орташа, біркелкі. Дәрігер конъюнктива қуысына 0,1% флюоресцеин ерітіндісін тамызды. Қасаң қабықта көлемі 2,0х1,5мм аймақ жасыл түске боялды.


Төменде аталған қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал?
*+қасаң қабықтың эрозиясы
*қасаң қабықтың жарақаттан болған ноғаласы (бельмо)
*қасаң қабықтың жылжымалы жарасы
*қасаң қабықтың тесіп өткен жарақаты
*қасаң қабықтың бітеу жарақаты

#155
*!Металл дәнекерлеуші 33 жаста, сол көзінен 6 ай бұрын өндірістік жарақат алған. Соңғы кездері жарақат алған көзінің нұрлы қабығының түсі сұр түстен қоңыр түске өзгергенін байқаған, көруі төмендеген. Жарақат алған кезде МСБ қаралған, ол жерде дәрігер альбуцид тамызып үйіне жіберген. Қосымша зерттеулер жүргізілмеген.


Қандай зерттеу жүргізу керек еді және ол орындалмады?
*баксебінді
*биомикроскопия
*периметрия
*+рентген
*оптикалық когерентті томография

#156
*!Науқаста оң көзі склерасынын тесіп өткен жарақатын алған. Біріншілік хирургиялық өңдеуден кейін бір ай өткен соң көру төмендеген. Объективті: ОД=0,2 түзетілмейді, КІҚ=18 мм сын бағ. Көз тыныш, сипағанда ауырмайды, қасаң қабық мөлдір, алдыңғы камера тереңдігі орташа, нұрлы қабық өзгермеген, қарашық домалақ пішінді, рефлекс сары-жасыл түсті.


Қандай тәсіл бұршақты зерттеуде ЕҢ ықтимал?
*офтальмоскопия
*циклоскопия
*+биомикроскопия
*ультрадыбыс
*рентген

#157
*!Симпатикалық офтальмияны алдын алу үшін, төменде аталған қандай емдеу әдісі ЕҢ мақсатқа сай?


*+дезинтоксикациялық терапия
*күшті антибактериалды терапия
*жарақаттанған көзді энуклеация жасау
*қабынуға қарсы терапия
*десенсибилизациялаушы терапия

#158
*!49 жастағы слесардің көзінде металдық бөгде дене бары және гемофтальм анықталған, көзді тесіп өткен жарақат.


Төменде аталған қандай зерттеу әдісі ары қарай хирургуялық ем жүргізуге ЕҢ толық ақпарат береді?
*офтальмоскопия
*+рентгенлокализация
*гониоскопия
*диафаноскопия
*биомикроскопия

#159
*!Ер адам 45 жаста, жарықтан қорқуға, блефароспазм және сол көзінде бөгде заттың болуына шағымданады. Бұл белгілер көзіне ағаш бұтағымен жарақат алған соң пайда болған. Жедел жәрдем бригадасы , шұғыл хирургия бөліміне қасаң қабықтың өтпелі жарақаты диагнозымен жеткізген.


Төменде аталған қандай белгі хирургиялық өңдеуді қажет етпейтінін ЕҢ объективті анықтайды?
*+жараның көлемі 1,5 мм, шеттері жақсы адаптацияланған
*жараның көлемі 4,0 мм , шеттері жақсы адаптацияланған
*алдыңғы камера саяз, нұрлы қабық жараға қыстырылған
*алдыңғы камера саяз, нұрлы қабық жараға қыстырылмаған
*жараның көлемі 3,0мм., шеттері адаптацияланбаған

#160
*!Жасөспірім 16 жаста, көзінен жарақат алған (кастетпен ұрған). Объективті: қабағы кесілген, маңдай аймағында жыртылған жарақаттар.


Офтальмологиялық аурухана жағдайында, төменде аталған қандай емдеу әдісі ЕҢ бірінше кезекте қолданылады?
*күшті антибактериалды ем
*+біріншілік хирургиялық өңдеу
*қабынуға қарсы ем
*кейінге қалдырылған хирургиялық өңдеу
*гемостатикалық терапия

#161
*!Көздің өтпелі жарақатының салыстырмалы белгілері болғанда, төменде аталған қандай зерттеу әдісін жүргізу ЕҢ қажет?


*+қаңқасыз рентгенография
*периметрия
*циклоскопия
*тонометрия
*рентгенлокализация

#162
*!Комберг-Балтин протезін төменде аталған қандай мақсатта ЕҢ нақты қолданады?


*көзішілік бөгде дененің бар- жоғын анықтау үшін
*+бөгде дененің рентгенорналасуын анықтау үшін
*ота барысында шыны тәрізді дененің шығып кетуін алдын алу үшін
*косметикалық мақсатта көзді протездеу
*орбитаның шолу көрінісін жасау үшін

#163
*!Әйел 23 жаста жарақаттан кейінгі баяу ағымды увеит, жарақат алғаннан кейін 1 жылдан соң электрофизиологиялық зерттеу жүргізгенде, екінші сау көзінде симпатизация белгілері болды.


Симпатикалық офтальмияны алдын алу үшін, төменде аталған қандай емдеу әдісі ЕҢ мақсатқа сай?
*дезинтоксикациялық терапия
*күшті антибактериалды терапия
*+жарақат алған көзді энуклеация жасау
*қабынуға қарсы терапия
*десенсибилизациялаушы терапия

#164
*!Әйел 46 жаста, көзішілік қысым жоғары және жетілген катаракта бар.


Бұршақтың ісінуі бар –жоқтығын анықтау үшін қандай зерттеу тәсіл ЕҢ қажет?
*гониоскопия
*биомикроскопия
*офтальмоскопия
*ультрадыбысты В скан
*+ультрадыбысты А скан

#165
*!Қандай зерттеу әдісі бұршақтың шыны тәрізді денеге дислокациясын ЕҢ нақты анықтайды?


*гониоскопия
*биомикроскопия
*офтальмоскопия
*+ультрадыбысты В скан
*ультрадыбысты А скан

#166
*!Бұршақтың алдыңғы камераға дислокациясын ЕҢ нақты анықтауға болатын зерттеу әдісі кандай?


*гониоскопия
*+биомикроскопия
*офтальмоскопия
*ультрадыбысты В скан
*ультрадыбысты А скан

#167
*!Ер адам 52 жаста, көзінде жетілген катаракта анықталды.


Бұршақтың жағдайын анықтау үшін ЕҢ көп ақпарат беретін зерттеу әдісі қандай?
*+биомикроскопия
*жарық енгізіп зерттеу
*жанынан жарық түсіру
*гониоскопия
*рентгендиагностика

#168
*!Бұршақты алып тастау тәсілдерінен ЕҢ заманауи әдіс?


*катарактаның интракапсулярлы экстракциясы
*+ИОЛ қондырумен факоэмульсификациясы
*ИОЛ қондырумен экстракапсулярлы экстракция
*бұршақтың реклинациясы
*қасаң қабықтық тілік арқылы экстракапсулярлы экстракция

#169
*!Ер адам 47 жаста, бастапқы сатыдағы катаракта анықталды.


Бұршақтың бұлыңғырлануын тежеу үшін ЕҢ мақсатқа сай шара қандай?
*көзәйнекпен түзетулер жасау
*мидриатиктер тағайындау
*+зат алмасуды жақсартатын заттар тағайындау
*хирургиялық ота тағайындау
*антибиотик тағайындау

#170
*!Жастың ұлғаюына байланысты катарактаның қандай сатысында консервативті ем тағайындалуы ЕҢ ықтимал?


*+бастапқы
*жетілмеген
*ісінген
*өте жетілген
*жетілген

#171
*!Ер адам 45 жаста, катарактаны факоэмульсификациялаумен ИОЛ имплантация жасаған соң 2 айдан кейін, ота жасалған көзінің көруі төмендеген. Объективті: қасаң қабық мөлдір, алдыңғы камера орташа тереңдікте, сұйықтық мөлдір, ИОЛ дұрыс орналасқан, артқы капсула бұлыңғыр, тереңде орналасқан бөлімдері көрінбейді.


Төменде аталған диагноздың ЕҢ дұрысы?
*+екіншілік катаракта
*шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы
*артқы капсулярлы катаракта
*өте жетілген катаракта
*факоморфиялық глаукома

#172
*!Ер адам 50 жаста, катарактаны факоэмульсификациялаумен ИОЛ имплантация жасалған. 4 айдан кейін ота жасалған көзінің көруі төмендеген. Объективті: қасаң қабық мөлдір, алдыңғы камера орташа тереңдікте, сұйықтық мөлдір, ИОЛ дұрыс. орнасқан, артқы капсула бұлыңғыр, тереңдегі бөлімдері көрінбейді. Екіншілік катаракта диагнозы қойылған.


Төменде аталған емдеу әдістерінен ЕҢ мақсатқа сай?
*қайтадан катарактаның экстракциясы
*сіңдіретін терапия
*қабынуға қарсы ем
*физиоем
*+артқы қапсуланың лазердисцизиясы
#173
*!Ер адам 55 жаста, жетілген катарактамен иридофакоденез анықталған.
Катарактаны экстракциялау тәсілінің қандай түрі ЕҢ көрсетімді?
*+интракапсулярлы
*экстракапсулярлы
*факоэмульсификация
*реклинация
*факоаспирация

#174
*!Әйел адам 67 жаста, сол көзінің ауыруына, лоқсу және құсуына шағымданды. Көзі күйзелістен кейін ауыра бастаған. Объективті: КІҚ ОД –19мм.с.б. OS-47мм.с.б.


Сол көз – көз алмасының айқын іркіліс инъекциясы, қасаң қабық ісінген, алдыңғы камера саяз, қарашық кеңейген 5 мм, пішіні өзгерген овальді, көз түбінен рефлекс көмескі-қызғылт түсте, көру нерві дискі туманда көрінеді.
Қандай дәріні қолдану жедел көмек көрсетуде ЕҢ тиімді?
*Анальгин 5% -2,0 б/е
*Ношпа 2%-2,0 б/е
*Атропин 1% көзге тамызу
*+Пилокарпин 1% көзге тамызу
*Альбуцида 30% көзге тамызу

#175
*!Әйел адам 50 жаста, сол көзінің көруінің кейінгі үш жыл ішінде біртіндеп, ауырусыз төмендеуіне шағымданып келген. Қарау кезінде көру жітілігі OS-0,1 түзетілмейді. Объективті: OS-нурлы қабық стромасында субатрофия; көз түбінде экскавацияның көру нервіне қатынасы Э/Д OS-0,8-0,9; Сол көзінің көру жітілігі жоғарғы-ішкі квадрантында перифериялық шекарасы фиксация нүктесінен 15 градус. Көз ішілік қысым Маклаков әдісімен OS-25 мм.с.б.


Қандай зерттеу тәсілі глаукоманың түрін анықтауда ЕҢ мақсатқа сай?
*периметрия
*УЗИ
*тонометрия
*+гониоскопия
*циклоскопия

#176
*!Әйел адам 50 жаста, сол көзінің және басының сол жақ бөлімі ауыратынына шағымданады. Көз алды қарауытады, кемпірқосақ тәрізді шеңберлер көрінеді, лоқсу және құсу мазалайды. Ауыру эпигастралді аймаққа беріледі.


Аталғандардан ЕҢ болуы ықтимал алды-ала диагноз қандай?
*жедел иридоциклит
*тор қабық артериясының жедел түйілуі
*көру нерві жедел невриті
*+глаукоманың жедел ұстамасы
*жедел конъюнктивит

#177
*!Дәрігер-офтальмологқа 58 жастағы ер адам, екі көзінің де көзалдының таңертең қараутуына шағыммен келді.


Алдын-ала диагноз қоюда, қандай диагностикалау әдісі ЕҢ көп ақпарат береді?
*скиаскопия
*биомикроскопия
*рефрактометрия
*диафаноскопия
*+тонометрия
#178
*!Ер адам 68 жаста, көрудің екі көзде біртіндеп төмендеуіне, әсіресе сол көзде төмендеуіне шағыммен келді. Объективті: Vis OD= 0,9; КІҚ=19 мм.с.б. Vis OS=0,02 түзетілмейді; КІҚ=18 мм. С.б. OU: қасаң қабық мөлдір, алдыңғы камера орташа тереңдікте. Нұрлы қабықтың түсі өзгермеген. Қарашықты кеңейткен соң бұршақ диффузды бұлыңғыр, көз түбі көрінбейді.
Жоспарланған отаның функциональді болжауын бағалауы ЕҢ ықтимал, зерттеу әдісі қандай?
*көздің УДЗ
*скиаскопия
*биомикроскопия
*+электрофизиологиялық
*офтальмоскопия

#179
*!Әйел адам 59 жаста, оң көзінде ауыру сезімі, қызару және көруі төмендеуіне шағыммен офтальмологқа келді. Қарағанда: ОД аралас инъекция, қасаң қабықтың артқы бетінде преципитаттар, қарашық тар, артқы шеткейлік синехия, нұрлы қабық бомбажы. Көру жітілігі ОД=0,5 түзетілмейді. КІҚ ОД=35 мм.с.б.; OS= 21 мм.с.б. Көру кеңістігі OU өзгермеген.


Қандай емдеу тактикасы ЕҢ мақсатқа лайық?
*Пилокарпин 1%, Дексаметазона 0,1% тамшыларын тағайындау
*+Атропина 1% және Дексаметазона 0,1% тамшыларын тағайындау
*экстакапсулярлы катарактаның экстракциясы
*Пилокарпина 1% және Ципрпомеда 0,3% тамшыларын тағайындау
*синустрабекулэктомия

#180
*!Ер адам 65 жаста, екі көздің көруі біртіндеп, сол көзде көбірек төмендеуіне шағымданып келді. Объективті: Vis OD= 0,9; КІҚ=19 мм.с.б. Vis OS=0,09 к/б; КІҚ=18 мм с.б. OU: қасаң қабық мөлдір, алдыңғы камера орташа тереңдікте. Нұрлы қабықтың түсі өзгермеген. Қарашықты кеңейткен соң бұршақ орталық және төменгі бөлігі бұлыңғыр, көз түбі перифериядан рефлексі жақсы көрінеді. Көз түбі көрінген жері патологиясыз.


Пациентке қандай ота ұсынған ЕҢ мақсатқа лайық?
*катарактаның интракапсулярлы экстракциясын
*катарактаның экстракапсулярлы экстракциясын
* катарактаны криоэкстракциясын
*+катарактаның факоэмульсификациясын
*катарактаны факоаспирациясын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет